Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

ADF 2026: Сенім қазақ дипломатиясының стратегиялық құралы

ADF 2026: Сенім қазақ дипломатиясының стратегиялық құралы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Анталия дипломатиялық форумы бесінші рет өтіп жатыр. Бұл алаңның басқа халықаралық конференциялардан ерекшелігі неде?

— Сұраққа жауап беру үшін өзге конференциялардың сипатын қарастыруымыз керек. Мысалы, Мюнхен конференциясын алайық, ол қорғаныс мәселесіне арналған қатаң форматтағы «директорлар кеңесі» секілді. Давос болса, жаһандық элита мен миллиардерлер жиналатын, қарапайым адамға есігі жабық клубқа көбірек ұқсайды. Ал Анталиядағы форум — нағыз дипломатиялық open-air.

Менің ойымша, ADF-тың басты ерекшелігі оның инклюзивтілігінде жатыр. Түркиядағы форумда «Жаһандық Оңтүстік» пен Орталық Азия елдерінің дауысы ірі державалардың үніндей естілетін болады.

Сонымен қатар Анталия дипломатиялық форумы еркін форматта, демек «галстуксыз кеңес» орны іспетті. Мұндай әдіс бейресми кеңес өткізуге мүмкіндік береді, тіпті ресми саммиттерден де тиімді. Бүгінде ЕҚЫҰ немесе БҰҰ секілді институттар бюрократияға байланып, баяу жұмыс істеп жатқан кезеңде Анталия «жедел дипломатия» алаңына айналып отыр. Мұны мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысына берілген жауап деуге болады.

— Анталия дипломатиялық форумы Қазақстанның өңірлік делдал және бітімгер ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал ете ме?

— Әрине. Қазақстан әлдеқашан адал ымырагер ретінде беделін қалыптастырды. Әлемге қарасақ, көп ел бір-бірімен келісе алмай отыр, қақтығысқа қатысқан тараптардың бәріне бірдей сенімді мемлекет табу қиын. Ал Қазақстан сенімге қол жеткізген санаулы елдің бірі екенін білеміз. Сөзіміздің дәлелі ретінде Астананың Сирия бойынша бейбіт келіссөзге ұйытқы болуын, Украина дағдарысына қатысты ұстанымын еске алу жеткілікті. Мұның бәрі Қазақстанды Анталия форумының маңызды қатысушысы ретінде танытады.

Меніңше, Қазақстан ADF-ке өзгелерге дипломатия тәсілін үйрету үшін емес, қазіргі таңда сұранысқа ие диалог алаңын ұсыну үшін барады. Олай дейтінім, бітімгер ел ретіндегі мәртебе — Қазақстанның «жұмсақ күші». Әлем Қазақстанның сөзіне құлақ асады әрі оның әрдайым парасат пен халықаралық құқық қағидатын жақтайтынына сенеді.

— Неліктен алдыңғы жылдары жаһандық дағдарыс, климат, қауіпсіздік секілді тақырып басты назарда болды? Бұл әлемдік трендтің көрінісі ме, әлде жекелеген елдердің мүддесі ме?

— Бұл тақырыптарды талқы өзегі ретінде таңдау - өте дұрыс, өмірлік маңызды мәселе деп атар едім. Соңғы жаһандық дағдарыстар ондаған жыл бойы қалыптасқан жүйені бұзды: жеткізу тізбектерін, қауіпсіздік архитектурасын қайта қарауға итермелеп отыр. Биылғы «Болашақты жоспарлау, белгісіздікті басқару» тақырыбы әлемнің аласапыран дәуірде өмір сүріп жатқанын ашық мойындау іспетті.

Қазақстанның да «әлсіз тұстары» бар, мысалы климат. Климат мәселесі — тек ғаламдық жылыну емес, су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты өміршең тақырып. Шекара мен егемендік мәселесі десек болады. Қазір бұрынғы ережелер сақталмай отыр, жаңа келісімдер әлі шикі. Осындай жағдайда Анталияда барлық тарап климат өзгерісін тежейтін тетікті бірлесіп әзірлеуге мәжбүр.

— Биылғы тақырып ауқымы кең. Себебі неде? Қазақстан үшін ең басты мәселе қандай болмақ?

— Келісемін, биыл талқылауға шығарылған тақырып көп. Себебі әлемде дағдарыс ауқымы ұлғайды. Бір емес, бірнеше жаһандық мәселемен бетпе-бет келіп отырмыз.

Қазақстан үшін ең «жанды жер» — көлік және энергетикалық тәуелсіздік. Сіздің ел континенттің қақ ортасында орналасқан, сондықтан Қазақстан үшін Орта дәліз (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) мәселесі өмір мен өлім мәселесіне тең. Тауарларыңыздың Еуропа мен Азия нарығына кедергісіз жететініне сенімді болу өте маңызды. Меніңше, Анталияда еуразиялық логистиканың жаңа картасы қандай болатыны шешіледі, Қазақстан сол картаны сызушылардың қатарында болуы міндетті.

— Форумға қатысу арқылы Қазақстан қандай нақты нәтижеге жете алады?

— Үміт әрдайым ақтала бермейтінін мойындауымыз керек. «Дипломатия — қолдағы мүмкіндіктер өнері» деген қарапайым қағида бар, сондықтан Түркияда өзгеріске бастайтын қыруар құжатқа қол қойылады деп күту дұрыс болмас. Қазіргі таңда әлем жол айрығында тұр және бүгін қол қойылған құжат санаулы сағаттан кейін-ақ маңызын жоюы мүмкін. Демек, Анталия дипломатиялық форумының (ADF) басты нәтижесін мемлекетаралық қарым-қатынастағы өзара түсіністік пен ұстанымды нақтылаудан іздеуіміз керек. Бұл - оң өзгеріс болмайды деген сөз емес. Қазақстан технология мен логистика саласында инвестициялық байланыс орнатады. Ең маңыздысы, Анталияда жаңа келіссөздер процесі басталуы мүмкін. Өйткені, форум қатысушыларының құрамы мен географиялық ауқымы кең. Кейде айлап уақыт алатын ондаған кездесуді небәрі екі күн ішінде өткізуге мүмкіндік бар. Мұның бәрі Қазақстанның сенімді, тиімді әріптес ретіндегі беделін нығайта түседі.

— ADF-ті түркі мемлекеттерінің бірлігі мен ортақ дипломатиялық болмысын нығайтатын алаң ретінде қарауға бола ма?

— Дипломатия бірегей ұранмен емес, бір үстел басында тұрақты кездесуден қалыптасады. Анталия форумы — осындай бірегейліктің пісіп-жетілуіне арналған мінсіз орта.

Кейбіреу ADF-ті жаһандық деңгейдегі алаң деп дауласуы мүмкін. Келісемін, десе де мұнда «түркілік екпінге» басымдық беріледі. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Орталық Азия елдері ортақ шеп құрып, бірлесе бой көрсетуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ түркі мемлекеттерінің ортақ тілін, мәдениетін, тарихын әлемге тағы бір танытуға таптырмас кезең.

Айта кетерім, осындай беделді платформада иық тіресіп қатар тұруымыз халықаралық қауымдастық тарапынан ықпалды жаңа блоктың қалыптасуы ретінде қабылданады, әрі бізбен санаспау мүмкін емес.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 17:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see102

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары