Жезқазғанда АН 12 ұшағы апатты жағдайда қонды
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Жезқазғанда әскери ұшақтың апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат тарады.
"Жезқазған Эйр" АҚ мәліметінше, оқиға 10 шілде күні болған.
"Жезқазған қаласы әуежайының аумағында АН-12 әуе кемесіне қатысты авиациялық оқиға тіркелді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта әуежай аумағында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты кейбір әуе тасымалдаушылар рейстер кестесіне өзгеріс енгізуі мүмкін. Жолаушыларға рейстердің мәртебесін өз әуе компанияларынан нақтылау ұсынылады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ әуежай әкімшілігі жағдай бақылауда екенін және барлық уәкілетті қызметтермен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
АН-12 – 1950 жылдардың соңында Антонов атындағы конструкторлық бюрода жасалған кеңестік төрт қозғалтқышты турбовинтті әскери-көлік ұшағы. Бұл әуе кемесі жүк, техника және жолаушылар тасымалдауға арналған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 18:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















