Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жетісу университетінде 6 800 ден астам студент жасанды интеллект бағытында білім алуда

Жетісу университетінде 6 800 ден астам студент жасанды интеллект бағытында білім алуда

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында Қазақстанның цифрлық державаға айналуы – уақыт талабы деп, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар ел дамуының құрамдас бөлігі ғана емес, ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің берік негізі екенін айрықша атап өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі таңда цифрландыру экономика, мемлекеттік басқару және қоғам өмірінің барлық саласына терең еніп, ұлттық дамудың стратегиялық факторына айналып отыр.  

Жетісу университеті тірек жоғары оқу орны ретінде өңірдегі білім берудің цифрлық экожүйесін қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Университетте еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие IT және жасанды интеллект саласының білікті кадрларын даярлауға бағытталған кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда Жасанды интеллект бағыты бойынша 7 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, онда 6 805 студент оқыды. Huawei платформасында 6 000-нан астам, Coursera платформасы арқылы 7 427 тыңдаушы білім алды. Сонымен қатар 367 педагог жасанды интеллект саласы бойынша біліктілігін арттырды. Студенттер «Жас ғалым»,  StartUp  бағдарламалары мен жалпыуниверситеттік конкурстар аясында жобалар әзірлеп, компьютерлік желілер, жасанды интеллект, виртуалды шындық, робототехника және мехатроника зертханаларында прототиптер жасайды.

Қазіргі таңда университетте 5 ЖИ-агент әзірленіп, енгізілді. Олар:  ZU Connect, ZU AI Game Studio, «ZU Мультимедиа», «ZU Smart Zhetysu цифрлық платформасының көмекшісі» және «ZU Aurora» дауыстық көмекшісі. Алдағы уақытта  AI-Enabled University  тұжырымдамасы аясында жаңа ЖИ-агенттерді әзірлеу жоспарланып отыр.

Дарынды жастардың шығармашылық және техникалық әлеуетін дамыту мақсатында «AI-Sana  Жетісу университеті студенттерінің көзқарасымен: үйренеміз, жасаймыз, болашақты өзгертеміз» тақырыбында конкурс жарияланды. Конкурстың мақсаты – студенттер арасында жасанды интеллект құралдарын кеңінен насихаттау, үздік жобаларды анықтап,  қолдау көрсету.

Университетте әзірленген  Smart Zhetysu  цифрлық платформасы негізгі үдерістерді цифрландыруға, автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталған. Бұл платформа арқылы білім алушылар онлайн режимде жатақханадан орын алу, ауысу, апелляция, жазғы семестр, академиялық демалыс, оқудан шығару, бос білім беру гранттары конкурсына қатысу бойынша өтініш бере алады, сондай-ақ «one click» форматында түрлі анықтамалар алады.

Оқытушылар мен қызметкерлер үшін жеке кабинеттер, корпоративтік мессенджер, ғылыми қызметті жоспарлау және есепке алу құралдары қолжетімді. Электрондық кітапхана мен каталогқа еркін қол жеткізу қамтамасыз етілген.  Smart Zhetysu  платформасы үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл –  көрсеткіштер жасанды интеллектіні меңгерудің айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. 

Бұл шешім еліміздің барлық саласында, соның ішінде білім мен ғылымда жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуді жеделдетуге бағытталған маңызды қадам болып отыр. 

Бұл тәжірибе еліміздегі университеттердің білім беру жүйесін жаңғыртып, студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, жоғары білімнің трансформациясына нақты серпін береді.

Жетісу университеті білім беру мен ғылымдағы белсенділігін арттырып, жасанды интеллект арқылы жоғары білімнің жаңа дәуіріне  жол салуда.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 17:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары