Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

Алтын тамыр бастауы

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Бекзат болмысы түрік тілінде

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

Жоғалып табылған Жайық шаһары

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

Мексика мүлт кеткен жоқ

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

Трамптың Ресеймен ұзақ вальсі Еуропаға тыныштық әкеледі

Трамптың Ресеймен ұзақ вальсі Еуропаға тыныштық әкеледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Financial Times талдауына сүйенген Aikyn.kz Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін Ақ Үй дипломатияны экономикалық мүддемен неге алмастырғанын түсіндіреді.

Кеше Financial Times басылымы Аризона штаты университетінің профессоры, «Путиннің зілбалғасы» атты кітаптың (Putin's Sledgehammer: The Wagner Group and Russia’s Collapse into Mercenary Chaos) авторы Кэндис Рондоның (Candace Rondeaux) талдау мақаласын жариялады.

Зерттеушінің пікірінше, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың болашағы дипломаттар мен екі үкіметтің арасындағы келіссөздер арқылы емес, қазіргі жағдайдан пайда табуға ұмтылған делдалдар мен бизнес шешім қабылдаушылардың арасында жүріп жатқандай сипатқа ие болып барады. «Бұл өткен аптада анық көрінді» дейді автор.

Бұқаралық медиада жарияланып кеткен стенограммаға сәйкес, Дональд Трамптың арнайы өкілдері Канада және Австралия секілді Батыс елдерінің санкциясына іліккен ресейлік шенеуніктермен АҚШ-та келіссөздер жүргізген. Кремльге жақын бизнес өкілдері санкцияларды алып тастау мүмкіндігін зерттеп, Батысқа түрлі ұсыныстар жасай бастаған.

Майамиде Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер мен арнайы өкіл Стив Уиткофф санкцияға ұшыраған Ресейдің ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Кирилл Дмитриевпен келіссөздер жүргізген. Уиткофф талқылаған 28 тармақтан тұратын жоспардың жарияланған нұсқасы Кремль қолдаған бейбіт жоспардың саяси және коммерциялық элементтері аралас екенін көрсетеді. Атап айтқанда, америкалық компанияларға 300 миллиард доллар көлеміндегі Ресейдің бұғатталған активтерінің бір бөлігін бірлескен кәсіпорындар мен соғыстан кейінгі реконструкцияға инвестициялық капитал ретінде пайдалану ұсынылған.

ЕуроОдақ басшылары үшін Трамп ұсынған Бейбіт жоспардың жағымсыз жағы жалғыз бұл емес. Григорий Тимченко мен Юрий Ковальчук секілді санкцияға іліккен ресейлік бизнесмендердің Вашингтонмен жеке арналар арқылы байланыс жолдарын іздеп жатқандары туралы хабарлар тарай бастады. 

Сейсенбі күні (3 желтоқсан) Мәскеудегі ұзақ кездесуден кейін Дональд Трамп тобы нақты нәтижеге қол жеткізе алмағаны белгілі болды. Ал Путиннің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков келіссөздердің АҚШ пен Ресей арасындағы болашақ экономикалық өзара іс-қимылдың кең ауқымды перспективаларын қамтығанын атап өткен.

Киевте де салдары болжауға қиын саяси процестер басталды. Украина президентінің ең жақын адамы саналатын, президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак жемқорлық айыптауларынан кейін отставкаға кетті. Бұл оқиға украиналық антикоррупциялық органдардың президенттен тәуелсіз екенін көрсетті. Әрине, Ақ Үйдің қолдауынсыз бұл органдардың тергеуі ешқандай нәтиже бермес еді. Бұл жағдай әлемдік саясаттағы ірі мемлекеттер ойын ережесін өздеріне ыңғайлы уақытта өзгерте алатынын көрсетеді. Қалай болғанда да бұл жолы бейбіт келіссөздерді жақтаушылар ұтатын сияқты.

Трамптың Путинмен ұзақ «вальсі» мен Америка президентінің бейресми, бизнес арналар арқылы ыңғайлы қарым-қатынасы Украина мен оны қолдаушы еуропалық шенеуніктер қанша қарсыласса да бейбіт келіссөздерге алып келеді деп ойлаймыз. 

Президент Трамптың Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерге ресейлік шенеуніктермен фриланс ретінде келіссөздер жүргізуге рұқсат беруі бизнес ережелердің АҚШ дипломатиясына миграциясын айғақтайды. Соғыстарды бастайтын да, тоқтататын да тек мемлекеттік институттар емес. Келіссөздер әртүрлі формада, әртүрлі форматта жүргізіледі. Бұл жолы дипломатия деп ұсынылып отырған америкалық формат іс жүзінде нарыққа көбірек ұқсайды. Бірақ қазіргі жағдайда Ресей үшін де, Украина мен АҚШ үшін нәтиже мен халықаралық нормаларға сай қол қойылған, барлық тараптарға бейбітшілік пен экономикалық пайда әкелетін құжат қымбат. Бұл – өмір шындығы.

«Соңғы украиндық қалғанша» соғысқысы келетін еуропалық шенеуніктер ғана бұған төтенше қарсылық білдіруі мүмкін. Оларға қысым жасай алатын Трамп қана. Ресей болса, әскери күштің көмегімен Украинаның батысына қарай жылжуда. 

Украина үшін бұл соғыс жүз мыңдаған жас өмірдің қиылуына, мемлекеттің экономикалық күйреуіне және территориясын жоғалтуына алып келді. Бұл соғысты Еуропа мен АҚШ (Байден кезеңінде) Ресейді әлсірету үшін бастағаны белгілі. оны батыс ашық мәлімдеуде.

Батыстың қолдауынсыз Украина ешуақытта алып Ресейге қарсылық көрсете алмас еді. Батыстың саясаткерлері ресейлік қоғамның ішкі тұтастығы мен халықтың бірлігін, мемлекеттің өндірістік-индустриялық қуатын, технологиялық әлеуетін ескермеді. Бұл соғысқа Ресей де ұзақ дайындалды, 643 млрд доллар қор жинады, әскери әлеуетін күшейтті. Батыс болса әлемдік тәртіптің өзгергенін түсінбей қалды. Азия басын көтеріп, ояна бастады, жаһандық экономикалық баланс өзгерді, доллардың бұрынғы үстемдігі әлсіреді.

Владимир Путин геосаяси өзгерістерді алдын ала дұрыс болжап, бағалап, соған сәйкес стратегия жүргізді. Оның басты мақсаты – ресейдің батыс шекарасына теріс ниетті күштерді, НАТО-ны жолатпау болды. Экономикалық ынтымақтастық, достық ниет пен келіссөздер батыстық саясаткерлерге әсер етпеген соң, ресейлік президент мемлекеттің іргесін нығыздауды тек күшпен жасауға болады деп түсінді. Путин алдын ала Қытай мен Үндістан, Қазақстан мен Орталық Азия сияқты жақын көршілермен, Шығыс Азия мен араб елдерімен, Латын Америкасы мен Африка елдерімен байланыстарды күшейтіп алды. Ресейден бұл елдер теріс айналып кеткен жоқ. Бұл жерде Путинді Ресей мемлекетін, орыс халқын жақсы көргені үшін, Трампты Американы ұлы жасағысы келгені үшін жаман деуге бола ма? Олар өз ұлттарының мүддесін қорғауда. Алаш арыстары да қазақтың қамын ойлап, өмірлерін құрбандыққа шалды. Большевиктер оларды жек көрсе де, қазақ үшін олар әрқашан қастерлі тұлғалар болып қалады.

Бірақ мәселе ұлттық мүдде жолында күрестің қандай формаларын қолдану болып отыр. Дипломатия нәтиже бермесе күші басым мемлекет қандай жолды таңдайды? Әрине, күш көрсетуді, шоқпарды.

Дана, көреген басшылары бар елдер ішкі тұрақтылықты сақтауды ойлайды, этностық, тілдік және діни араздықтың алдын алады, ел азаматтарын кемсітуге жол бермейді. Қазақ Елі бұл жерде көп мемлекеттерге үлгі бола алады. Біздің ойымызша, бұл мемлекеттік саясатқа байланысты емес. Өйткені мемлекеттік саясат халықтың басым бөлігінің көңіл-күйін ескеріп жасалады, жүргізіледі. Қазақ Еліндегі бейбіт өмірдің, тыныштықтың ең басты себебін мемлекет құрушы қазақ ұлтының кең пейілді, жомарт табиғатынан, өзін сыйлата алатын, өзгені құрметтей білетін, өзіндей түсінетін мейірімді жүрегінен іздеген жөн.

2000 жылдардың басынан Украинада тілге байланысты кемсіту, Ресейге қарсы саясат мемлекеттік деңгейде жүргізіле бастады. Зиянды идеологияның нәтижесі 22 жылдан кейін көрінді. Ал қазір соғыс майданына жіберер адамы жоқ, экономикалық жағынан дәрменсіз Украина басшылығы ЕуроОдақ пен Американың арасында ақша сұрап, қару-жарақ сұрап, сабылып жүр. 

Ресейді экономикалық оқшаулау және оны украиндықтардың қолымен әскери тұрғыдан жеңу саясаты сәтсіздікке ұшыраған Батысқа (Трамп өзін бұл соғыстан оқшау ұстауда) қателігін мойындау үшін де біраз уақыт керек. Немесе қымбаттықтан, экономикалық тұрақсыздықтан шаршаған халық көшеге шығып, бүгінгі соғысты жақтаған биліктің орнына басқа саяси күштерді алып келуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі Трамптың геосаясатқа бизнес форматын енгізіп жатқаны – бұл АҚШ үшін экономикалық жағынан тиімді жол болып көрінеді. АҚШ президентінің қаржылық-экономикалық пайданы бірінші орынға шығаруы Ресей мен Украина соғысын тоқтатуы әбден мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 13:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

13 Маусым 2026 18:36see118

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

14 Маусым 2026 18:24see116

Алтын тамыр бастауы

13 Маусым 2026 13:59see114

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

13 Маусым 2026 13:59see114

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

14 Маусым 2026 16:16see111

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

15 Маусым 2026 10:49see111

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

14 Маусым 2026 22:59see110

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

14 Маусым 2026 16:11see110

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

13 Маусым 2026 20:12see110

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

14 Маусым 2026 12:50see110

Бекзат болмысы түрік тілінде

13 Маусым 2026 13:59see109

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

13 Маусым 2026 14:16see109

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

15 Маусым 2026 08:58see108

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

14 Маусым 2026 22:59see108

Жоғалып табылған Жайық шаһары

13 Маусым 2026 14:00see108

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

13 Маусым 2026 21:41see108

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

13 Маусым 2026 18:50see107

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

14 Маусым 2026 22:59see107

Мексика мүлт кеткен жоқ

13 Маусым 2026 14:01see106

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

14 Маусым 2026 13:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары