Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Ұрлықтан интернет алаяқтыққа дейін: ІІМ алқа отырысында қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Ұрлықтан интернет алаяқтыққа дейін: ІІМ алқа отырысында қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Отырыста ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жедел қызмет қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік қоғамда «Заң мен тәртіп» және кез келген құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидаттарын нығайтуды жалғастырып келеді.

Ведомство жүзеге асырып жатқан кешенді шаралар өз нәтижесін беруде: жыл басынан бері қылмыс саны 6 мыңға немесе 7%-ға азайған, соның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық және ұрлық сияқты қылмыстардың саны төмендеген. Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын құқықбұзушылықтар да азайды.

– Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың азаюы – бұл қайғылы жағдайлардың алдын алу және адамдардың қорғалу деңгейінің артуы, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Сонымен қатар алқа отырысында министр жұмыс барысында орын алып отырған кемшіліктерге тоқталып, күшейтілген бақылауды және тәсілдерді қайта қарауды талап ететін мәселелерге назар аударды.

Жол қауіпсіздігі ерекше бақылауда тұр. Тоғыз айдың ішінде республика бойынша 26 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жол апаттарынан қаза тапқандар саны азайған. Министр бұл көрсеткіштің аздап төмендегеніне қарамастан әрбір санның артында адам өмірі тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты ол трассаларда патрульдеуді күшейтуді, патрульдік жасақтардың санын арттыруды, патрульдеу бағыттарын қайта қарауды және жол қозғалысын бақылауға арналған цифрлық шешімдерді белсенді енгізуді тапсырды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Есептік кезеңде ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактілері бойынша 70 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 13-і трансұлттық топтарға қатысты. Жалпы 248 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Министр табиғи және биоресурстарды заңсыз өндіруге байланысты қылмыстық схемаларды әшкерелеу жұмысын күшейтуді тапсырды, сондай-ақ халықаралық көлік бағыттарында жүктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдауды жүктеді.

Ведомство басшысы мал ұрлығына қарсы күреске ерекше назар аударды. Ол ауылдық жерлерде мал халықтың негізгі табыс көзі екенін атап өтіп, бұл бағытта профилактикалық шараларды күшейту міндетін қойды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі жеке қаралды. Соңғы жылдары мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу тәсілі түбегейлі қайта қаралып, зорлық-зомбылықты ерте кезеңде анықтап, оның болдырмауға басымдық берілді, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды.

Есептік кезеңде 70 мыңнан астам қорғау ұйғарымы шығарылып, құқықбұзушыларға 16 мыңнан астам мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптар белгіленді. Дағдарыс орталықтарына 6,5 мың әйел мен бала жіберілді. Министр кейбір өңірлерде әрекет ету баяу жүріп жатқанын атап өтіп, учаскелік полиция қызметінің жұмысын бақылауға алып, қорғау ұйғарымдарының орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.

Жасөспірімдер қылмысы да назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері 1600-ге жуық осындай факті тіркелген, оның негізгі себебі – ата-ана тарапынан бақылаудың әлсіздігі. Түнгі уақытта балалардың ересектердің қарауынсыз жүруіне байланысты 107 мыңнан астам ата-ана, ал кәмелетке толмағандарды тыйым салынған уақытта мекемеге кіргізгені үшін 1900-ге жуық нысан иесі жауапкершілікке тартылды.

Ержан Саденов тәуекел тобына жататын отбасыларда профилактикалық жұмысты әкімдіктермен бірлесіп күшейтуді, жасөспірімдерді қоғамдық көмекшілер қатарында белсенді түрде тартуды, мектептермен және педагогтармен тығыз ынтымақтастық орнатуды, сондай-ақ балалардың құқықтық санасын қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Министр Мәжілісте «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа заң жобасы бірінші оқылымда қабылданғанын еске салды. Бұл заң жобасы құқықбұзушылықтардың алдын алуға барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлер мен азаматтарды тартуды көздейді. Заңда үйлестіру, бақылау және құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін жауапкершілік тетіктері нақты айқындалған. ІІМ басшысы жаңа заң нормаларын іске асыруға алдын ала дайындықты бастап, қазірден түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселесіне де ден қойылды. Ведомство басшысы барлық қиындықтар мен тәуекелдерге қарамастан, қызметкерлердің басым бөлігі күнделікті өз борыштарын адал атқарып жүргенін атап өтті.

– Күн сайын мыңдаған қызметкеріміз нағыз ерлік жасап, абыроймен қызмет атқарып, халықты қорғауда. Бірақ кейбір жеке тәртіп бұзушылықтар осы еңбектің бәрін жоққа шығарып жібереді. Бұл бізге абырой әкелмейді, – деді министр.

Осыған байланысты аумақтық бөлініс басшыларына қызмет орнына оралған бойда жеке құрам арасында тәртіпті нығайту жұмыстарын жүргізу тапсырылды: әр қызметкермен жеке алдын алу жұмыстарын, жас мамандарға тәлімгерлікті күшейту, ашық сот отырыстары мен офицерлік жиындар тәжірибесін кеңінен қолдану міндеттелді.

Министр қызметтік тәртіпті бұзуға бейім адамдарға ерекше бақылау орнатуды, ал түзелуге қабілетсіз қызметкерлерге қатысты тиісті кадрлық шаралар қабылдауды талап етті.

Сондай-ақ жедел қызметтің бірқатар маңызды бағыттарына, соның ішінде есірткі қылмысына қарсы күрес, интернет-алаяқтықтың алдын алу, көші-қон бақылауы және басқа да мәселелерге назар аударылды. Министр нашақорлықпен күрес жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеуді жеделдетуді, интернет-алаяқтыққа қарсы әрекет етуден алдын алу шараларына көшуді, халықты өзін қорғау тәсілдері туралы ақпараттандыруды күшейтуді, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерінің жолын кесуді, әр аудандық бөлімде жедел басқару орталықтарын құру жұмыстарын аяқтауды, қылмыстарды ашу сапасын арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын соңында Ішкі істер министрі Ержан Саденов қол жеткізілген нәтижелер жұмыстың сапасына қойылатын талапты төмендетуге себеп болмауы тиіс екенін атап өтті. Ең басты міндет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.

Айта кетейік, сталкинг бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 15:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see132

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see129

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see129

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see126

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see125

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see115

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see114

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see112

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see110

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see110

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see110

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see109

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see108

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see108

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see108

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see108

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары