Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Ыстамбұлда ТҮРКСАИ ұйымын құру туралы декларацияға қол қойылды

Ыстамбұлда ТҮРКСАИ ұйымын құру туралы декларацияға қол қойылды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің жоғары аудит органдары өкілдерінің ресми кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан тарапынан іс-шараға Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы түркі мемлекеттері жоғары аудит органдарының ТҮРКСАИ жаңа ұйымын құру мәселесін талқылау болды. Жаңа кәсіби құрылым ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарын біріктіреді.

Бүгінде ТМҰ елдерінің жалпы халқы 160 млн адамнан асады, ал жиынтық ЖІӨ $1,8 трлн-нан жоғары. Ұйымның негізгі мақсаты – түркі кеңістігіндегі аудит саласындағы кәсіби ынтымақтастықты күшейту. Бұл білім мен тәжірибе алмасуды, аудиторлық практикаларды жетілдіруді, мамандардың біліктілігін арттыруды, бірлескен және параллель аудиттер жүргізуді, сондай-ақ зерттеу жобаларын іске қосуды көздейді.

Өз сөзінде Әлихан Смайылов ТҮРКСАИ-дың ұзақмерзімді дамуы мен басым міндеттері жөніндегі Қазақстанның көзқарасын таныстырды. Ол ұйымның құрылуы түркі мемлекеттерінің институционалдық тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыруға деген ортақ ұмтылысын көрсететінін атап өтті. «Бүгінгі оқиға – мемлекеттеріміздің жоғары аудит органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы тарихи қадам. ТҮРКСАИ достықтың, сенімнің және кәсіби өзара іс-қимылдың берік көпіріне айналады деп сенеміз», — деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов цифрландыру дәуірінде Жоғары аудиторлық палата мына бағыттарға баса назар аударуды ұсынатынын атап өтті: аудит процестерінде жасанды интеллектіні қолдану; үлкен деректер аналитикасын пайдалану; тиімділік аудиті, қаржылық, экологиялық және ITтаудит әдістерін жетілдіру. Сонымен қатар бірлескен аудиторлық іс-шаралар, практикалық тренингтер, халықаралық ұйымдардағы өзара қолдау және жалпы түркі мемлекеттерінің әлемдік аудит қауымдастығындағы ықпалын арттыру ерекше қызығушылық тудырады.

«Біз тұрақты диалог жүргізіп, ТҮРКСАИ-ды тиімді ынтымақтастықтың символына айналдырғымыз келеді. Жоғары аудиторлық палата жарғылық құжаттарды әзірлеуден бастап практикалық өзара іс-қимылға дейін ТҮРКСАИ қызметіне белсенді қатысуға дайын. Бұл – түркі халықтарының өркендеуі жолындағы ортақ еңбек», — деді Әлихан Смайылов.

Кездесу қорытындысы бойынша Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның жоғары аудит органдарының басшылары ТҮРКСАИ түркі мемлекеттерінің жоғары аудит органдары ұйымын құру туралы декларацияға қол қойды. Алдағы үш жыл ішінде ұйымға Түркияның Есеп соты төрағалық етеді. Ал одан кейінгі кезеңдерде төрағалық әліпби ретімен ротациялық негізде айқындалатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары