Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Теңізшевройл қазақстандық қамту үлесін 71% дейін жеткізді

Теңізшевройл қазақстандық қамту үлесін 71% дейін жеткізді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«Теңізшевройл» серіктестігі қазақстандық қамту үлесін 71 пайызға дейін жеткізді.

Бұл компанияның отандық жеткізушілермен әріптестікті кеңейту бағытындағы тарихи көрсеткіші.  «Теңізшевройл» елдегі ең ірі жергілікті тауар сатып алушы кәсіпорын саналады. Биылдың сегіз айында компания отандық өнімдер мен қызметтерді сатып алуға 270 миллионнан астам доллар жұмсаған.

Ақтаудағы биылғы Мұнай-газ машина жасау форумы дәстүрлі түрде «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен өтті. Шара жергілікті өндірушілердің әлеуетін көрсетіп, олардың ірі жобаларға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Форум аясында отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынған ауқымды көрме өтті.

Әлия Жұманова, "Corrocoat Caspian" ЖШС Бас директоры:

- Біз «Теңізшевройлдың» талаптарына сай құзыретті жеткізуші ретінде сертификат алдық. Компания біздің техникалық мүмкіндігімізді арттыруға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде мұнай-газ саласына арналған коррозияға төзімді жаңа материал түрлерін өндіруді жолға қойдық. Қазір зауыт жылына 1 миллион литрге дейін химиялық өнім шығарады.

Былтырғы форум нәтижесінде «Теңізшевройл» тоғыз отандық өндірушімен меморандумға қол қойған еді. Олардың төртеуі техникалық біліктіліктен сәтті өтіп, жарылысқа төзімді құрал-жабдықтар, фланецтер, фитингтер, сорғылар мен басқару шкафтарына ресми түрде тапсырыс алды. Қалған компаниялар да «Теңізшевройлдың» мақұлданған жеткізушілер тізіміне ену үшін техникалық сәйкестік рәсімдерінен өтіп жатыр. 

Көңілқош Сүйесінов, "Теңізшевройл" Бас директорының орынбасары:

– Биылғы форум нәтижесінде жергілікті өндірушілермен жалпы құны 150 миллион доллар болатын сегіз келісімшартқа қол қойылды. Сонымен қатар төрт компаниямен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжаттар аясында олар біздің жобаларымызға қажетті жабдықтар жеткізеді. 

«Теңізшевройл» 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Компания осы уақыт ішінде мемлекеттік бюджетке 206 миллиардтан астам доллар аударған. Бұған қоса, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 51,4 миллиард доллар жұмсады. Тек былтырдың өзінде  16 отандық өндіруші техникалық біліктіліктен өтті. Ал 2025 жылдың басынан бері қазақстандық қамтуды дамытуға 1 миллиард доллар инвестиция бөлінді. 

Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев, Саламат Бекбаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 19:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары