Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Тараз қаласында адвокаттың көлігіне оқ атылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Лола Врублевскаяның айтуынша, ол көлігіне жақындап келе жатқанда оқ дауысына ұқсас дыбыс естіген. Айналасында ешкім болмаған. Кейін көлігінің терезесінде тесік пайда болғанын көріп, бірден полиция шақырған.
Полиция атылған қарудың емес, рогатканың оғы дейді.
"Бөтеннің мүлкін бүлдіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері екі құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар рогаткамен оқ атып ойнаған, абайсызда оқ көліктің терезесіне тиген", - дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.
Полиция жалған ақпаратқа сенбеу қажеттігін ескертті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:97
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 12:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















