Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Ақмола облысында көлік өртенді

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

Жәрдемақыдан зейнетақы жарналарына дейін: жаңа ЕТЖ неге әсер етеді

Жәрдемақыдан зейнетақы жарналарына дейін: жаңа ЕТЖ неге әсер етеді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

2027 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс жұмысшылардың табысына ғана емес, кейбір әлеуметтік төлемдердің көлеміне, сондай-ақ зейнетақы жарнасы мен мемлекеттік қорларға аударылатын аударымдарға да әсер етуі мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі бұл өзгерістер кімдерге қатысты болатынын және қандай төлемдер өсетінін анықтап көрді.

ЕТЖ деген не?

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – бұл жұмыс беруші жұмыс уақытының толық нормасын атқарған қызметкерге бір ай үшін төлеуге міндетті ең аз сома.

Бұл көрсеткіш жұмысшыларды қорғаудың мемлекеттік кепілі ретінде қызмет етеді және еңбекақыны реттеу үшін, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылады.

ЕТЖ мөлшері жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" заңда бекітіледі. Кейінгі үш жылда Қазақстанда ЕТЖ 85 мың теңге деңгейінде өзгермей келеді. Соңғы рет индекстеу 2024 жылы жүргізілді: ол кезде сома 15 мыңға – 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылған.

28 қазанда Президент Қазақстан халқына Жолдауында ЕТЖ 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтерілетінін айтты.

Бұл кімдерге қатысты болады?

Президенттің айтуынша, ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллион адамға әсер етеді. Олардың қатарында бюджеттік сала қызметкерлері мен жеке компаниялардың жұмысшылары бар.

Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 110 мың теңгеден кем емес жалақы төлеуге міндетті болады. Бұл мемлекеттік мекемелерге де, жеке бизнеске де қатысты.

Бұл әлеуметтік төлемдерге қалай әсер етеді?

Кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері адамның қанша табыс тапқанына байланысты. Бұл ретте есептеу үшін жеті ең төменгі жалақыдан аспайтын табыс ескеріледі. Егер ЕТЖ өссе, төлемдер мөлшері де артады.

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін төлем мөлшері орташа айлық табыс бойынша есептеледі, бірақ 7 ЕТЖ-дан аспайтын шекте ескеріледі.

ЕТЖ 110 000 теңгеге дейін өскен кезде, максималды есептік база 595 000 теңгеден 770 000 теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл төлемдердің жоғарғы шегі өсетінін білдіреді:

Қазір: Ең жоғары сома айына 238 000 теңге болған (595 000 теңгенің 40 пайызы). Болады: Ең жоғары мөлшер айына 308 000 теңгеге дейін артады (770 000 теңгенің 40 пайызы). Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы

Жұмысынан айырылу бойынша төлем де осы сызбамен есептеледі.

Қазір: Ең жоғары сома айына 267 750 теңге (595 000 теңгенің 45 пайызы). Болады: Ең жоғары сома айына 346 500 теңгеге дейін өседі (770 000 теңгенің 45 пайызы). Жүктілік және босану бойынша төлем

ЕТЖ-ның өсуі табысы орташа деңгейден жоғары әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің максималды мөлшерін арттырады.

МӘСҚ-тан есептеу үшін алынатын максималды орташа айлық табыс 7 ЕТЖ-мен шектелгендіктен, ескерілетін табыстың жоғарғы шегі келесідей өзгереді:

ЕТЖ 85 000 теңге – айына 595 000 теңге. ЕТЖ 110 000 теңге – айына 770 000 теңге. Есепке алынатын максималды табыс айына 175 000 теңгеге өседі.

Анықтама: 2026 жылы жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 2 499 000 теңге болды. Егер орташа айлық табыс белгіленген шектен (7 ЕТЖ) асып кетсе, төлем осы лимит негізінде есептеледі. Табыс көлемі кейінгі 12 айда МӘСҚ-қа түскен әлеуметтік аударымдармен расталады. Егер есеп айырысу кезеңі әртүрлі жылдарды қамтыса, әр айға сол кезде қолданыста болған ЕТЖ мөлшері пайдаланылады.

ЕТЖ тағы неге әсер етеді?

ЕТЖ-ның көтерілуі жалақыға ғана емес, мемлекеттік қорларға төленетін кейбір міндетті төлемдерге де әсер етеді. Әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының және медициналық сақтандыру төлемдерінің ең төменгі және ең жоғарғы сомалары өзгереді.

Әлеуметтік аударымдар

Жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударады. Бұл қордан, мысалы, жұмысынан айырылғанда немесе декретке шыққанда ақша төленеді.

Есептеу үшін ЕТЖ-ға байланған ең төменгі және ең жоғарғы шек қолданылады.

Ең төменгі әлеуметтік аударым: 2026 жылы 85 мың теңгелік ЕТЖ негізінде есептеледі – бұл айына 4 250 теңге. Егер ЕТЖ өссе, бұл сома 5 500 теңгеге дейін артады.
Ең жоғары әлеуметтік аударым: қазір 595 мың теңгеден (7 ЕТЖ) аспайтын табыстан есептеледі, сондықтан максималды сома айына 29 750 теңге, ал ЕТЖ өскен кезде ол 38 500 теңгеге жетеді. Міндетті зейнетақы жарнасы

Жұмысшылар жалақысының 10 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы шоттарына аударады. Бұл жарна бойынша есептелетін ең жоғары табыс көлемі – 50 ЕТЖ болып белгіленген.

Қазір: жарнаны есептеуге арналған ең жоғары табыс – айына 4,25 миллион теңге. ЕТЖ көтерілгенде 5,5 миллион теңгеге дейін артады.

Бұл жоғары жалақы алатын қызметкерлерге қатысты. Лимиттің артуына байланысты олардың зейнетақы жарналарының мөлшері өсуі мүмкін.

Жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы

Жұмыс берушілер де өз қызметкерлері үшін зейнетақы жарнасын аударады. Бұл төлемдерді есептеу кезінде де 50 ЕТЖ мөлшеріндегі шектеу қолданылады. Ең төменгі жалақы өскеннен кейін есепке алынатын ең жоғары табыс 4,25-тен 5,5 миллион теңгеге дейін өседі.

Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда жәрдемақы тағайындау жүйесі өзгертіліп жатыр. Әл-ауқат деңгейіне қарай қазақстандықтар бес топтың біріне – A, B, C, D немесе E тобына жатқызылады. Төлем мөлшері немесе оның жалпы берілуі осыған байланысты болады.

Еңбек министрлігі бұл көмектің атаулығын қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсіндірді. Кімдер жәрдемақы ала алады, кімдерге бас тартылады және әр санаттың сипаттамасы қандай - мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Жаңа тәсіл Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа ереже бойынша қандай жәрдемақылар тағайындалатыны туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы мобильді аударымдарды тексеру: ең төменгі жалақы өскеннен кейін шекті мән қалай өзгереді?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see146

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see145

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see144

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see137

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see136

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see135

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see134

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see133

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see132

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see132

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see132

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see131

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see131

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see130

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see130

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see129

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see124

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see120

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары