Трамп изобразил Венесуэлу 51 м штатом США и вновь обратился к Гренландии
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Венесуэланы АҚШ-тың жаңа, 51-штаты ретінде көрсеткен жазба жариялады. Тағы бір жазбасында бұған дейін талай рет сөз еткен Гренландияға "сәлем жолдады", деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жарияланған суретте Оңтүстік Американың картасы берілген. Онда Венесуэла АҚШ туының түстерімен боялып, 51-штат деп белгіленген. Қазір АҚШ құрамында 50 штат бар.
АҚШ президенті осыған ұқсас жазбаны биыл мамырда да парақшасына жариялаған.
Трамп бұл жолы да ешқандай пікір жазбаған.
Сондай-ақ Дональд Трамп тау арасынан Гренландия табиғатына көз салып тұрған өзі бейнеленген фотоколлаж жариялады.
"Сәлем, Гренландия!" - деп жазылған суретте.
Мәселен, қаңтарда Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда сөз сөйлеген АҚШ президенті Гренландияны сатып алу жөніндегі келіссөздерді дереу бастағысы келетінін мәлімдеген.
"Осындай алып аумақты қорғай алатын жалғыз ел - АҚШ. Бұл біз үшін тиімді, ал Еуропа үшін қауіпсіз болмақ. Сондықтан Гренландияны сатып алу жөніндегі келіссөздерді бірден бастағым келеді. Бұған дейін де тарихымызда мұндай жағдайлар болған. Еуропаның көптеген елі де аумақтарды сатып алған. Мұнда тұрған ештеңе жоқ", - деді ол.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 12:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















