Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жамбыл облысында ЖИ арқылы инженерлік желілердегі ақаулардың алдын алу жоспарланып отыр

Жамбыл облысында ЖИ арқылы инженерлік желілердегі ақаулардың алдын алу жоспарланып отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Өңірдің цифрлық трансформация картасына сәйкес, 2028 жылға қарай коммуналдық кәсіпорындар толықтай автоматтандырылған басқару жүйелеріне көшуі тиіс, ал инженерлік желілердің 80 пайызы ЖИ негізіндегі предиктивті цифрлық мониторингпен қамтылады.

Цифрлық трансформация картасында көрсетілгендей, негізгі міндеттердің бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бірыңғай цифрлық басқару орталығын құру. Бұл орталық коммуналдық кәсіпорындардан, диспетчерлік қызметтерден және азаматтардың өтініштерін қабылдайтын цифрлық платформалардан түсетін деректерді біріктіреді. Нәтижесінде инфрақұрылымды «оқиға болғаннан кейін» емес, алдын ала басқаруға көшу көзделіп отыр.

Жоспарға сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары кезең-кезеңімен SCADA және EMS автоматтандырылған диспетчерлеу және басқару жүйелеріне көшеді.

SCADA (Supervisory Control And Data Acquisition) жүйесі су қысымы, жылу тасымалдағыштың температурасы, электр желілерінің жүктемесі, сорғылар мен қазандықтардың жұмысы сияқты көрсеткіштерді қадағалап, деректерді жинауға мүмкіндік береді. Ақау немесе апат қаупі туындаған жағдайда жүйе ауытқуларды жедел тіркеп, диспетчерге хабар береді.

EMS (Energy Management System) энергия тұтынуды басқаруға арналған. Ол ресурстардың қай жерде және қандай көлемде жұмсалатынын талдап, артық шығындарды анықтауға, шығындарды азайтуға және жабдықтардың жұмыс режимін оңтайландыруға көмектеседі. Бұл коммуналдық инфрақұрылымның жалпы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған.

Егер 2026 жылы мұндай жүйелер коммуналдық сала нысандарының 60 пайызын қамтуы тиіс болса, 2028 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар өңірде предиктивті ЖИ-аналитиканы енгізуге ерекше назар аударылмақ. Мұндай шешімдер инженерлік желілердің жағдайын талдап, апаттық ахуалдарды алдын ала болжауға мүмкіндік береді. ЖИ-талдау қолданылатын коммуналдық желілердің үлесі 2026 жылы 40 пайыз болса, 2028 жылға қарай 80 пайызға дейін өседі.

Бұдан бөлек, тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеу үдерісі де толық цифрландырылмақ. Апаттық қызметке қатысты барлық өтінімдер цифрлық арналар арқылы қабылданып, өңделеді деп жоспарланған. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, әрекет ету мерзімін қысқартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жерасты және жерүсті инженерлік коммуникацияларды ауқымды түгендеу көзделген. Жиналған деректер аумақтардың цифрлық жоспарлау моделін қалыптастыруға негіз болып, қала құрылысы кадастры мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуда пайдаланылмақ.

Бұған дейін Алматыда су және кәріз жүйесіне «ақылды» технологиялар енгізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 00:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары