44 жылдық тарих: Қазақстандағы соңғы Ан 26 әскери ұшағы саптан шығарылды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әуе сапындағы соңғы Ан-26 әскери-тасымал ұшағы соңғы рейсін орындап, пайдаланудан шығарылды. Осылайша еліміздің әскери авиациясындағы бұл типтегі әуе кемелерінің 44 жылдық қызмет тарихы толығымен аяқталды.
Ұлттық ұлан авиациясының құрамында болған жылдары Ан-26 әуеде 8400 сағат болды. Қызмет барысында ұшақ заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, ИКАО стандарттарына сәйкестендірілген. Бұл оған ел ішінде де, таяу шетелдерде де қызметтік тапсырмаларды кедергісіз орындауға мүмкіндік берді.
Бұл әуе кемесі 1981 жылы Киев авиация зауытынан шыққан. Алғашқы онжылдықта ол КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің құрамында болып, оңтүстік шекараны күзетуге, жеке құрам мен жүктерді тасымалдауға қатысты. Ал 1992 жылдан бастап Тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық ұланының игілігіне беріліп, бүгінге дейін әскери міндетін мүлтіксіз атқарып келді.
Аңызға айналған ұшақтың соңғы ұшуын 3656 әскери бөлімінің ұшқышы, подполковник Медет Сейтов басқарған экипаж жүзеге асырды. Ол 15 жыл бойы осы әуе кемесін тізгіндеген әрі осы типтегі ұшақтардың соңғы ұшқыш-нұсқаушысы болып саналады.
Сурет: polisia.kz
Бүгін, 10:58
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:23
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 13:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















