Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әкешім, кетпеші деп жиі түсіме кіреді : Қаңтарда оққа ұшқан 4 жастағы Айкөркемнің трагедиясы

Әкешім, кетпеші деп жиі түсіме кіреді : Қаңтарда оққа ұшқан 4 жастағы Айкөркемнің трагедиясы

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2022 жылдың қаңтар айы Қазақстан тарихында ең ауыр, ең қайғылы кезеңдердің бірі ретінде қалды. Елдің әр өңірін қамтыған жаппай толқулар, бейбіт шерулердің күшпен басылуы, қарулы қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер салдарынан жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған азамат зардап шекті. Биыл сол Қаңтар оқиғасына төрт жыл толып отыр. Алайда уақыт өтсе де, сол күндердің қасіреті халық жадынан өшкен жоқ, деп жазады Arasha.kz.

Қаңтар – тек саяси оқиға емес, бұл – адам тағдырларының трагедиясы. Сол күндері өмірі қиылған әрбір жан – жеке бір әлем, бір отбасының үміті, бір ананың арманы еді. Сол құрбандардың бірі – 4 жастағы Айкөркем Мелдехан.

Айкөркемнің әкесі 44 жастағы Айдос Мелдехан қызының 7 қаңтарда көлікке оқ атылғанда көз жұмғанын айтады. Қайғылы жағдайдан кейін отбасының берекесі қашып, тыныс-тіршілігі түбегейлі өзгерген. Қаза болған бауырын өз көздерімен көрген балалар ауыр психологиялық соққы алып, ұзақ уақытқа дейін өз-өзіне келе алмаған.

Бес баланың әкесі Айдос Мелдехан сол бір қаралы күнді әлі күнге дейін үлкен күйзеліспен еске алады. Оның айтуынша, бұл оқиға өзі мен балаларының барлығын есеңгіретіп тастаған. 

"Алматыда тұрып жатқаныма 28 жыл болды. Үлкен балам екеуміз осы оқиғаға дейін такси жүргізушісі болып нәпақа таптық. Жолдасым балабақшада жұмыс істейді, айлығы 80 мың теңге. Жалдамалы пәтерде тұрамыз, оған айына 150 мың теңге төлейміз. Бес балам бар. Үлкен балам Бауыржан 18-де, одан кейін Жанель 16 жаста, мектепте оқиды, үшнші ұлым Бекислам – 8 жаста, 2-сыныпта оқиды. Кенже қызым Айкөркем 4 жаста еді, ал ең кішісі Рамазан 2 жаста. Әдетте балалар балабақша, мектепте болады. Сол күні бәріміз үйде болған едік", – дейді бес баланың әкесі.

Айдос Мелдеханның айтуынша, қайғылы оқиға 7 қаңтар күні кешкі мезгілде орын алған. Сол күні үлкен ұлы үйде таусылып қалған азық-түлікті алып келу үшін сыртқа шығуға ниеттенген. Ал үйдегі басқа балалар ағаларына еріп, бірге кеткен.

"7 қаңтарда кешкі сағат 6,7 шамасында бәріміз үйде болдық. Мен жуынып жатқан кезде балам ең қажетті деген азық-түлікті: нан, сүтті алып келуге кеткен. Кішкентайлар “аға, мен де барамын” деп қосылып кете барған. Үйдің жанындағы дүкендер жабық болып, ұлым көлікпен ары қарай қалаға шығып кеткен. Көлікте ұлымнан басқа үлкен қызым Жанель, кіші қызым Айкөркем, ортаншы ұлым Бекислам болған. Кіші балам ғана үйде қалған. Үлкен ұлым Бауыржан дүкен іздеп Сейфуллин Сатпаев көшелерінің қиылысына шығып кеткен. Бұрылып қайтайық деп, Желтоқсан көшесіне жете берген кезде әкімдіктің алдындағы жерасты жолының маңында көлікті автоматпен атқылай бастаған. Көлік түгел тесілген. Бұл баламның көлігі еді. Жол-жөнекей дүкеннен заттарды алып, нан таппай, тағы бір жерлерді қараймыз деп бұрылғанда болып тұр", – дейді ол.

Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер өршіген күндері отбасы үйден шықпаған. Алайда сол кезеңде үй маңындағы бірқатар дүкендер жабылып, қажетті заттарды алу қиындай түскен.

"Келіншегім 5 күні митинг болып жатқандықтан балабақшалар істемейді деді. Содан соң үйден шықпадық. Біртіндеп дүкендер жабыла бастады. Балам Сейфуллин көшесіне дейін барып, сонда көлігі өшіп жүрмей қалған. Ұлкен балам, үлкен қызым мен кенже қызыма оқ тиді. Ұлымның иығына, қолына, басына оқ тиген. Бірден 103-ке хабарласып, жолда өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқан. Сол көлікке отырып, Қалалық жедел жәрдем ауруханасына барған. Ол жақта кәмелетке толмаған бала болған соң балалар ауруханасына жіберген. Оған қарамастан, ұлым кішкентай қарындасын қолына көтеріп, ішке кірген. Артынша үлкен қызымды да алып сонда қалдырған. Дәрігер маған ауруханадан хабарласып, балаларыңыз осында деп шақырды", – дейді Айдос Мелдехан.

Отбасының кенже қызы, небәрі 4 жастағы Айкөркем маңдайынан тиген оқтан қаза тапқан.

"Жүрегі тоқтап қалыпты. Көп қан жоғалтқанын айтты. Ауруханаға жетпей қайтыс болған деді. Қызым жүрегімде мәңгілікке қалды. Жаңадан сөйлеп, ойнап, шапқылап жүрген еді. Үйге кіргенде "әкешім" деп құшақтаушы еді. Көз алдымда жүрген қызымды жоғалттым. Өмір сүргім келмейді. 2 жастағы баламды көріп, ашуымды басам, алданамын. Қызыма ертерек кеткім келеді. Күнде түс көремін. Түсімде "әкешім, кетпеші" деп, қызым жылап тұрғандай болады", – дейді ол Айдос Мелдехан мұңлы дауыспен. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 13:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары