Абай облысында 7 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған ұйымның қызметі әшкере болды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұйымдастырушылар азаматтарды «HALYK QUATY» кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендірген. Осы мақсатта олардан пайлық жарналар талап етілген.
- halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, «Әр отбасыға бақыт!» деген ұранды қолдану арқылы «халықтық кооператив» деген жалған бейне қалыптастырған. «HALYK» тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы «ELL QUATY» болып өзгертілген, - деп жазды ведомстводан.
Жаңа салымшыларды тарту үшін түрлі маркетингтік акциялар ұйымдастырылған, оның ішінде «Солнечная Турция» туристік жолдамаларын ұтысқа қойғаны анықталды.
Тергеу барысында ұйымдастырушы қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында өз атына «QAZ INFO MARKET» ЖШС тіркеп, салымшылар қаражатын «кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем» ретінде шығарып отырғаны белгілі болды. Алайда мұндай қызметтер көрсетілмеген.
Пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олардың жалпы шығыны 6,8 млрд теңгеге жеткен.
Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Қарағандыда «Үміт Самғау» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар тергеліп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 11:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















