Түркістанда кеурек өсімдігін заңсыз жинауға қарсы күрес қалай жүргізіледі
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Түркістан облысында кеурек дәрілік өсімдігін заңсыз жинаудың алдын алу мақсатында жұмысшы топ құрылып жатыр.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған топ құрамына полиция қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар өкілдері және еріктілер енеді. Олар кеурек өсімдігі өсетін маусым айында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
— Өткен жылы жүргізілген тексеріс барысында Арыс қаласы және Отырар, Сарыағаш аудандарында 100-ден астам шетелдік анықталды. Олар «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар оларға 5 жылға дейін елге кіруге тыйым салынды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 5 қазақстандық азаматқа қатысты да әкімшілік шаралар қабылданған.
Кеурек өсімдігі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген. Дегенмен «Өсімдіктер дүниесі туралы» заңға сәйкес, өңір әкімдігінің қаулысымен бұл өсімдікті жинауға 8 жыл мерзімге шектеу қойылған. Қазіргі уақытта жұмысшы топ аталған қаулы негізінде өз қызметін жүзеге асырып жатыр.
Бұдан бұрын Түркістан облысында дәрілік өсімдік қазған шетелдіктер ұсталғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 01:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















