Жасыл аймақтың қақ ортасындағы биодәретхана: Атырау қаласында ерекше нысан пайда болды
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қ. Сәтпаев даңғылы бойындағы жасыл аймақта орнатылған биодәретхана әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.
Қала тұрғындары биодәретхананың ашық жерде, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге анық көрінетін орында тұрғанына назар аударды. Кейбір желі қолданушылары мұны мысқылмен қабылдап:
«Бұл енді жаңа деңгейдегі абаттандыру ма? Дәретхана қаланың қақ ортасында, көшенің дәл ортасына қойылған», – деп жазуда.
Қалалық әкімдік түсініктеме беріп, биодәретхана КДМС мекемесінің қызметкерлеріне арналғанын айтты.
«Бұл биодәретхана – Қ.Сәтпаев даңғылында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан 50 шақты қызметкер үшін қойылды», – делінген ресми хабарламада.
Дегенмен, тұрғындар арасында нысанның дәл осындай көзге көрінетін жерге қойылуы жөнінде сұрақтар әлі де бар.
Айгүл МАНСУРОВА
Бүгін, 11:44
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:ШҚО көшелерінде ерекше полицей пайда болды
13 Қыркүйек 2026 11:44
Алматы аспанында ерекше жарқыраған нысан байқалды
26 Сәуір 2026 17:10
Орал қаласында 600 дей нысан абаттандыру тізіміне енгізілмеген
08 Қаңтар 2026 23:57
Жол ортасындағы автожуу орны Қостанайдан түсірілген ерекше видео желіде тарап кетті
08 Мамыр 2026 17:40
Атырау жастарын ”Жасыл ел” жұмысқа шақырады
19 Мамыр 2026 11:10
Көрілімдер:116
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 13:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















