Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Тасқын қаупі: Жайық жағасы бекітіліп жатыр

Тасқын қаупі: Жайық жағасы бекітіліп жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атырау облысының Махамбет ауданында тасқыннан қауіп төнген елді мекендерді қорғау шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Биыл көктемде арнасынан асқан Жайық өзені бірнеше ауылға қатер төндіргеннен кейін өңірде шұғыл инженерлік жұмыс қолға алынды. Қазір ауданға қарасты екі ауылда жағалауды нығайту жұмысы жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, кезекте тағы үш ауылдық округ бар. Махамбет ауылының тұсындағы Жайық жағасының 4,7 шақырымы бекітіледі. Жоба қараша айының соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Ауқымды құрылысқа жалпы 33 млрд теңге қажет. Бүгінге дейін оның 17 млрд теңгесі игерілді.

Махамбет селосын тасқыннан қорғауға арналған ұзындығы 5 шақырымға жуық жаға бекіту жұмысы 90% аяқталған. Енді жағалауды абаттандырып, жаяу жүргіншілер жолы мен жарық шамдар орнатылып жатыр. Құны 17 млрд-тық жоба жыл аяғына дейін мәреге жетуі тиіс.

Сергей Пак, мердігер мекеменің өкілі:

- Жаға бекітуге осы заманғы ең озық технология мен материалдарды қолданып жатырмыз. Габиондық материалдың биіктігі 7 метр. Ол суға да, сыртқы әсерге де төзімді. Бөгет жер деңгейімен теңестірілгенде жағалау толықтай абаттандырылады.

Соңғы 15 жылда Жайық өзені арнасын оңтүстіктен терістікке қарай 70 метрге дейін өзгерткен. Салдарынан ондаған ауылға қауіп төнді. Әсіресе 2024 жылы осы Махамбет ауданында көптеген ауыл су қоршауында қалған болатын. 

2024 жылы жоғарыдан аққан Жайық өзені Махамбет ауданының тұсында 9 метрге дейін көтерілген болатын. Ауданға қарасты 11 ауылдық округті су қоршады. 30 жылға жуық судан қауіп күтпей келген өңір әбігерге түсті. Әсіресе аудан орталығы Махамбет селосы мен Алға ауылы көптің күшімен аман қалған еді. Сонан кейін барлық елді мекенде бөгет салу жұмыстары басталды.  

Асылхан Шакимов, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда ең негізгі деп ең қауіп төндірген осы Махамбет пен Алға ауылының жаға бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Ал болашақта негізінен қауіпті деген Талдыкөл ауылы және Есбол ауылының жобалау сметалық құжаттамалары дайын тұр. Талдыкөл ауылына конкурс ұйымдастырып, мердігер мекемені анықтап қойдық.

Келесі жылы жоба бойынша 16 млрд теңгеге Жайық өзені бойындағы тағы 3 ауылда бөгет тұрғызу жұмыстары жалғасады. Себебі тілсіз жаудың қашан тап берерін күтсек, өзен бойындағы 32 мыңнан астам тұрғыны бар 11 ауыл қорқынышпен күн кешері анық.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары