Ұлттық банк 50 мың доллардан асатын операциялар туралы деректі салық органдарына береді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ұлттық банк Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне валюталық операциялар туралы ақпарат беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне валюталық операциялар туралы ақпарат беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
50 000 доллардан астам валюталық операциялар, тауарсыз мәмілелер, бейрезиденттердің кірістері мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың операциялары бойынша ақпарат ұсынылады. Тиісті бұйрықтың жобасын Қаржы министрлігі жариялады.
Құжатта көрсетілген мәлімет бойынша, бұл бұйрықты іске асыру капиталды заңсыз шығару жағдайларын уақтылы анықтауға және жалған мәмілелердің тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
"Бұл жоба мемлекеттік кіріс органдарының ірі валюталық операциялар туралы ақпаратқа уақтылы қол жеткізуін, капиталды заңсыз шығару жағдайларын анықтаудың тиімділігін арттыруды, жалған операцияларды жүзеге асыру тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді, осыған байланысты теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарлар жоқ", – делінген құжатта.
Бұйрық жобасын көпшілік талқылау 28 қазанға дейін жалғасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


