Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Айтарлықтай нәтиже байқалмайды: Олжас Бектенов Ұлттық парктердегі баяу жұмысты сынға алды

Айтарлықтай нәтиже байқалмайды: Олжас Бектенов Ұлттық парктердегі баяу жұмысты сынға алды

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысын өткізді. Онда өңірлерде тиісті Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысы, волонтерлік қозғалысты қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту жайы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баршаңызға мәлім «Таза Қазақстан» ұғымы жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының біріне айналды. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген қамқорлық құндылықтары басым міндеттер ретінде айқындалып отыр. Бұған дейін бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасында экологиялық саясатты жүзеге асырудың негізгі буыны ретінде жергілікті атқарушы органдарға маңызды рөл жүктелген»,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының ақпараты бойынша мегаполисте экологиялық акцияларға 146 мың адам қатысқан. 126 жерде 7 жалпықалалық сенбілік өткізіліп, 18 мың текше метр қалдық шығарылған. Биылғы сәуір айынан бастап қалада санитарлық күтімнің «Бір аудан – қасбеттен қасбетке дейін бір мердігер» атты жаңа моделі енгізілді. Бұл тәсіл аумақты жинау, қадағалау сапасын және тұрғындардың өтініштеріне жауап берудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Көгалдандыру аясында 1,4 млн-нан астам жасыл желек отырғызылды. Қаланың сәндік-гүлді безендірілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылдан бастап гүлмен көгалдандыру алаңы екі есеге, яғни 450 мың шаршы метрге ұлғайтылды. Сонымен қатар, биыл экологиялық тәжірибелер мен қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттайтын алғашқы мобильді экотрак іске қосылды. Экотрак спорттық және мәдени іс-шараларда белсенді қолданылып, қатысушылар мен қонақтарды экологиялық бастамаларға тартуға ықпал етеді.

Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ

Алматы облысында экологиялық іс-шараларға 271 мыңнан астам адам қатысып, 98,1 мың ағаш отырғызылды, 6,4 мың тонна қалдық жиналды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Барыс» және «Көшпенділер» экопарктерінің жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қарасай ауданында қуаты 450 мың тонна болатын Kaz Waste Conversion қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Freedom Holding компаниясымен бірлесіп туристік инфрақұрылымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: Қонаев қаласында ұзындығы 1 шақырым жағажай жаңартылды, коммуналдық жағажайларда да жұмыстар жалғасуда, сондай-ақ Кеген ауданының «Көлсай көлдері» табиғи паркінің, Райымбек ауданының «Тас Төбе» жотасының, «Тұзкөл» көлінің және Қаскелең өзенінің бойындағы аумақтарды абаттандыру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Ақтөбе облысында 200 мың ағаш отырғызылды, 395 бейнебақылау камерасы орнатылды, 1482 көппәтерлі үйде суды есепке алу құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, 26 шақырым веложол салынды, ТҚҚ қабылдайтын 300 фандомат және электромобильдерді зарядтауға арналған 8 станса орнатылды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 2025 жылы демеушілер есебінен 13 саябақ пен гүлзар салынғанын, биыл тағы 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын баяндады.

Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айқындау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 5 негізгі көрсеткіш аясында «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша өңірлердің пилоттық рейтингін жасады. Онда халықты ТҚҚ жинау және әкету қызметімен қамту деңгейі, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі, ТҚҚ полигондарының үлесі, халықты экологиялық акциялармен қамту үлесі және TazaQazBot жүйесі арқылы түскен өтінімдердің орындалу деңгейі ескерілген. 

@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты

Премьер-министр Олжас Бектенов барлық өңір әкімдіктеріне Президент бастамасын жүзеге асыру тиімділігін арттырып, әрбір бағыт бойынша көрсеткіштерді жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. 

Жиында волонтерлер қозғалысын қолдау мәселелері қаралды. 

«Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында 2026 жыл Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланды. Жаңа Конституцияда волонтерлер қозғалысын азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөлігі ретінде тани отырып, мемлекетке еріктілерді қолдау міндеті жүктелді. Бүгінде волонтерлік қозғалыс экологиялық мәселелерді шешу мен табиғи байлықты сақтауда мыңдаған нағыз жанашыр азаматтарды біріктіре отырып, “Таза Қазақстан” бастамасының басты күшіне айналды. Бұл жан-жақты мемлекеттік қолдауға мұқтаж волонтерлік қозғалыстың жоғары әлеуеті мен тиімділігін көрсетеді», деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов. 

Бүгінде елімізде 810 ұйым мен 3,5 мың бастамашыл топ жұмыс істейді, белсенді еріктілер саны 300 мың адамға жетті. 

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әрбір үшінші қазақстандық осындай бастамаларға қатысатынын баяндады. Экологиялық волонтерлік «Таза Қазақстан» шеңберінде жыл сайын шамамен 800 мың волонтердің басын қосады. Қозғалысты одан әрі дамыту үшін 56 жоба мен 60 шағын грант жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Тиісті тұжырымдаманы қалыптастыру, волонтердің цифрлық паспортын енгізу, сондай-ақ волонтерлерді ынталандыру және әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қоса алғанда, жаңа тәсілдер пысықталуда.

Тарихи-мәдени мұраны сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының бастамасы аясында екінші жыл қатарынан тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру бойынша «Мәдени мұраны бірге сақтайық» акциясы жүзеге асырылуда. Еліміздің барлық өңірлерінде әр аймақта 1 мыңнан астам адамның қатысуымен еріктілер клубтары құрылды. Еріктілер қоғамдық кеңістікті қалпына келтіруге қатысады, қоғамда қоршаған ортаға және қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесе отырып, еріктілер қозғалысын кешенді мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде заңнамалық деңгейде, қалыптастыру тапсырылды.

Экологиялық туризмді дамыту шараларына ерекше назар аударылды. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы 30,9 млн гектарды құрайды. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында 179 туристік маршрут және 42 соқпақ жол бар. Келушілер саны 2023 жылғы 2,4 млн-нан 2025 жылы 3,7 млн-ға дейін өсті.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бүгінгі таңда ұлттық парктерде жалпы инвестиция көлемі 16 млрд теңгеге дейінгі экотуризмді дамыту жобалары жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Жұмыстар Іле-Алатауы паркінде, сондай-ақ «Алтын-Емел» мен «Шарын» паріктерінің аумақтарында жүргізілуде. «Таза туризм» бағдарламасы аясында саябақтарда ақпараттық баннерлер, қоқыстарды бөлек жинауға арналған контейнерлер, қайта өңделген пластиктен жасалған эколавкалар орналастырылады, келушілер биологиялық ыдырайтын пакеттермен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық саябақтарға бару процесін цифрландыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. Барлық ұлттық парктер банктік сервистер арқылы онлайн төлем жүйесіне қосылған, сондай-ақ парктердің сайттарында төлем жасауға арналған QR-кодтар орналастырылған. 5 ұлттық саябақта өз қаражаты есебінен 9 бақылау-өткізу пункті автоматтандырылды. Бұл туристер үшін саябаққа баруды анағұрлым ыңғайлы етеді, ал ұлттық парктерге келушілер мен түсімдерді есепке алудың ашықтығын арттырады.

«Таза Қазақстан»: Бір күнде елімізде 46 мың гектардан астам аумақ тазартылды

Премьер-министр экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтитын экотуризмді жүйелі түрде дамыту қажеттігіне назар аударды. Қазіргі таңда экотуризм әлемдік туристік индустрияның ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып саналады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2034-ші жылға қарай әлемдік экологиялық туризм нарығы $660 млрд-тан асуы мүмкін. Қазақстан экотуризмді дамыту бойынша жоғары әлеуетке ие, бірегей табиғи нысандар – Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Алтын-Емел, Іле-Алатауы ұлттық парктері және басқа да керемет көрікті жерлер бар. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне аумақтардың ластануына жол бермеу шараларын күшейтіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалдықтарды тиімді басқаруды ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ қорғалатын табиғи аумақтардағы туристік қызметтен түсетін кірістерді туристік инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде экологиялық соқпақ жолдарды, демалу орындарын және өзге де нысандарды абаттандыруға бағыттау міндеті қойылды.

Премьер-министр ұлттық табиғи парктер аумағында қажетті инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының баяу қарқынын сынға алды.

«Экология министрі Іле-Алатауы, Алтын-Емел және Шарын ұлттық парктерін абаттандыру бойынша есеп бергенімен, бұл жұмыстар бірнеше жыл бұрын жүргізілген. Содан бері айтарлықтай нәтижелер байқалмайды. Нұрлыбек Машбекұлына Министрлікпен және өңір әкімдерімен бірлесіп, табиғи парктерді абаттандыру ісіне ірі бизнесті тарту мәселесі бойынша келіссөздер өткізуді тапсырамын. Бірыңғай дизайн-кодты және тиісті жұмыс кестелерін бекіту қажет. Осы жылдың маусым айында өтетін Орталықтың келесі отырысында есеп беріңіздер», деп тапсырды Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар

Айтарлықтай нәтиже байқалмайды: Олжас Бектенов Ұлттық парктердегі баяу жұмысты сынға алды

Үкімет • Бүгін, 13:08

112 қызметіне көмек сұраған адамның орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі беріледі

Оқиға • Бүгін, 12:57

Енді eGov, e-Otinish және Aitu қызметтерін интернетсіз пайдалануға болады

Парламент • Бүгін, 12:47

Смартфоныңызды бөгде адамға беруге болмайды: Қазақстанда жаңа тыйым енгізілмек

Парламент • Бүгін, 12:22

Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Әскер • Бүгін, 12:12

Мектеп мұғалімі олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Білім • Бүгін, 12:08

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Ауа райы • Бүгін, 11:59

Жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Қоғам • Бүгін, 11:40

Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады

Парламент • Бүгін, 11:34

Қызылордадағы жатақханада студент көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр

Сауда • Бүгін, 11:21

Жезқазғандағы су мәселесі: Сағызша созылған «Үйтас-Айдос» жобасы

Мәселе • Бүгін, 11:20

Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды

Футбол • Бүгін, 11:03

Жас ғалым жолдағы ақауды табатын құрылғы ойлап тапты

Ғылым • Бүгін, 11:00

Мәжіліс Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты

Парламент • Бүгін, 10:44

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 13:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see146

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see135

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see118

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары