Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!

Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Биыл елімізде эпидемиялық маусым әдеттегіден ертерек бас­талды. Былтыр алғашқы жағдайлар қарашада анықталса, биыл қазан айының басында тіркелді. Нақ қазір елде тұмаудың 590 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталған. Сондай-ақ А типті тұмаудың 587 жағдайы тіркеліпті. Сосын, көпшілік талқылап, «Гонконг» деп атап жүрген тұмаудың түрі де вирустың жаңа штамы емес.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Осының барлығын ескеріп отырған Денсаулық сақтау ми­нистрлігі әдеттегідей тұмауға қатысы жоқ вирустардың да айналымына мониторинг жүргі­зіп жатыр екен. Нәтижесінде, ел бойынша 3 мыңнан астам үлгі зерттелген. Соған сүйенсек, елде риновирус, парогрипп, аденовирус, боковирус, коронавирус, РС вирусының айналымы анықталған. Яғни ресми ақпаратқа сенсек, биыл ел аумағында бұрын айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталмаған.

Қазір елде жедел респира­тор­­лық вирустық инфекция­­мен (ЖРВИ) ауырып жатқан­дар­­­дың 66%-ы – балалар болса, ­34%-ы­ – ересектер. Кейінгі аптада елде ЖРВИ-дің 183 мың жағ­дайы тіркелген. Ал өткен апта­да оқушылар арасында ЖРВИ-дің 6 мыңнан астам жағ­дайы және тұмаудың 13 жағ­дайы анық­талыпты. Эпиде­миялық маусымда емхана­лардың жұмысы күшейтілді. ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық­тың маусымдық өсуі жағдайында алғашқы медициналық-сани­тарлық көмек ұйымдарының жұ­мысы күшейтілген режімге көшті. Емханаларда фильтр кабинеттері жұмыс істейді. Эпидемияға қарсы режім­нің барлық талабы сақталады. ЖРВИ және тұмаумен ауыра­тын нау­қастардың шамамен 80%-ы амбулаториялық жағдайда емде­­­ліп жатыр.

Статистикаға зер салсақ, жыл сайын елімізде ЖРВИ-мен 3-4 млн адам, тұмаумен 2 мың адам ауырады екен. Биыл эпи­демиялық маусым бас­­тал­ғалы елде ЖРВИ-дің 1,5 млн­ жағдайы тіркелген. Жалпы, елі­міздің кейбір аймақтарында вирустық инфекциялар күшейді дегенмен, өткен жылдың сәйкес кезе­ңімен салыстырғанда көрсет­кіш 20%-ға төмен деседі. Осыған қарамастан кейбір өңірдегі мектептерде ЖРВИ-мен ауыратын оқушылардың үлесі 30 пайыздан асып, уақытша онлайн оқуға ауысты.

Әлеуметтік желілерде «Гон­конг» деп аталатын вирусқа қа­тысты түрлі ақпарат тарап жат­қа­нынан бәріміз хабардармыз. Аңғарғанымыз, жаңсақ ақпа­рат­тардың салдарынан халық арасында тұмаудың жаңа ерекше штамы пайда болды деген түсінік қалыптасыпты. Шын­туай­тында, «Гонконг» тұмауы вирустың жақында пайда бол­ған түрі емес, бұрыннан бар. Ден­саулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев баспасөз мәслихатында осы жө­нінде түсінік берді.

– Жедел тарап жатқан жал­ған ақпарттарға байланысты ресми түсініктеме бергім келеді. Шын мәнінде, «Гонконг» деп аталатын А (H3N2) тұмауы жаңа вирус түрі емес, бұрыннан бар. Нақтыласақ, тұмаудың бұл түрі алғаш рет 1968 жылы анық­тал­ған. Сол кезден бастап тұмау әлем бойынша үнемі айналымда болды. Біздің ел аумағында вирустың осы түрі көп жылдан бар. Оны мерзімді маусымдық эпидемиялық үдерістің бір бө­лігі деп түсінген дұрыс, – деді Т.Сұлтанғазиев жағ­дайдың анық-қанығын баяндап.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтан­ғазиевтің айтуынша, бүгінде алғашқы буын деңгейінде меди­циналық көмекті қамтамасыз ету үшін 995 мобильді бригада ұйым­дастырылған. Олар па­циент­тердің үйіне барып, меди­циналық көмек көрсетеді. Сон­дай-ақ 1 800 фильтр кабинеті жұмыс істейді. Осындай каби­неттің жартысынан көбі жүкті әйелдер мен балаларға арналған. Шұғыл медициналық көмекті 1 600 жедел жәрдем бригадасы көрсетеді.

– Инфекциялық стационарлар мен мамандан­дырылған ауру­ха­наларда стационарлық көмек көрсету үшін 11 мыңға жуық төсектік орын, оның ішін­де 2 мың резервтік төсектік орын орна­ластырыл­ды. Бүгінде 8 мың­нан астам пациент ауруха­наға жат­қызылды. Республика бо­йынша төсектік орын қоры­ның 76%-ы бос емес,– дейді Тимур Сұлтанғазиев.

Спикер хабарлағандай, ден­сау­лық сақтау ұйымдарында ви­русқа қарсы және қызуды басатын препараттар, жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекция­лық құралдардың қоры жеткі­лікті. Білім беретін ұйымдарда, балабақшаларда оқушылар мен қызметкерлердің аурушаңдығы және сабаққа қатысуына байланысты күнделікті мониторинг жүргізіледі. ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау үшін таңертең фильтр ұйымдастырылады. Сондай-ақ орталық және өңірлік деңгейде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр екен.

– Инфекциядан мейлінше қор­ғану үшін қарапайым алдын алу шараларын ескерген жөн. Яғни адамдар көп жинала­тын жерлерге, әсіресе, жабық бөл­ме­лерге баруды шектеген жөн. Үй-жайларды үнемі жел­детіп, антисептиктер мен дезин­фекциялық майлықтарды пай­даланған дұрыс. Сосын, қолды жиі­рек жуған абзалырақ. Тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу керек,– деп тұмаудан сақтанудың жолдарын айтты Т.Сұлтанғазиев. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары