Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

29 елді жаяу аралап ер адам үйіне қайту үшін 28 жылын жұмсады

29 елді жаяу аралап ер адам үйіне қайту үшін 28 жылын жұмсады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Үйіңізден нан алуға шығып, 28 жылдан кейін... жер шарының жартысын жаяу айналып келгеніңізді елестетіп көріңізші. Бұл шытырман оқиғалы романның желісі сияқты көрінгенімен, британдық Карл Бушби үшін бұл – нақты өмір. Осы жылдар ішінде әлем өзгерді, дәуірлер мен технологиялар алмасты, ал ол тек алға жылжуын тоқтатпады, деп хабарлайды Tengri Travel.

Бәрі қалай басталды?

1998 жылдың 1 қарашасында Карл Бушби Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласынан жолға шықты. Оның мақсаты – жер шарын үздіксіз маршрутпен айналып өтіп, Англиядағы туған қаласы Халлға жету болды. Ол кезде бұрынғы британдық десантшы бұл сапардың отыз жылға жуық уақытты алатынын елестете де алмаған шығар.

Ол өзіне екі ереже қойды: маршрут бойынша ілгерілеу үшін ешқандай көлік пайдаланбау және саяхатты аяқтамайынша үйіне оралмау. Басқаша айтқанда, қиын учаскені еңсеру үшін ұшаққа отырып, содан кейін жаяу жалғастыруға рұқсат етілмеді.

@karlcbushby Ұлыбританияға жеттім #karlbushby #golithexpedition ♬ түпнұсқа дыбыс - Karl Bushby

Бушби өз экспедициясын Goliath (Голиаф) деп атады. Бастапқыда ол 12 жылда үлгеруді жоспарлаған еді, бірақ түрлі жағдайлар жоспарды қайта-қайта өзгертті.

Саяхатшы 50 мың шақырымнан астам жолды еңсеріп, ондаған елді басып өтті және көптеген климаттық белдеуді артқа тастады. Оның жолында таулар, шөлдер, тропикалық ормандар мен мұзды алқаптар кездесті. Алайда ең күрделі кедергілер көбіне табиғи жағдайлар емес, мемлекеттік шекаралар, визалық шектеулер мен саяси қақтығыстар болды.

Джунгли, мұзды бұғаз және Каспий теңізі арқылы

Ең қауіпті учаскелердің бірі Дарьен алқабы болды – бұл Панама мен Колумбия арасындағы өтуі қиын аумақ. Мұнда қалың джунгли, батпақтар мен таулармен қатар қарулы топтарға тап болу қаупі бар. Бушбиге ормандарды кесіп өтіп, өзенмен жүзуге және бірнеше рет қарулы адамдардың нысанасында қалуға тура келген.

2006 жылы саяхатшы америкалық зерттеуші Димитри Киффермен бірге Аляска мен Ресей арасындағы Беринг бұғазын ықпа мұздар арқылы кесіп өткен. Бұл экспедицияның ең қауіпті кезеңдерінің бірі болды: мұз аяқ астынан жарылып кетуі мүмкін еді, ал температура минус 30 градусқа дейін төмендеді. Бірде олардың жүк тиелген шаналары мұздай суға батып кеткен. Сонымен қатар ер адамдар ақ аюға да кезіккен.

Ресейге келгеннен кейін саяхатшылар шпионаж жасады деген күдікпен ұсталып, кейін Аляскаға депортацияланды. Бұл Бушбидің жоспарларына жасалған ең ауыр соққылардың бірі болған.

Бірақ бірнеше жыл өтсе де, ол өз мақсатынан бас тартқан жоқ.

2024 жылы Бушби экспедицияның басқа қатысушыларымен бірге Қазақстаннан Әзербайжанға жетіп, сапарын құрлық арқылы жалғастыру үшін Каспий теңізін жүзіп өтті. Жүзу шамамен бір айға созылды. The Guardian мәліметінше, саяхатшылар суда 31 күн өткізген.

Бұл кезең құрлықтағы маршрутты таңдаудағы қиындықтарға, соның ішінде саяси жағдай мен шекарадан өтудегі шектеулерге байланысты қажет болды.

Неге жол үш онжылдыққа жуық уақыт алған

Бастапқыда Бушби үйіне 12 жылдан кейін оралуды жоспарлаған еді. Алайда экспедиция бірнеше рет тоқтап қалған.

Себептердің қатарында – визалық мәселелер, жабық шекаралар, қаражат тапшылығы және COVID-19 пандемиясы бар. Кейбір кезеңдерде саяхатшы жолын жалғастыру мүмкіндігін айлап, тіпті жылдап күтуге мәжбүр болған. Қаржылық қиындықтар кезінде ол өзін асырау және экспедицияға қайта оралу үшін Мексикада жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Бұл ретте Бушби кедергіні көлікпен айналып өтіп, басқа нүктеден жалғастыра алмаған. Егер жағдайлар маршрутты үзуге мәжбүр етсе, ол тоқтаған жеріне қайта оралып, жолын өздігінен жалғастыруы тиіс еді.

Экспедиция кезінде ол 29 елді басып өтіп, шамамен 58 мың шақырымды еңсерді – бұл жер шеңберінің ұзындығынан да көп. Оның саяхатының басты принципі жүріп өткен шақырымдардың саны емес, маршруттың үздіксіздігі болды.

Соңғы кедергі - Ла-Манш

2026 жылдың күзіне қарай Бушби Францияға жетті. Ла-Манш бұғазын кесіп өтіп, Ұлыбритания бойынша жолын жалғастыру ғана қалған еді.

Ол бұғаз астындағы тоннель арқылы өткісі келгенімен, қауіпсіздік мақсатында оған қызметтік тоннельді пайдалануға рұқсат берілмеді. Нәтижесінде саяхатшы су кедергісін жүзіп өтуді ұйғарған.

Өткел үш күнге созылып, саяхатшы суда шамамен 20 сағат өткізді. 2026 жылдың 5 қазанында Бушби Дувр маңындағы Шекспир жағажайына шығып, 28 жылдан бері алғаш рет британ жерін басты.

@karlcbushby #karlbushby #golithexpedition #worldwalk #walking ♬ түпнұсқа дыбыс - Karl Bushby

Саяхатшының айтуынша, ол өзін кәсіби жүзуші санамаған және су бетіндегі қозғалысын әзілмен "асықпай ескекшелеп жүзу" деп атаған. Алайда дәл осы кезең оған экспедицияның басты шартын орындауға - бүкіл бағытты өз күшімен еңсеруге мүмкіндік берді.

Ол әлі үйіне жеткен жоқ

Ұлыбританияға оралу саяхаттың нүктесі болған жоқ. Экспедицияның ресми сайтының мәліметінше, жағаға шыққаннан кейін Бушбиге өзі өскен және анасы тұратын Халл қаласына дейін тағы 400 шақырымдай жол жүру керек болды.

Саяхатшы экспедицияны бастаған сәтінен тура 28 жыл өткенде - 2026 жылғы 1 қарашада аяқтауды жоспарлап отыр.

Осы жылдар ішінде ол көптеген отбасылық оқиғадан тыс қалды. Ұлы ер жетті, ал қазір 12 жасқа толған немересін ол әлі көрген де жоқ. Бушбидің өзі осыншама уақыттан кейін үйреншікті өмірге қайта бейімделуі керек екенін мойындайды.

@karlcbushby

Hi, I’m Karl

♬ original sound - Karl Bushby

Сондай-ақ ол The Guardian басылымына берген сұхбатында елге оралу өзінде қобалжу тудыратынын айтты: отыз жылға жуық уақыт бойы экспедиция оның басты мақсаты болды, ал енді ол соңына жетіп қалды.

Бушбидің хикаясы - бұл тек үйіне ұзақ уақыт бойы жаяу жүріп жеткен адамның әңгімесі ғана емес. Бұл бір идеяның бүкіл өмірді қалай бағындыра алатыны, мүмкін емес деп саналатын дүниелерге жаңаша қарауға және алдын ала болжау мүмкін емес сынақтарға төтеп беруге болатыны туралы тарих.

Бұл хикаяның ең қызықты тұсы: саяхатшының өзі жаяу жүруді аса ұната бермейтінін айтады. Оны жаяу жүру процесі емес, берген уәдесінен таймай, бір нүктеден екінші нүктеге жету мақсаты қызықтырған.

Бұған дейін біз астаналық 50 жастағы жиһаз шебері Асқар Серікпаевтың көптің қолынан келе бермейтін ерлік жасағаны туралы жазған болатынбыз. Ол жұмысын тастап, отбасымен келісіп, тоғыз елді басып өтетін жаяу саяхатқа аттанған еді. 527 күн ішінде ол бірнеше аяқ киім тоздырып, түрлі адамдармен достасып, басты байлық ақша емес, көңіл тыныштығы екенін түсіну үшін макаронмен ғана қоректенуді үйренді. Tengri Travel қазақстандық саяхатшымен сұхбаттасып, сапардың қалай өткенін және оны мұндай қиын жолға не итермелегенін білді.

Тағы оқыңыз: Ұлытаулық 76 жастағы ақсақал Парижге жаяу барып, марапатқа ие болды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары