Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Технологиялық таланттардың тынысы

Технологиялық таланттардың тынысы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанның ІТ нарығы Rising Stars санатындағы ең қарқынды дамып келе жатқан үздік экожүйелер ондығына кірді. Бұл көрсеткіш еліміздің инвестициялық тар­тымдылығының артып келе жатқанын және өңірдегі технологиялық хаб ретіндегі орнының нығайғанын айғақтайды. Отан­дық технологиялық экожүйенің мұндай жоғары деңгейде мойындалуы еліміздің технологиялық секторының жаһандық нарықтағы толыққанды ойыншыға айнал­ып келе жатқанын көрсетеді. 

Толағай табыс

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметіне назар аударсақ, кейінгі 5 жылда IT-қызметтер экспорты 15 есеге өсіп, IT нарықтың кірісі жылына 2 трлн теңгеге жеткен. Сәйкесінше, салаға кәсіби біліктілігі жоғары IT маман­дарына сұраныс күн санап артып келеді. Ашық ақпарат көздеріндегі дерек бойынша, қазір елімізде шамамен 50 мыңға жуық IT маман жетіспейді. Түйткілді мәселені шешу мақсатында Үкімет IT саладағы кадрларды даярлау және оқыту жоспарын іске асыру­ды бастады. Бұл жоспардың мақсаты – бағдарламашылар мен әзірлеушілер тап­шы­лығын жою және IT қызметтерінің экспортын ұлғайту. Ranking.kz мәлімет­теріне сүйенсек, Қазақстан 100 мың IT маман даярлауды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша, 2029 жылға қарай жылына 40 мың маманға дейін даярлау көзделген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жақында елімізде тапшы ма­ман­дықтар тізімін қазіргі 51-ден 174 маман­дыққа дейін кеңейтті. Бұл шешім министрліктің хабарлауынша, Президенттің миграциялық саясатты замандастыру және жұмыс күші жетіспеушілігін шешу туралы Жарлығына сәйкес қабылданды. Жаңа кеңейтілген тізімге ақпараттық тех­ноло­гиялар, денсаулық сақтау, білім және мә­дениет саласындағы мамандар кіреді. Бұл салалар елімізде жұмыс күші жетіспеуші­лігі ерекше өткір мәселе саналады. Сонымен қатар аталған минис­тр­лік кадр тапшылығын шешу үшін шетелдік қызметкерлерді тарту бағытына да назар аударып отыр. Мәселен, елімізге шетелдік мамандарды тарту және олардың қоныс аудару процесін жеңілдету мақсатында 2024 жылы Digital Nomad Visa және Digital Nomad Residency бағдарла­малары іске қосылды. Бұл бастамалар жоғары білікті цифрлық мамандарды тар­туға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған. Astana Hub мүшелерін қолдау кеңсесінің директоры Нұрмахан Закариннің айтуын­ша, Digital Nomad Residency пилоттық жобасы «цифрлық көшпенділерге» жай ғана жеңілдетілген келу мүмкіндігін емес, аймақтағы ең серпінді технологиялық эко­­жүйе­лердің біріне толыққанды интегра­циялануды ұсынады.

– Бағдарламаның басты мақсаты – шетелдік IT-мамандарды, стартаптар мен технологиялық компанияларды Қазақ­станға тарту арқылы елімізді жетекші аймақ­тық IT-хабқа айналдыру. Қазақстан қазір Орталық Еуразияның жетекші тех­нологиялық хабы ретіндегі статусын нығайтуда. Осы трансформацияның негізгі құралдарының бірі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2025 жылғы қаңтарда іске қосылған Digital Nomad Residency бағдарламасы. Бұл бастама жасанды интеллект, Big Data және ақ­параттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік де­ңгейдегі сарапшыларды тартудың қуатты тетігіне айналды.

Бағдарлама «цифрлық көшпенділерге» жай ғана жеңілдетілген келу мүмкіндігін емес, аймақтағы ең серпінді технологиялық экожүйелердің біріне толыққанды интегра­циялануды ұсынады. Қазақстандық фор­мат­тың бірегейлігі – ІТ-мамандардың шетелдік және жергілікті компаниялармен жұмыс істеп, біздің ортақ ІТ-қауымдас­тықтың бір бөлігі бола алатын барынша ашық юрисдикция құруында. Қатысушылар отбасы мүшелері үшін тұрақты тұру рұқсатын алып, Astana Hub арқылы 0% салық режимін­де өз компанияларын тіркеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жоба Trusted Kazakhstan концепциясының бір бөлігі, – деді маман.

Сонымен қатар Үкімет 2026 жылы елдегі жұмыс күшінің жалпы санының 0,25% құрайтын шетелдік жұмыс күші квотасын бекітті. Квотаның бөліну ретіне көз жүгіртер болсақ, аға басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 726 рұқсат, бөлімшелер басшылары үшін 3 402 рұқсат, мамандар үшін 5 893 рұқсат және білікті жұмысшылар үшін 3 131 рұқсат беру қа­рас­тырылыпты. Ал маусымдық жұмыс­шылар үшін 4 994 рұқсат беріліпті.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бізге берген мәліме­тін­ше, қазір Astana Hub резидент-ком­пания­­лары 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, оның ішінде 4 000-ға жуық шетелдік IT мамандарды жұмысқа тартқан. Барлық 2 311 резидент-компанияның 509-ы, яғни шамамен 22%-ы шетелдік қатысуы бар ұйымдар қатарында.

«Цифрлық көшпенділер» ағыны

Сарапшылардың пікірінше, «цифрлық көшпенділердің» Қазақстанға келуіне экономика жағдайы, даму стратегиялары, жергілікті деңгейде технологиялық құзы­рет­тіліктердің болуы және басқа да әлеу­меттік-экономикалық факторлар ықпал етуде. Олар еліміздің ақпараттық техно­логиялар секторының өсіп-өркен­деуімен қатар, инновацияларды ынталан­дырудың бірегей мүмкіндіктеріне қызығу­шылық танытып отырған көрінеді.

– Қазір жасанды интеллект, финтех, киберқауіпсіздік және cloud computing бағыттарына деген сұраныс жоғары. Шетелдік мамандардың біздің елді таң­дауына Astana Hub резиденттеріне арналған 0% салық режимі, компания тіркеудің жеңілдетілген әрі жылдам тетіктері, Қазақстанның бейтарап халықаралық мәртебесі, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық географиялық орналасуы тікелей әсер етеді. Бұл фак­торлар оларға Орталық Азия мен Қытай нарықтарына еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деді Н.Закарин. 

Сонымен қатар маманның пікірінше, шетелдік мамандарға отандық мамандармен салыстырғанда ешқандай артықшылық беріліп отырған жоқ. Біздің еліміз тарапы­нан олар берілген ең басты кепілдік – қауіпсіздік пен елімізде алаңсыз тұруға және еңбек етуге деген мүмкіндіктің болуы.

– Шетелдік мамандар үшін ешқандай арнайы артықшылықтар қарастырылмаған. Олар Astana Hub жергілікті резиденттерімен бірдей салықтық және құқықтық жағдайда жұмыс істейді. Шетелдік сарапшыларды тартудың негізгі мақсаты – нарықтың жалпы дамуына серпін беру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті маман­дармен тәжірибе алмасу үдерісін күшейту. Біз талантты әрбір маманның өз әлеуетін дәл осы жерде іске асырып, қазақстандық экономикаға үлес қоса алатын орта құруға ұмтыламыз, – деді маман.

Жалпы айтар болсақ, 2050 жылдарға дейінгі еңбек нарығы туралы болжам­дарында  Президент жанындағы Қазақ­станның стратегиялық зерттеулер инсти­туты қызық деректер ұсынады. Мәселен, ҚСЗИ экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы Анна Альшанская: «Біздің айналамызда іс жүзінде қарама-қайшы демографиялық траекториялар қалыптасқан» деген көзқарасын алға тар­тады. Оның болжамынша, бір жағы­нан – Ресей мен Қытай, онда халықтың қартаюы мен санының азаюы күшейіп жатыр. Екінші жағынан – жастар үлесі жоғары әрі халық саны өсіп жатқан Орта­лық Азия елдері бар.

– Жұмыс орындарының тапшылығы жағдайында Қазақстан өңірдегі баламалы тартылыс орталығы ретіндегі рөлін біртіндеп күшейтіп келеді. Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінен Қазақстанға келушілер саны айтарлықтай артты. Көші-қон, экономикалық және демогра­фиялық саясатты және қазіргі трендтерді ескере отырып алдын ала жоспарлау маң­ыз­ды. Қазақстан таланттарды тартатын өңірлік орталық ретінде проактивті пози­ция ұстанып, өз азаматтары үшін де, мигрант жұмыс күші үшін де мүмкіндіктер аймағы ретінде дамуы қажет, – дейді Анна Альшанская.

Ал еліміздің еңбек нарығына шетелдік білікті мамандардың келуі кадр тапшылығы мәселесіне әсер етіп қана қоймай, отандық ІТ мамандар үшін  бәсекелестікті арттыра­ды деп болжанған. Сарапшылардың пі­кірі­нше, олардың біздің елге көптеп келуі осы саладағы отандық мамандардың жұмыспен қамтылуына әсер етпей қой­май­ды. Сол сияқты жетілдірілген әлеу­меттік интеграцияны талап ететін тілді­к және мәдени айырмашылықтарға байлан­ысты әлеуметтік-мәдени қайшылықтар туындауы мүмкін. 

Алайда Astana Hub мүшелерін қолдау кеңсесінің директоры Нұрмахан Закарин­нің айтуынша, маңызды инфрақұрылым мен стратегиялық нысандарға қолжетім­ділік арнайы заңнамамен реттеледі. Сондықтан шетелдік мамандардың келуі ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді деуге негіз жоқ.

– Бұл мәселе мұқият бақылауда. Бағ­дарламаның барлық қатысушысы міндетті тексеруден өтеді, оған құжаттарды растау, онлайн сұхбат, мемлекеттік органдардың тексерісі және биометриялық деректерді жинау кіреді. Маңызды инфрақұрылымға қол жеткізу мәселесі арнайы заңнамамен реттеледі және бұл Astana Hub резиденті болу-болмауына тәуелді емес. Мамандар мемлекеттік емес, тек коммерциялық сек­торда жұмыс істеу үшін тартылады, – деді маман. 

Қорыта айтқанда, Қазақстанның ІТ нарығы бүгінде өңірлік деңгейден асып, халықаралық технологиялық кеңістікте өз орнын қалыптастырып келеді. Дегенмен бұл үдеріс еңбек нарығындағы бәсеке­лес­тіктің күшеюі, әлеуметтік бейімделу және ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен қатар жүреді. Сондықтан еліміз үшін халы­қаралық таланттарды тарту мен жер­­гілікті кадрлық әлеуетті дамытудың арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, цифрлық эконо­миканың тұрақты әрі қауіп­сіз дамуын қамтамасыз ету маңызды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары