Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Санжар Тәшкенбай Испаниядағы турнирде финалға шықты

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

Пәкістан астанасы мешітіндегі жарылыстан қаза болғандар бар

АҚШ Иранмен сауда жасайтын елдерден келетін тауарлардан баж салығын алады

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

Алматыда мемлекеттік нысандардан заңсыз шектеулерді алып тастағаны үшін топ сотталды

Жас теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

​Перизат Қайрат колонияда әзірге жұмыссыз, бірақ сәнгер болуы мүмкін

Шағын бизнеске қолдау: отандық өнімге басымдық беру ұсынылды

Оралдағы халықаралық жыр додасы

Украина Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонына соққы жасалғанын мәлімдеді

Қазақстанда 25 миллион теңге жүлде қоры бар байқау басталды

Елде туберкулездің таралуы азайып, емдеу тиімділігі артты

Өзгеріс қорқынышты... : Маржан Арапбаева көрерменді ойландырып қойды

Түркия халқы 2023 жылғы 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісі құрбандарын еске алды

Шетелдік әншілердің концертіне қатысты талаптар өзгереді

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Өзгеге байланған байланыс

Елде тегін және жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді сатқан

Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына 590 автокөлік полиция бақылауымен өтті

Жаңа жоба қоғам талқысында

Жаңа жоба қоғам талқысында

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Конституциялық реформа – қоғамның сұранысы мен мемлекет дамуының жаңа бағдарын ескере отырып жүзеге асқан жаңғыру жолы. Бұл өзгерістер басқару жүйесін жетілдіруге, халықтың шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін арттыруға және құқықтық мемлекеттің негізін бекемдеуге бағытталды.

Уақыт сұранысынан туған бастама

Бүгінде реформа аясында ұсынылған Ата заңымыздың жаңа жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кеше еліміздің бірнеше қаласында өткен жиындар барысында әр саланың сарапшы мамандары жоба мәтінінің мән-жайын ашып түсіндіріп, пайдалы тұстары жайындағы пікірлерін ортаға салды.

Алқалы отырыстың бірі Алматы­дағы Ұлттық ғылым академиясында «Конс­титуцияны жүйелі жаңғырту­дың ғылыми негіздері» деген тақырып­пен дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. Мәжіліс депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, қоғам белсенділері, академиктер мен жетекші ғалымдар қатысқан басқосуда жаңа жоба аясында ғылым, білім, адами капитал мен инновацияны мемлекет дамуының стратегиялық өзегіне айналдыру мәселесі сараланды.

 Іс-шараны жүргізген Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Конституция жобасында адами капиталды, ғылым мен инновацияларды дамыту, алғаш рет мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде анықталып отырғанын, жаңа конституциялық модель – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін дамудың зияткерлік картасы болатынын атап өтті.

Талқылау аясында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым конституциялық жаң­ғырудың мәнін қоғамның нақты сұраныстарымен, соның ішінде білім, ғылым және инновацияны дамыту міндеттері тұрғысынан зерделеу қажет­тігін, реформаның ашықтығы мен қоғам­дық талқылауын күшейту арқы­лы ғы­лыми қауымдастықтың, сарапшы­лар­дың үнін естуге мүмкіндік беру – ғы­лым­ға негізделген саясаттың маңызды алғышарты екенін жеткізді.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшім­жан Конституциялық реформалар қо­ғам­ның ұзақмерзімді даму мүдделері­мен, соның ішінде білім мен ғылым сала­ларының стратегиялық рөлімен үндес екенін айтса, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан конституциялық жаңғыру­­дың мазмұнын тіл саясаты­ның стратегия­­лық маңызын, соның ішінде мемлекет­тік тілдің ғылым, білім және қоғам­дық коммуникация кеңіс­тігіндегі рөлімен сабақтастыра пікір білдірді. 

Сондай-ақ Алматыдағы Достық үйін­де Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұн­ды жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазу­шы­лар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті.

Конституциялық реформа жөнін­дегі комиссия мүшелері Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым мен Анар Фазылжан қатысқан басқосудың басты мақсаты – ел тағдырын айқындайтын маңызды құқықтық құжатқа қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұста­нымын жүйелеп, қоғам назарына ұсыну, сондай-ақ жаңа Конституция жобасын жалпыұлттық талқылауға белсенді түрде тарту болды.

Талқылау барысында конституция­лық реформаның негізгі бағыттары, жаңа Конституция жобасында қоғам, мәдениет пен шығармашылық саласына қатысты көзделген нормалар, азаматтық институттардың орны мен жауапкершілігі төңірегінде мазмұнды пікір алмасу өтті.

Сонымен бірге Әл-Фараби атында­ғы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға ар­нал­ған академиялық тыңдаулар өтіп, оған Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері, жетекші заңгер-ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын ҚазҰУ заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатов ашып, жаңа Конституция жоба­­сының мазмұндық әрі идеялық өзегі преамбулада айқын көрініс тапқа­нын жеткізді. Жиында Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституциядағы өзге­рістер азаматтардың құқықтары мен бостандық­тарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталғанын айтты.

«Жаңа Конституцияның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарына жа­рия­ланғаннан бастап қоғам арасында кеңінен талқылануда. Қазірдің өзінде Конституциялық комиссия түскен ұсы­ныстарды қарастырып, жан-жақты тал­дау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сон­дық­тан әлі де жаңа Конституцияға то­лық­тырулар мен өзгерістер енгізіледі», деді депутат.

Ал Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өз сөзінде жаңа Конституция жобасын талқылау қоғам үшін айрықша маңыз­ды кезең екенін атап өтті. Академиялық тыңдаулар кезінде заң ғылымдары­ның док­торы, профессор Алуа Ибраева, заң ғылы­мдарының кандидаты, профес­сор Лейла Күлтемірова, Алматы қаласы Алатау ауданының судьясы Талғат Дәулет­ниязов баяндама жасады. 

Отбасын қолдаудың жаңа тетігі

Астанада «Ұстаным» ұлттық пікір­талас клубы «Конституция: Қазақстан­ның тарихи таңдау айнасы» тақыры­бын­да жиын ұйымдастырды. Отырысқа Қазақстан заңгерлер одағы, Заңнама және құқықтық ақпарат институты, Қазақстанның Азаматтық альянсы және елдің 20 өңірінен келген саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын талқылап, ұсы­нылған өзгерістер мемлекет пен аза­мат­тық қоғам арасындағы әріптестікті ны­ғайтып, азаматтардың шешім қабыл­дау үдерісіне қатысуын арттырып, қоғам­дық бақылау тетіктерін күшейтетінін сөз етті.

«Конституциялық терминология мәсе­лесі ерекше назар аударуды талап етеді. Қолданыстағы Конституция өз ке­зеңінде қабылданып, тарихи тұрғы­дан маңызды рөл атқарғанымен, оның мазмұнында бірқатар ескірген ұғымдар бар. Осыған байланысты жаңа Конституция жобасы қазіргі заман­ның құқықтық және қоғамдық сұраныс­тарын ескере отырып әзірленді», деді «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай.

Сонымен қатар Астанадағы «Sarap» эксперттік клубының «Өзгерістер кезе­­­­ңіндегі отбасы: әлеуметтік транс­формацияға Конституция тұрғы­сынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ­стан­ қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Талқыға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Жиын қатысушылары жаңа Консти­туция жобасына, оның ішінде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелерін рет­тейтін 30-бапқа қатысты ойларын ортаға салды. Сарапшылар тақырыпты қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен отбасы және туыстық қатынастардың транс­формациясын көрсететін әлеумет­танулық зерттеулер негізінде талқылады.

Іс-шарада Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа Конституция жобасына отбасы және неке қарым-қатынастарын реттеуге бағытталған жаңа норманы енгізу неке институты­ның құқықтық мәртебесін анықтап, әлеу­меттік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан отбасына жаңа құндылық бағ­дарын белгілеуге септігін тигізетінін атап өтті. 

Қазақстан Халық партиясының парла­менттік фракциясы «Жаңа Конституция: Қазақстанның бүгіні мен болашағына жаңа көзқарас» атты кеңейтілген отырыс өткізді. Оған Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен сарапшылар қатысты.

Отырысты жүргізген ҚХП жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамалары жаңа Конституция жобасын әзірлеуге мұрындық болғанын айтып өтті. «Жоба елдің мемлекеттік сая­­саты­ның жаңа бағыттарын анық­тай­ды. Бір ­палаталы Парламент (Құрыл­тай) құрылады, жаңа Жоғарғы консуль­тативтік орган – Халық кеңесіне жеке бөлім арналып, сондай-ақ Вице-пре­зидент институтының тетіктері қарас­тырылып жатыр. Бұл мемлекеттік билік архитектурасына мүлдем жаңа құрылым әкелмек», деді Мәжіліс депутаты.

ҚХП ұсынылған Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Партия мүшелері құжаттың адамға бағытталған тәсілін, өмір сүру құқығына, жеке басына қол сұғылмаушылықтың бекітілуіне, цифрлық жеке деректерді сақтауға, сондай-ақ азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ олардың әлеуметтік құқықтарын, әсіресе еңбек ету құқығын қорғауды күшейту қажеттігін атап өтті. 

Халық – биліктің бірден-бір бастауы

Қызылорда қаласында «Ауыл» пар­тия­сының Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы төрағасы, облыс­тық мәслихат депутаты Садық Мұстафа­ның төрағалығымен Саяси кеңес­тің кеңей­тілген отырысы өтті. Жиын­ды ашқан өңірлік филиал төрағасы: «Халық – биліктің бірден-бір бастауы. Конституциялық жаңғыру – ел дамуы­ның жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам», деп атап өтті.

Отырыс барысында «Ауыл» партия­сы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов жаңа Конституция жоба­сының негізгі бағыттарына тоқта­лып, қоғам арасында жүргізіліп жатқан түсін­діру жұмысының маңызын баяндады.

Сонымен қатар Президент жанын­дағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның мүшесі, партия орталық аппараты басшысының орын­басары Әйгерім Сәрсенбаева да Конституциядағы өзгерістердің әлеу­меттік саясат пен отбасы институтын ны­ғайтудағы рөліне кеңінен тоқталды.

Кеше, сондай-ақ Қостанай қаласын­дағы «IQostanay» орталығында «Цифр­ландыру жылы» аясында ауыл жас­та­рының әлеуетін арттыруға бағыттал­ған «Auyl Jastary» республикалық семинары өтті. «Ауыл» партиясы ұйымдастыр­­ған бұл іс-шара ауыл мен қала арасындағы цифр­­лық алшақтықты жойып, жаңа буын ма­мандарының технологиялық бәсе­­­кеге қабілеттілігін нығайтуды көздейді.

Семинардың ресми бөлімін «Ауыл» пар­тиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали ашып, еліміз­де жүріп жатқан ауқымды саяси жаң­ғы­­руларға тоқталып, Конституциялық реформалардың маңыздылығын ерек­ше атап өтті.

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан Конституциялық реформалар – «Әділетті Қазақстанды» құрудың берік құқықтық негізі. Бұл өзгерістер – тек заңнамалық жаңарту емес, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласуына жол ашқан жаңа саяси мәдениеттің бастауы. Бүгінгі цифрлық дәуірде жастар осы реформалардың басты қозғаушы күші әрі белсенді қа­тысушысы болуға тиіс», деді ол.           

Кеше еліміздің Кәсіподақтар федерациясында да жаңа Ата заң жобасын талқылауға арналған жиын өтіп, оған салалық кәсіподақтардың, елі­міз­дің барлық өңіріндегі Кәсіподақ орта­лықтарының басшылары, кәсіподақ бел­сен­ділері қатысты.

КФ төрағасы, Конституциялық комис­сияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталин жаңа жобаның ең маңызды тұстарына тоқтала келе: «Оның әлеуметтік мемлекетке бағдарлануы ерекше маңызды. Кәсіподақтар үшін еңбек ету құқығы және оның конституциялық мазмұны – жаңа Конституциядағы негізгі сәттің бірі. Ол әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауға құқығын растайды. Бірақ ең басты жаңалық – құқық енді мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігімен және адамның құндылығымен тікелей байланысты болады. Бұл дегеніміз, жұмысқа жай ғана «іс» деп емес, адамның лайықты өмір сүруінің негізі ретінде қарау», деді.

Тағы бір маңызды өзгеріс ретінде Сатыбалды Дәулеталин Халық кеңе­сі­нің құрылуын атады. Жиында төр­ағаның орынбасары Нұрлан Өтешев, «Қызмет» мемлекеттік, банк меке­ме­лері және қоғамдық қызмет көрсету қыз­меткерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин, т.б. сөз алып, пікірлерін ортаға салды.

Жиынға қатысушыларды тың­дап болған соң, Федерация төрағасы С.Дәулеталин мемлекет пен азамат үшін ең басты құндылықтар Конституция жобасында бекітілгенін айтты. Сондай-ақ Негізгі заң жобасын қолдау – мемлекет­­тің және оның халқының одан әрі дамуы­на азамат ретінде өз үлесіңді қосу дегенді білдіретінін атап өтті.

«Біз Қазақстанның болашағына тікелей әсер ететін маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бұл Конституция жобасын қолдау туралы шешім қоғамның болашақтағы жағдайына, тыныштыққа және еліміздің даму бағытына әсер етеді. Бұл – әрбір азаматтың ойы мен ұстанымы ерекше мәнге ие болатын жауапты сәт. Бұл кезеңнің әлемдегі жағдайы тұрақсыз болып тұрған уақытқа тұспа-тұс келуі өте маңызды. Сыртқы және ішкі қиындықтар жағдайында жаңа Конституцияны қолдау және қабылдау – еліміздің тұрақты даму жолын сақтап қалуға жасалған қадам», деп сөзін қорытындылады КФ төрағасы.

Жиын соңында қатысушылар Кәсіп­­одақтар федерациясының атынан отан­­дастарымызға арналған үндеу қабылдады.

Сонымен қатар Астана қаласында жаңа Конституция жобасын талқы­лау­ға арналған спорт қауымдастығы өкіл­дерінің жиыны өтіп, оған ұлттық спорт федерацияларының, сондай-ақ Ұлт­тық олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

Спорт саласының өкілдері жаңа Конституция спортшылар арасында әді­леттілік пен жауапкершілік қағидат­тарын орнықтыратын құжат болатынын атап өтті.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, қатысу­шылар елдің Ата заңын жаңарту­ды қолдайтын біртұтас әрі дәйекті ұста­нымдарын білдіріп, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, демократиялық институттарды ны­ғай­ту, «Әділетті Қазақстан», «Заң мен ­тәртіп» қағидаттары мен конституция­лық ­өзге­ріс­тер бойынша өз ойларын ортаға ­салды.

Спорт федерацияларының жетек­шілері уақыт өзгерген сайын спорт ережелері де жаңаратындығын атап өтіп, сол сияқты заман талабына сәйкес Конституцияны жетіл­діру, еліміздің әділетті, мықты және бәсекеге қабілетті бола­шағына бағыт­талған маңызды қадам деп санайды.

Басқосу барысында спорт қауым­дасты­ғының Конституциялық рефор­маны қолдауға арналған үндеуі оқы­лып, оған қол қойылды. Үндеуде ұлт денсау­лығын нығайту мен адам капиталын дамыту мәселелеріне басымдық беріліп, маңыздылығына ерекше тоқтал­ған. Яғни еліміздің спорт қауымдастығы Конституция жобасында көзделген адам құқықтарын қорғауға, заңның үстем­дігін қамтамасыз етуге, ұлттық бірлікті нығай­туға, азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға және мемлекеттің зайырлы сипатын сақтау қағидатына бағыт­тал­ған ереже­лерді толық қолдайтындық­­та­рын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша спорт саласының өкілдері елдің тұрақты әрі әділетті дамуына бағытталған жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Жас жыршылар «Қырымның қырық батырын» жырлады

Мирас • Бүгін, 08:10

Бакуде ән салған Әміре

Тарих • Бүгін, 08:00

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Спорт • Бүгін, 01:41

Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады

Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Спорт • Бүгін, 00:25

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Спорт • Бүгін, 00:13

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Спорт • Кеше

Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді

Есірткі • Кеше

Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?

Экономика • Кеше

Қазақстанның спорт қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдауда біртұтас ұстанымын білдірді

Ата заң • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Кәсіподақтар федерациясы Жаңа Конституция жобасын қолдау үшін қазақстандықтарға үндеу жасады

Қоғам • Кеше

Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Оқиға • Кеше

Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты

Аймақтар • Кеше

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды

Өнер • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:60
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 08:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Санжар Тәшкенбай Испаниядағы турнирде финалға шықты

06 Ақпан 2026 22:43see113

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

05 Ақпан 2026 13:29see112

Пәкістан астанасы мешітіндегі жарылыстан қаза болғандар бар

06 Ақпан 2026 20:33see111

АҚШ Иранмен сауда жасайтын елдерден келетін тауарлардан баж салығын алады

07 Ақпан 2026 05:06see111

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

05 Ақпан 2026 13:04see110

Алматыда мемлекеттік нысандардан заңсыз шектеулерді алып тастағаны үшін топ сотталды

06 Ақпан 2026 15:13see109

Жас теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

05 Ақпан 2026 16:23see108

​Перизат Қайрат колонияда әзірге жұмыссыз, бірақ сәнгер болуы мүмкін

06 Ақпан 2026 15:13see108

Шағын бизнеске қолдау: отандық өнімге басымдық беру ұсынылды

06 Ақпан 2026 15:10see108

Оралдағы халықаралық жыр додасы

06 Ақпан 2026 13:39see108

Украина Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонына соққы жасалғанын мәлімдеді

05 Ақпан 2026 20:55see107

Қазақстанда 25 миллион теңге жүлде қоры бар байқау басталды

06 Ақпан 2026 13:09see106

Елде туберкулездің таралуы азайып, емдеу тиімділігі артты

06 Ақпан 2026 16:56see106

Өзгеріс қорқынышты... : Маржан Арапбаева көрерменді ойландырып қойды

05 Ақпан 2026 21:58see105

Түркия халқы 2023 жылғы 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісі құрбандарын еске алды

07 Ақпан 2026 06:03see105

Шетелдік әншілердің концертіне қатысты талаптар өзгереді

06 Ақпан 2026 12:56see105

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

05 Ақпан 2026 14:33see105

Өзгеге байланған байланыс

07 Ақпан 2026 08:58see104

Елде тегін және жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді сатқан

06 Ақпан 2026 14:21see104

Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына 590 автокөлік полиция бақылауымен өтті

06 Ақпан 2026 14:21see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары