Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Жамбыл облысында екі аптада қызылшаның 191 жағдайы тіркелді

Жамбыл облысында екі аптада қызылшаның 191 жағдайы тіркелді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірде қызылша ауруының өсуі байқалады. Анықталған жағдайлардың 80 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген.

Ведомство деректеріне сәйкес, сырқаттанғандардың 43-і бір жасқа толмаған балалар, 42 жағдай бір жастағы балалар арасында, тағы 54 жағдай екі жастан бес жасқа дейінгі топта анықталған. Ауруға шалдыққандардың негізгі бөлігі Тараз қаласында тіркелген, бұл жалпы көрсеткіштің 81 пайызын құрайды. Қалған аудандарда 1-14 жағдай аралығында анықталған.

– Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина салынбаған адамдар. Оның негізгі себептері профилактикалық екпеден бас тарту (33 пайыз), медициналық қарсы көрсетілімдер (15 пайыз) және екпе жасына жетпеу (22 пайыз), – деді департамент басшысының орынбасары Неила Мүлікова.

Қызылша жоғары жұқпалылығымен ерекшеленетін жедел вирустық инфекция болып табылады. Ауру ауа-тамшы жолымен таралады және адамдар көп жиналатын орындарда қысқа уақыттық байланыс кезінде де жұғуы мүмкін.

– Бір науқас иммунитеті жоқ 20 адамға дейін жұқтыра алады. Вирус жабық ғимаратта бір сағатқа дейін сақталады, сондықтан науқас кеткеннен кейін де жұқтыру қаупі бар, – деп түсіндірді маман.

Дәрігерлердің айтуынша, қызылша дене қызуының 38-40 градусқа дейін көтерілуінен басталып, тұмау, жөтел, конъюнктивит және қатты әлсіздікпен қатар жүреді. Бірнеше күннен кейін бөртпе пайда болып, басынан бастап денеге және аяқ-қолға таралады. Мамандар ересектердің қызылшаны балаларға қарағанда ауыр өткеретінін атап өтті.

Аурудың қауіптілігі асқынулармен байланысты. Олардың қатарында өкпе қабынуы, құрысу, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, оның ішінде энцефалит бар. Сирек жағдайларда қызылша ауыр формаға – қызылшалық панэнцефалитке әкелуі мүмкін, сондай-ақ иммунитеттің ұзақ уақыт әлсіреуіне себеп болады.

Қызылшаға қарсы арнайы ем жоқ. Қорғанудың жалғыз тиімді жолы – вакцинация. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, жоспарлы иммундау 1 жаста және 6 жаста жүргізіледі. Аурудың өсуіне байланысты 2025 жылғы желтоқсаннан бастап Жамбыл облысында қосымша жоспардан тыс вакцинация жүргізіліп жатыр.

– Қазіргі уақытта 9-10 айлық егілмеген балаларға, сондай-ақ 2-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге екпе салынуда. Бүгінгі күнге дейін қызылшаға қарсы вакцинаны шамамен 4 мың бала алды, – деді департамент басшысының орынбасары.

Медицина қызметкерлері екпе салынғандардың 97-98 пайызында тұрақты иммунитет қалыптасатынын, оның 20-25 жылға дейін сақталатынын айтып, ата-аналарды профилактикалық екпеден бас тартпауға шақырады.

Еске сала кетейік, өткен жылы Батыс Қазақстанда 1 300-ден астам адам қызылшамен ауырған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 04:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары