Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Вандализмге жол жоқ! Жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысында ауқымды акция өткізді

Вандализмге жол жоқ! Жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысында ауқымды акция өткізді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы»  жастар қанатының бастамасымен «Вандализмге жол жоқ!» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – Самар тасжолы бойындағы 10 шақырымдық таулы аумақта вандализмнен сақтау, қоршаған ортаны тазарту және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұсақ бұзақылық пен вандализмге қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесу керек екенін атап өткен еді. Соңғы кезде вандализм, әсіресе, қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда орын алған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалар жиілеп кетті. Сондықтан тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару мақсатында, сондай-ақ еліміздің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру үшін «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты тұмса табиғатты қорғауға бағытталған акцияны бастады. 

Акцияға «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшсының орынбасары Аманбай Нүркенов, қалалық мәслихат депуатты Екатерина Смирнова, «Жастар Рухы»  жастар қанатының белсенділері, белгілі блогер Вячеслав Орлов, «Таza Qazaqstan» road-эстафетасының амбассадоры Ясса Танир, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж студенттері, сондай-ақ белсенділер қатысты. Іс-шара қатысушылары таулы аймақтар мен жол бойындағы 100-ден аса жартасты бояулар мен түрлі жазудан тазартып, қоқыс жинады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнында құтқарушылар кезекшілік етті, бұл тазалық жұмыстарын қауіпсіз әрі үйлесімді өткізуге мүмкіндік берді.

«Жастар Рухы» жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қорлан Тұғамбаеваның айтуынша, бұл іс-шара вандализмге қарсы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

«Бүгін бізбен бірге шыққан жастар бұл іс-шарадан көп ой түйді деп сенемін. Олар енді таулар мен жартастарды сызуға, бояуға болмайтынын, табиғатты қорғаудың маңызын жақсы түсінеді. Бұл акция тек Өскеменмен шектелмейді. Біз облыс аумағындағы әр ауданда және ауылдарда осындай іс-шараларды жалғастырамыз», – деді ол.

Блогер Вячеслав Орлов мұндай игі бастамаларға бұған дейін де отбасымен бірге қатысқанын атап өтті.

«Біз отбасымызбен бірге «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Катонқарағай мен Марқакөл өңірлерінде бірнеше аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартқан болатынбыз. Бұл жолы бастама «AMANAT» партиясы қолдауымен Согра кентінде өтті. Акцияға қатысушыларды үш командаға бөліп, жарыс түрінде ұйымдастырылды»,  – деді ол.

«Таza Qazaqstan» road-эстафетасының амбассадоры Ясса Танирдің айтуынша, акция кезінде жартастарға сіңіп қалған бояуды тазалау оңай соқпаған. 

«Бала күнімде альпинизммен айналысып, осы жартастарға шығып жаттығатынмын. Бүгін сол тастарды жастар арнайы құралдармен тазалап жүр. Расында, сурет салып, жартастарға нұқсан келтіру – бір сәттік іс, ал оны тазалау – ауыр еңбек. Мұндай әрекеттер табиғатқа зиян. Бояулар мен химиялық заттар экологияны ластап, табиғи үйлесімділікті бұзады. Сондықтан ондай әрекеттерге жол бермеу керек», – деді ол.

Еске сала кетейік, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан осы акция, еліміздегі тарихи, мәдени және табиғи мұраны қорғауды көздейді. Бұған дейін 4 мыңнан астам волонтер 760-тан астам тарихи нысанды, ескерткіштер мен киелі орындарды тазалады. Олардың қатарында Тасбақа Тас, Жұмбақтас, Тамғалы Тас сынды киелі орындар да бар. 

Сонымен қатар Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары «ҚР Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң аясында вандализм әрекеті үшін жауапкершілікті күшейту туралы түзетулер пакетін қабылдады. 

Қылмыстық кодексте вандализм үшін жаза күшейеді. Айыппұл 200 АЕК-ке дейін өседі (шамамен 740 мың теңге), сонымен қатар 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Бұл ретте, ірі құқық бұзушылықтардан басқа, заң жобасында ұсақ бұзақылыққа да қатысты жазаны күшейту көзделген. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 17:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары