Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Жастар чемпиондық рухты қалыптастырып, есірткіге қарсы салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

Жастар чемпиондық рухты қалыптастырып, есірткіге қарсы салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматы облысы Қарасай ауданының  SDU University  алаңында өткен «Чемпиондық рух» жобасы – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісі болып, есірткіге қарсы күрес пен денсаулықты сақтау мәселесін алдыңғы қатарға қойды.

Іс-шара барысында 200-ге жуық жас спортқа деген қызығушылығын арттырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.

Басты мақсат – жастардың бойында отансүйгіштік пен ерік-жігерді қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салты арқылы есірткіге қарсы иммунитетті күшейту.

Алматы облыстық мәслихат депутаты, ҚР ІІМ жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшесі, джиу-джитсудан қара белбеу иегері, грэпплингтен Азия чемпионы, «Чемпиондық рух» жобасының амбассадоры Нұрсұлтан Орынбасаров:

«Чемпиондық рух – бұл тек жоба ғана емес, бұқаралық спортты насихаттауды көздейтін бастама. Егер халқымыз, әсіресе жастарымыз бен ересектеріміз, таңғы жаттығуларды күнделікті әдетке айналдырса, онда біз дені сау ұлт, мықты қоғам, және берік мемлекет құра алатын боламыз. Денсаулық – адам баласының ең үлкен байлығы, ал дені сау халық – кез келген мемлекеттің ең қуатты күшіне айналады. Чемпиондық рух – осы құндылықты насихаттап, елдің әрбір тұрғынының бойында мықты денсаулық пен рухты қалыптастыруды мақсат тұтады. Бұл бастама әрбір өңірде жалғасып, еліміздің барлық аумағына таралып, ұлттық дәстүрге айналады деп сенемін», – деді ол.

Ал Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ардақ Қайсаров шара физикалық денсаулықты ғана емес, моральдық принциптерді нығайтуға бағытталған дейді:

«Әрбір қатысушының бойында чемпиондық рухты қалыптастырып, оларды есірткіге қарсы тұруға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Осы құндылықтарды алға тарта отырып, жастарға есірткісіз болашақтың, дені сау ұлттың қалыптасуына үлес қосуға мүмкіндік береді».         

Сондай-ақ  іс-шара барысында БАӘ Абу-Даби қаласында Джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында жүлделі орын алып келген Алматы облысы Сағадат Батыр спорт клубының спортшыларын Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев атынан алғысхатпен марапаттады. Олардың қатарында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Лашын Нұрмағанбет, джиу-джитсудан балалар арасында әлем чемпионатының чемпионы Николоз Саруа, джиу-джитсудан балалар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Айлин Искакова, джиу-джитсудан балалар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Радмир Николаенко бар.

Жастармен өткен іс-шараға Қарасай ауданы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұсқабек Зауланбаев, Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ардақ Қайсаров, самбо және дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айсара Керімбекова, ауыр атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Жасұлан Қыдырбаев, қоғам белсендісі, танымал блогер Алпамыс Жарылқасынов, джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Райхан Абдулаева, «Чемпиондық рух» жобасының амбассадоры, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров, SDU университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мұхаммедали Ибрагимов және өзге де танымал спортшылар мен бапкерлер, белсенді жастар қатысты.

Айта кетеміз, бұл бастама «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатымен бірге жүзеге асырылып отыр. Жоба жастардың өз әлеуетін спорт арқылы ашуына, салауатты өмір салтына бет бұруына нақты серпін беруде. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 13:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see141

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары