Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар халықаралық хакатон жеңімпаздары анықталды

Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар халықаралық хакатон жеңімпаздары анықталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

21-22 қараша аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар» тақырыбында халықаралық хакатон өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар хакатон Президенттің жыл сайынғы Жолдауында көрсетілген цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты тапсырмаларды жүзеге асыруға үлес қоспақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба Түркия Республикасының Нийде Өмер Халисдемир университеті және Нийде технопаркімен жасалған екіжақты келісім аясында өтті.

Хакатонның ашылуында Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Сәбит Суатай сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.

«Хакатон – сайыс қана емес, инновация мен шығармашылықтың мерекесі. Біздің университет жасанды интеллект, цифрлық педагогика, IT және EdTech бағыттарында маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Сондықтан бұл хакатон біздің стратегиялық мақсаттарымызға толық сай келеді», – деді Сәбит Құрманжанұлы.

24 сағаттық жарыстың басты мақсаты – қысқа мерзім ішінде топтық жұмыс арқылы инновациялық бағдарламалық шешімдер әзірлеу. Биылғы додаға еліміздегі онға жуық жоғары оқу орнынан 26 команда қатысты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыны жоғары жылдамдықты интернетпен, жұмыс орындарымен, электр қуатымен қамтамасыз етіп, тамақ пен сусындарды тегін ұсынды.

«Біз бұл шараны тек жарыс ретінде емес, жаңа кезеңге бастайтын, жаңа мүмкіндіктерге жол ашар баспалдақ деп қараймыз. Сондықтан да хакатонға қатысқан әрбір қатысушыны жеңімпаз деп есептейміз. Осы шараның арқасында алда талай жеңістердің есігі ашылады деген ойдамын. Нийде Өмер Халисдемир университеті тарапынан да ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін қадамдар жасалып жатыр», – деді Нийде Өмер Халисдемир университеті, Компьютер және ақпараттық ғылымдар факультетінің деканы, доктор Алпер Айтекін.

Хакатонның соңында командалар өз жобаларын QyzPU, Нийде Өмер Халисдемир университеті және Нийде технопаркінің өкілдерінен тұратын қазылар алқасына ұсынды. Бағалау нәтижесінде бірінші орынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  NSA  командасы ие болды. Екінші орынға екі команда – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің және Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінің командасы лайық деп танылды. Ал үшінші орын М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің, Алматы Технологиялық университетінің және QyzPU командаларына берілді. 

Жеңімпаз атанған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  NSA командасы өз қуаныштарымен бөлісті.

«Алдыңғы жылы да қатысып, 3-орынды иеленген едік. Биыл қауіпсіздік мәселесі өзекті болғандықтан, осы кейсті таңдадық. Үшеуміз міндеттерді өзара бөлісіп алып, 24 сағат бойы бар күшімізді салып жұмыс істедік. Алдағы уақытта жасанды интеллект бағытында тәжірибемізді одан әрі дамытқымыз келеді. Түркияға бұдан да жақсы дайындықпен баруды жоспарлап отырмыз. Университетіміздің атын шығарып, үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенеміз», – деді топ мүшесі, 4-курс студенті Назерке Тұрғанбек. 

Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталып, бірінші орын иегеріне қосымша Түркиядағы Нийде технопаркінің акселерациялық бағдарламасына қатысу сертификаты ұсынылды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары