Уиткофф пен Кушнер қазанда Мәскеуге баруы мүмкін Axios
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Америка көшбасшысының күйеу баласы Джаред Кушнер қазан айында Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге баруы мүмкін. Бұл туралы Axios басылымы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
"Уиткофф пен Кушнер осы айдың соңында Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге баруы мүмкін", – делінген басылым мақаласында.
Бұған дейін Ақ үй Уиткофф пен Кушнер 9 қазан, жұма күні Украина делегациясымен кездесетінін хабарлаған. Тараптар әскери қимылдарды тоқтатуға бағытталған, қақтығыстың барлық аспектісін қамтитын жаңа ортақ ұсынысты талқылайды.
Кеңесуге Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері, сондай-ақ Еуропалық одақ пен НАТО өкілдері қатысады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 16:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















