Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Абзал Құспан әлеуметтік желіде депутаттарға қарсы айтылған үндеулерге қатысты мәлімдеме жасады

Абзал Құспан әлеуметтік желіде депутаттарға қарсы айтылған үндеулерге қатысты мәлімдеме жасады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

- Соңғы уақытта біз бір қауіпті үрдісті байқап отырмыз. Кез келген өзекті мәселе - мейлі ол әлеуметтік болсын, тұрмыстық болсын, тіпті жануарларға қатысты болсын - әп-сәтте эмоцияға, айғайға, айыптауға айналып кетеді. Осы тұста маңызды жайтты атап өткім келеді. Қазір қоғамда кеңінен талқыға түскен үй жануарларына жауапкершілікпен қарау туралы заңда иттерді 5 күнге дейін уақытша ұстау қарастырылған. Егер осы мерзім ішінде иесі табылмаса, әрі қарай тиісті шешім қабылдау тетігі көзделген. Ең маңыздысы – осы мерзімді ұзарту құқығы жергілікті мәслихаттарға беріліп отыр. Өйткені, әр өңірдегі жағдай әртүрлі. Өкінішке қарай, заңдағы осы нормалар қоғамға толық жеткізілмей, ақпарат біржақты тарап жатыр, яғни факті емес, манипуляция алға шықты. Диалогтың орнына - қысым, пікірталастың орнына - қорлау келеді. Бұған нақты мысалдар жеткілікті. АЭС мәселесі, жаңа Конституция төңірегіндегі талқылаулар, қазіргі үй жануарларына жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы - осының бәрінде бір сценарий қайталанып отыр, - деді А. Құспан Мәжілістің жалпы отырысы барысында.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде, соның ішінде Facebook-те жазылған пікірлердің бірқатарында Жаңбыршин, Пономарев секілді депутаттардың аты аталып, оларға қатысты тікелей зорлық-зомбылық жасауға, тіпті атып өлтіруге үндеулер айтылған.

- Бұл - жай эмоция емес. Бұл - құқықтық баға беруді қажет ететін нақты әрекет. Қақтығыс тек депутаттар мен жекелеген азаматтар арасында ғана емес, осы заң жобасын қолдаған және қарсы болған топтардың арасында да қауіпті деңгейге дейін ушығып отыр. Мұндай әрекеттердің құқықтық шегі бар. Жеккөрушілік тудыру, араздық қоздыру, зорлық-зомбылыққа шақыру - бұлар заңмен тікелей тыйым салынған әрекеттер. Сондықтан мұндай фактілерге құқық қорғау органдары нақты құқықтық баға беруге тиіс. Бұл - жәй пікір емес, қылмыстық жауапкершілік туындататын әрекет. Ең алаңдатарлығы - осындай тақырыптардың айналасында әдейі қоғамды бөлуге тырысатын, әлеуметтік алауыздықты қоздыратын мәлімдемелердің көбеюі. Бұл – кездейсоқ құбылыс емес. Мемлекеттік институттарды жаппай қаралау, қоғамды бір-біріне айдап салу - бұл сөз бостандығы емес. Бұл - жауапсыздық. Сондықтан менің ұстанымым айқын: біз «Заң мен Тәртіп» қағидатын сөз жүзінде емес, іс жүзінде қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қоғамдық талқылау болуы керек - бірақ ол жауапкершілікпен жүргізілуі тиіс. Сын болуы керек - бірақ ол дәлелге негізделуі тиіс, - деді депутат.

Осы орайда ол келіспейтін нормаларға қатысты ұсыныстар заң аясында шешілуі тиіс екенін айтты.

- Бізде бұл үшін барлық институционалдық тетіктер бар. Нақты мәселе алаңдатқан адам - диалогқа келсін. Ұсыныс берсін. Бақылауға қатыссын. Бұл - дұрыс әрі нәтижелі жол. Біз құқықтық мемлекетпіз. Ал құқықтық мемлекетте бір ғана өлшем бар - ол Заң! Сондықтан әркім өз сөзі мен іс-әрекетіне жауап беруі тиіс. Біздің міндет - эмоцияға ермеу, қоғамды бөлмеу, керісінше біріктіру. Сондықтан мен осы үндеу арқылы барша азаматтарды Заң мен Тәртіп қағидатын қатаң ұстануға, әр сөз бен әрекетке жауапкершілікпен қарауға шақырамын, - деді Абзал Құспан.

Еске салсақ, биыл 8 сәуірде Парламент Мәжілісі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 12:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары