Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Зайсанда Абайдың шөбересінің 100 жылдығы атап өтілді

Зайсанда Абайдың шөбересінің 100 жылдығы атап өтілді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Зайсан қаласында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте Абайдың 180 жылдығына орай «Абай тағылымы және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Конференция тақырыбына Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы және Абайдың шөбересі, педагог-ақын, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Гүлзифа Исрайлқызының 100 жылдығы арқау болды, деп жазады Egemen.kz.

Ашылу салтанатында құттықтау сөз алған Зайсан Білім бөлімінің басшысы Меруерт Мұратқызы конференция қонақтарын құттықтап, Абайдың 180 жылдығы аясындағы игі шаралардың маңызын атап өтті. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген Абай сөзіне тоқталған спикер, Гүлзифа Исрайлқызының шәкірттері осы мектепте арнайы кабинет ашуға ұйытқы болғанын жеткізді. Ол конференцияның мұғалімдер үшін пайдалы ғылыми алаңға айналарына сенім білдірді.

Осындай тілектестікті Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Нұрлыбекқызы да айтып, аудан көлемінде өтіп жатқан Абай жылына арналған шараның тарихи маңызын атап өтті. Келесі сөз алған Күлзада Базылбекқызы «Атамұра» корпорациясының президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлының қолдауымен Гүлзифа Исрайлқызына арналған сыныпқа Абай шығармаларынан 100 кітап тарту етілгенін жеткізді. Сонымен бірге баспа президентінің Абайдың 180 жылдығына орай Қазақстан мектептеріне 1000 кітап таратқанын атап өтті.

Салтанатты рәсімді М. Әуезов мектебінің басшысы Бақытгүл Қизатқызы қорытындылап, мектеп ұжымының конференцияны ұйымдастыруға белсенді атсалысқанын айтты. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, конференцияның ашық екенін жариялады.

Конференция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналды. «Атамұра» баспасының авторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Абай академиясының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.к Айман Советқызы Ақтанова «Абай шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды таныту жолдары» атты дәріс оқыды. Ол сабақ мақсаттарын құру, әдебиетті оқыту тәсілдері жөнінде маңызды әдістемелік ойларымен бөлісті. Екінші докладты Абай атындағы ҚазҰПУ-дің доценті, п.ғ.к. Бидана Қабатай «Орта мектепте Абай шығармаларын оқыту мәселелері» тақырыбында жүргізді. Үшінші сөзді Гүлзифа Исрайлқызының шәкірті, тарихшы Әділбек Артықбаев алып, «Сегіз аяқ» әнінің шығу тарихын баяндап, әнді домбырада орындап берді. Сондай-ақ Ақжол Қадылбекұлы «Абайтанушы ғалымдардың еңбектерінің маңызы» жайында мазмұнды дәріс оқыды.

Екінші бөлім Гүлзифа Исрайлқызының өмір жолына арналды. Алғашқы сөзді шәкірті Күлзада Базылбекқызы «Ұлы Абайдың ұрпақтары» атты бейнешолумен бастап, ұстазының әдебиет пәнін оқытудағы әдістемелік еңбектерін таныстырды. Зухра Дауытова «Асылдың сынығы – Гүлзифа Исрайлқызының өнегелі өмірі» тақырыбында ұстаз өміріне шолу жасады.

Келесі маңызды сәт – Гүлзифа Исрайлқызының кабинетін ашу рәсімі болды. Лентаны Айман Ақтанова мен аудан тіл бөлімінің басшысы Райса Шотаева қиып, шашуды қызы Роза апай шашты. Кәбинетке кірген сәтте интерактивті тақтадан ақын Серік Құсанбаевтың «Ұшқан ұям» өлеңі оқылып тұрды. Бұл көрініс ұстаз шәкірттері мен қонақтарға ерекше әсер қалдырды.

Гүлзифа Исрайылқызы – саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған тұлға. Ол Сарыжал мектебін бітірген соң, еңбек жолын сол мектепте бастаған. Соғыс жылдары ауылшаруашылық жұмысына араласып, майданға қажет өнімдер дайындауға үлес қосқан. 1945 жылы Абай мектебіне ауысып, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. «Абай ұрпақтары» журналын шығаруға басшылық етті. 1965 жылы Н. Крупская атындағы пединститутты тәмамдады. 2003 жылы облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталып, «Зайсан ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Гүлзифа Исрайлқызы – ақын. Өлең жазуды 14 жасында бастаған. Шығармалары «Достық», «Коммунизм туы» газеттерінде жарияланған. 2010 жылы Зайсан әкімдігінің қолдауымен өлеңдері мен өмірбаяны «Талант» баспасынан кітап болып шықты. «Ұрпақ сөзі», «Ескерткіші атамның», «Ұлылық мәңгі өлмейді», «Мұхтар ағаға» атты 50-ден аса өлеңі жинаққа енген.

Гүлзифа Исрайлқызының өнегелі еңбегін жалғастырып жүрген шәкірттері бүгінде түрлі салада елге танымал мамандар атанды. Арасында ақын, ғалым, ұстаз, кәсіпкер, басшылық қызметкерлер бар: Серік Құсанбаев, Зухра Дауытова, Күлзада Искакова, Төлеубек Искаков, Тұрсынбек Мұсаханов, Әділбек Артықбаев, Нұрлыбек Кегенов, Гүлсара Тлеубердина және басқалар.

Осындай табиғаты да, тұлғалары да бай Зайсан өңірінде Гүлзифа Исрайлқызы секілді біртуар ұстаздың еңбегі – өсіп келе жатқан ұрпақ үшін тағылым мен өнегенің өшпес мектебі.

Гүлжанат Қоқанова,
Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 12:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары