Қазақстандық кәсіпкерлер үшін шетелдегі мемлекеттік сатып алуға қатысу жеңілдейді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Құрылтай депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөнінде хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 30 түзету енгізіліп отыр. Негізгі мәселелер:
ішкі нарықтың жұмыс істеуі;
мемлекеттік сатып алу;
техникалық реттеу;
көрсетілетін қызметтер саудасы;
бәсекелестік;
электр энергетикасы;
көлік.
"Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді әдіснамалық тұрғыдан саралау және тосқауылдар мен шектеулерді жойылды деп тану жөніндегі өкілет бекітіледі. Аталған норма комиссия жұмысының бірыңғай тәсілін қалыптастырудың құқықтық негізін айқындайды және елдеріміз арасындағы кедергісіз ортаны қалыптастыруды жақсартуға ықпал етеді", - деді Шаққалиев Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Банктік кепілдіктер өзара танылады
Хаттамада банктік кепілдіктерді өзара тану тетігі де бекітіледі.
"Бұл отандық кәсіпкерлерге қазақстандық банктің кепілдігі болған жағдайда одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Бұған дейін басқа мүше мемлекеттер банктерінен кепілдік алу талап етілген", - деп атап өтті министр.
Бұдан бөлек, әкелу кедендік баждарын төлеуге байланысты мәліметтер алмасу жөніндегі нормалардың қайталануы жойылады. Өйткені мұндай ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген. Сондай-ақ комиссияның мүше мемлекеттер ұсынатын ақпаратты пайдалану мақсаттары нақтыланады.
Ал бәсекелестік саласында комиссия шешімдері орындалатын аумақтағы мемлекеттің заңнамасын ескере отырып, оларды мәжбүрлеп орындату тәртібі нақтыланады.
"Осылайша, енгізілетін өзгерістер қайталанатын ережелерді жоюға, қолданыстағы тетіктерді нақтылауға және Одақ шеңберіндегі жекелеген рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған", - дейді Шаққалиев.
Айта кетері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары хаттамаға 2025 жылғы 28 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 16:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















