Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Ырысты өңір, берекелі аудан

Ырысты өңір, берекелі аудан

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жетісудың жетекші Пан­филов, Қаратал аудан­дарының әлеуметтік-экономикалық әлеуе­ті – жо­ғары. Инвести­ция, өн­ді­ріс, ауыл шаруа­шы­лы­ғы, инфра­құрылым сала­сын­­да үздіктер қата­рын­да. Бірі жүгеріге қам­­ба­­ны толтырса, бірі қант қызылшасына зәру зауыт­­тардың сұранысын орын­­дап отыр. Екі өңірдің тыныс-тіршілігі қашанда назардан тыс қалған емес.

Суреттерді түсірген – Жұмабай МҰСАБЕК

Қаймағы бұзылмаған Қаратал

Әуелгі әңгімені, қасиетті мекен Қаратал өңірінен бастасақ. Өйткені Жетісу жеріндегі әулие-әмбиелердің көбі осы топырақта жатыр. Содан да болар, берекесі келіскен, өрісі кең мекен. Облыс құрылғаннан бері 70 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Соның 26 млрд теңгеден астамы жеке­меншік сектордың үлесіне тиесілі. Жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрайтын 18 жоба іске асып, 300-ден астам адам тұ­рақ­ты жұмыспен қамтылған. 2025–2027 жылдарға арналған инвестициялық қоржында 3,4 млрд теңгелік 4 жоба бар. Бұл бас­тамалар тағы елуден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік бермек. Бүгінде 1 млрд теңгеге жуық қаржыға іске қо­сыл­ған 8 коммерциялық нысан аудан экономикасына тың сер­пін беріп отыр. Аудан әкімі Ұлан Досымбеков өнеркәсіп са­ла­сында тоқырау жоқ екенін айтады.

– Президент Жолдауында атап өтілгендей, ауыл шаруашылығы – ел экономикасының стратегиялық саласы. Осы ұстаным Қаратал ауданын­да нақты іспен бекіп келеді. Жыл са­йын­ агроөнеркәсіп кешенін қолдауға қомақты қаржы бағытталып, шаруа­лардың еңбегіне екпін беріп келеді. Биылдың өзінде ғана мемлекет тарапынан жарты млрд теңгеден астам қолдау көрсетілді. Кейінгі екі жылда аудан шаруалары жүзден аса ауыл ша­руа­шылығы техникасын жаңартып, егіс пен мал шаруашылығында еңбек өнімділігін арттырды. Бұл – ауылдағы еңбек мәдениетінің жаңарып, заман талабына сай бейімделіп келе жатқанын көрсетеді, – дейді аудан басшысы.

Қант қызылшасы – аудан диқан­дарының негізгі табыс көзінің бірі. Биыл 800 гектардан астам алқапқа егіл­ген тәтті түбірден 50 мың тоннаға дейін өнім алынды. Жергілікті шаруа қожалықтары Көксу қант зауытына қажет шикізаттың 20%-ын береді. Алдағы жылдары егіс көлемін арттыру жоспарда тұр. Cол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейінгі жылдары 80 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылып, оның қомақты бөлігі конкурс арқылы шаруаларға берілген. Қалған алқаптар ауыл тұрғындарының ортақ мал жайылымына бекітіліпті.

Одан бөлек, қоғамдық жайылым қоры 90 мың гектардан асады, бұл ауылдағы мал шаруашылығы үшін маңыз­ды ресурс. Сонымен қатар елді мекен тұр­ғындарына бау-бақша өсіруге арналған жүздеген гектар жер бөлініп, халықтың өзін-өзі азық-түлікпен қамтуына мүмкіндік жасалған. Тіпті цифрландырудың нәтижесінде жер алу рәсімдері бұрынғыдан да ашық әрі қолжетімді бола түскен. Бүгінде кез келген азамат үйінен шықпай-ақ электронды геопортал арқылы бос жер телімдерін көріп, конкурсқа қатыса алады. Айта кетейік, жерді көркейтуде су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды.

– Осы бағытта суару жүйелері мен каналдарды қайта жаңғырту жұмыстары бірнеше кезеңмен жүзеге асып жатыр. Жүздеген шақырым канал тазартылып, су бекеттері мен бөлгіштер орнатылды. Нәтижесінде, мыңдаған гектар жер қай­та айналымға еніп, егіс алқаптарына су жеткізу айтарлықтай жақсаруға тиіс. Сонымен қатар су үнемдеу технологиялары қарқынды енгізіліп жатыр. Қазір аудан аумағында бірнеше мың гектар жер тамшылатып суару әдістерімен қамтылған. Бұл – болашаққа бағытталған экологиялық әрі экономикалық тиімді қадам, – дейді Ұ.Досымбеков.

Әкімнің айтуынша, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы саласын­да да жүйелі жұмыстар атқары­лып жатыр. Қала мен ауылдарда көше­лер жарықтандырылып, жол­дар жөн­деліп, инженерлік инфрақұры­лым жаңар­тылған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған түп ағаш отыр­ғызылып, сенбіліктер ұйымдастырылған.

Ауданда білім, денсаулық сақтау салаларына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Кейінгі жылдары жаңа оқу орындары бой көтеріп, бірнеше мектеп жөндеуден өтті. Мәселен, Үштөбе қаласында жаңа заманға сай 30 орындық жатақханасымен гумманитарлық колледж, Панфилов атындағы орта мектеп жаңадан са­лынды. 4 білім ошағына күрделі жөндеу, 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аудандық орта­лық аурухана күрделі жөндеуден өтіп, 10 жаңа нысан ашылған. Дегенмен екі салада да кадр тапшылығы әлі де өзекті болып отыр.

Жазиралы Жаркент

Жаркент өңірі сөз болғанда, ең алдымен халықаралық маңызы бар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық орталығы ойға оралады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл нысан елдер арасындағы экономикалық ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды тетік саналады. Осы стратегиялық бағыт аясында «Жаркент – Қорғас» республикалық автожолы толық жаңғыртылып, пайда­лануға берілді. Нәтижесінде, шекара­лық аймақтарға қатынау бұрынғыдан әлдеқайда қолайлы бола түсті. Сонымен қатар Көнбе асуындағы көпір мен Көктал ауылынан «Алматы – Қорғас» тасжо­лына шығатын 15 шақырым жол толық жөн­делді. Бұдан бөлек, Жар­кент, Әулиеағаш, Басқұншы елді мекен­деріндегі сегіз көшеде жөндеу жұмыс­тары атқарылып жатыр. Басқұншы ауылындағы екі көше толық аяқталған. Жаркент қаласы мен Әулиеағаш ауылындағы ішкі көшелерді тегістеу биыл тиянақталады.

Жетісу өңірінде өсірілетін жүгерінің шамамен 55%-ы Панфилов ауданына тиесілі. Өткен жылы 23,1 мың га алқап­қа егілген дәндік жүгері толық жиналып, 182,5 мың тонна өнім алынды. Сон­дай-ақ қуаттылығы жылына 33 мың тонна болатын жүгеріні терең өңдейтін, экспортқа бағытталған жаңа кәсіпорын іске қосылды.

– Уәдеге сай, жүгеріге берілетін субсидия көлемі 10 теңгеден 12 теңгеге артқан. Қазірде облыста өндірілген жүгеріні төрт кәсіпорын қабылдайды: «Жаркент крахмал-сірне зауыты», «АзияАгроФуд», «Уыз Май Индастри», «Астық Халық Экспо» ЖШС-лары. «Жаркент крахмал-сірне зауыты» өндірістік қуатын 120 мың тоннадан 150 мың тоннаға дейін ұлғайтты. Сонымен қатар Жаркент қаласында 1,8 млрд теңге инвестиция есебінен тәулігіне 120 тонна жүгері өңдейтін «Kazakhstan Yuzheng Trading» зауыты іске қосылды. Өңделген өнім Қытай, Өзбекстан, Иран елдеріне мал азығы ретінде экспортталады, – дейді аудан әкімі Марат Сағымбек.

Ауданның тағы бір әлеуетті бағыты – бау-бақша шаруашылығы. Облыстағы бақ алқаптарының 44%-дан астамы, 2,3 мың гa жер Панфилов ауданында орналасқан. Мұнда жалпы сыйымдылығы 8,5 мың тонна болатын 8 жеміс сақтау қоймасы бар. Сонымен қатар аумағы 1 гектарды қамтитын «ҚазГеоТерм» жылыжай кешені жұмыс істейді. Жыл басынан бері ауданның агроөнеркәсіп кешеніне 1,9 млрд теңге инвестиция тартылып, көрсеткіш 1,7 есеге артты. Дегенмен облыс әкімі өндірілген өнімді қайта өңдеу үлесін арттыру қажет­тігін атап өтіп, тауарлы сүт, ет, құс фермаларын салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар ашу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Оған қоса «Жаркент Фрукт» ЖШС қызметкерлерінің еңбекақы мәселесін жақын мерзімде шешу міндеттелді.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесінде аудан­ диқандары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқы­лы 512 млн теңгеге 28 бірлік ауыл ша­руа­шылығы техникасын сатып алды. «Кең дала–2» бағдарламасы аясында ­31 шаруашылыққа 394 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.

– Панфилов ауданында газданды­руға жататын 26 елді мекен бар. Бүгінде Жаркент қаласы толық табиғи газға қосылған. Қалған 25 елді мекенге қатысты жұмыстар жалғасып жатыр, олардың 12-сінде құрылыс аяқталған. Ават, Ақкент, Нәдек ауылдарына көгілдір отын жеткізілді. Жыл соңына дейін аудан елді мекендерінің тең жартысы газ игілігін көреді. Қалған 13 ауыл­да ауылішілік газ тарату желілері жүр­гізі­леді. Нәтижесінде, биыл аудан хал­қы­­ның 85%-ы табиғи газға қол жеткізеді», ­– дейді аудан басшысы.

Кейінгі жылдары Панфилов ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Денсаулық сақтау саласында екі жыл ішінде 18 нысан бой көтеріп, 3 мекеме күрделі жөндеуден өтті. Алыс ауылдарға келген 17 жас дәрігерге 135 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. Ауданның түрлі елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер салынды. Сонымен қатар аудандық аурухананың күндізгі стационары жөнделіп, негізгі ғимаратты қалпына келтіру мен жаңа блок салу жұмыстары басталды. Бұл нысандар биыл пайдалануға беріледі.

– Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 2024–2025 жылдары аудандық аурухана мен бірқатар ауылға 6 санитарлық автокөлік беріліп, 13 заманауи медициналық құрал жеткізілді. Білім саласында да оң өзгерістер бар. Жаркент қаласында 1 200 орындық жаңа мектеп салынды, Талды ауылында 300 орын­дық мектеп пайдалануға берілді. Қа­зірде Сұптай ауылында 120 орындық мек­тептің құрылысы жүріп жатыр. Мәде­ниет, спорт саласында да жаңа ны­­сандар ел игілігіне берілді. Тұрпан ауылын­дағы мәдениет үйі жөнделіп, Үш­арал, Көктал ауылдарында заманауи спорт кешендері ашылды, дейді аудан әкімі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Панфилов ауданы облыстағы ең үздік аудан атанды. Бұл межеге Қаратал ауданы да жақын тұр. Қос ауданның экономикасы әртараптанып, шағын және орта бизнес дамып келеді.

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқу полигонында сарбазға оқ тиіп, жарақат алды

Әскер • Бүгін, 00:27

40 градус аяз: Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады

Әлем • Кеше

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

Қылмыс • Кеше

Балалар әдебиетіне қатысты панельдік сессия өтті

Әдебиет • Кеше

Қазақстанда биыл шамамен 2,6 ГВт жаңа электр қуат көзі іске қосылады

Үкімет • Кеше

АҚШ 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатады

Әлем • Кеше

Атырау мектептерінде ертең сабақ онлайн форматта өтеді

Ауа райы • Кеше

Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты

Білім • Кеше

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

Қаржы • Кеше

Атыраудағы кешенде бір жылда 375 мың тонна полипропилен шығарылды

Өндіріс • Кеше

Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды

Сауда • Кеше

Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Жұмыс • Кеше

Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

Қылмыс • Кеше

Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары