Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Әлемде баламасы жоқ су нысаны: Сәтбаев каналының елорда үшін маңызы қандай

Әлемде баламасы жоқ су нысаны: Сәтбаев каналының елорда үшін маңызы қандай

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өңірдегі басты су артериясы – Ертіс өзені. «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, су бассейнінің ағын көлемі 36,4 шаршы шақырым. Өзеннің су жинау алаңы 260 мың шаршы шақырымға тең болса, арнаның ені орташа ені 500-600 метр, кей жерлерде 3,5 шақырымға дейін жайылып кетеді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Өңір бойынша 720 шақырымды басып өтетін Ертіс – ауыз судың да, техникалық судың да негізгі көзі.

– 2025 жылғы деректер бойынша Семиярск гидробекеті тұсындағы (облыс орталығынан 200 шақырым жерде) өзеннің орташа жылдық су шығыны секундына 938 текше метр болса, «Прииртышское» аумағындағы ағын көлемі секундына 29,2 шақырымға жеткен. Бұл көрсеткіштер өзеннің облыстағы ерекше әлеуетін байқатып отыр, - деп хабарлады Kazinform тілшісіне «Қазгидромет» РМК облыстық филиалынан.

Фото: «ҚазСуШар» мекемесінен

Ертістің әлеуетін тіршілік тұрғысынан тиімді пайдаланып, еліміздің бірнеше облысына, тіпті Астана қаласына су жеткізіп тұрған Сәтбаев атындағы каналдың ерекшелігін айтпасқа болмас. Ол 1970 жылдары академик Ш. Шөкиннің бастамасымен салынып, Орталық Қазақстанның өнеркәсіптік аудандары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге бағытталды. Каналдың бас су жинау су торабы Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Белая өзенінің арнасында, Ертістің негізгі арнасына құятын жерден 9 км жерде орналасқан. Бас су жинау құрылыстарының құрамына Белая өзеніндегі су тіреу бөгеті, № 106 су төгілетін жол және №1 сорғы стансасы кіреді. Сондай-ақ, бас су қабылдағыштың құрылыстарына Белая өзенінің тазартылған және тереңдетілген учаскесі, №1 сорғы стансасына дейінгі арнасы да жатады. Су арнасының жалпы ұзындығы 458 шақырым, Қарағанды қаласының № 1 су көтеру сорғы стансасында аяқталады. Ал өткізу қабілеті туралы айтар болсақ, бастапқы бағытында секундына 76 текше метр су айдап, соңғы бөліктерінде 13 м/с-қа дейін өзгереді. Каналдың 272 шақырымы Павлодар облысында, өзгесі Қарағанды облысы бойынша өтеді.

– 2001 жылдан бастап канал суы Есіл өзеніне, одан әрі елорданы сумен жабдықтау үшін Астана су қоймасына жіберіліп келеді. Ертіс өзенінен алынатын канал суы жолай 22 сорғы стансасының көмегімен 418 метр биіктікке дейін көтеріледі. Одан соң ауырлық күшінің әсерімен Қарағанды мен басқа да елді мекендерге өз бетімен ағады. Мұндай ерекше құрылыстың жер бетінде баламасы жоқ екенін айтуымыз керек, - дейді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Су ресурстарын мемлекеттік есепке алу және кадастр басқармасының басшысы Ерлан Жұмабаев.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бүгінде облыс аумағында 329 көл бар. Дейтұрғанмен негізгі су көзі Ертіс өзені болуы себепті, оны қорғау, арнасын тұрақты деңгейде ұстау мәселесі өзекті бола түсуде. Аймақта соңғы жылдары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларындағы су тұтынудың өсуі де су ресурстарына түсетін жүктемені арттырған. Оның үстіне су деңгейінің маусымдық құбылып тұратыны, көршілес мемлекеттердегі су пайдалану көлемінің артуы белгілі бір қауіптерді тудырмай қоймайтыны анық.

– Жалпы алғанда, Ертіс-Баян өңірі су ресурстарымен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген өңірлердің қатарына жатқанымен, негізгі су көзі – Ертіс өзеніне тәуелділігі ойландырмай қоймайды. Ылғал аз жылдары немесе трансшекаралық ағынның өзгеруі жағдайында жекелеген салаларда су жетіспеушілігі байқалып қалып жататыны жасырын емес. Осыған байланысты су ресурстарын тиімді пайдалану, есепке алу және басқару жүйесін жетілдіру маңызды бағыт болып қала береді. Мемлекет тарапынан су тапшылығын жою бағытында кешенді жұмыстар қолға алынған, оның ішінде Ертіс өзенінің әлеуеті де ескерілген. 2024–2028 жылдарға арналған жоспар аясында жаңадан су қоймаларын салу, су тораптарын қалпына келтіру жобалары қарастырылған, - деді комитет өкілі.

Фото: «ҚазСуШар» мекемесінен

Кешенді жоспар бойынша Май ауданы Жұмыскер ауылы тұсында су қоймаларын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, сондай-ақ Қ. Сәтбаев атындағы каналдың жекелеген нысандарын қалпына келтіру, жаңғырту жұмыстары көзделген. Бұл жобалар 2008 жылдың соңына дейін аяқталуы керек.

«ҚазСуШар» кәсіпорнының дерегінше, қазіргі таңда каналдың №87 бөгеті мен №4 су торабы бойынша техникалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған нақты іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бөгетке тұрақты мониторинг жүргізіліп, су деңгейі мен құрылымының жағдайы үздіксіз бақылануда. Соңғы жылдары бөгетті нығайту бойынша жұмыстар атқарылған (еңістер бекітіліп, қорғаныс қабаттары төселді). Толық қалпына келтіру жұмыстары алдағы кезеңге жоспарланған.

Екінші бағыт – Мемлекет басшысы тапсырған су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу. Павлодар облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың көлемі 84,6 мың гектарды құрады. Қабылданып жатқан іс-шаралар өңірдегі су ресурстарын тиімді басқаруға, инфрақұрылымды жаңартуға және су тапшылығы тәуекелдерін төмендетуге бағытталып отыр.

Фото: «ҚазСуШар» мекемесінен

Ерлан Жұмабаевтың айтуынша, су саласындағы ауқымды жобаларды нәтижелі түрде іске асыру үшін кадрлар жүйесіне жіті көңіл аудару керек. Осы мақсатта саладағы кадрлық әлеуетті дамыту бойынша кешенді және жүйелі жұмыстар қолға алынған. Аталған жұмыс су мамандықтары бойынша кадрларды даярлауға, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, тәжірибеге бағдарланған оқыту нысандарын дамытуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде су дипломатиясы саласында мамандар даярлауға бағытталған.

– Кейінгі жылдары су саласына қатысты мамандықтарға деген қызығушылықтың артқаны байқалады. Су мамандықтары бойынша кадр даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің саны артты. Министрлік 13 жоғары оқу орнымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Білім беру процесіне дуальды, модульдік және қашықтан оқыту форматтары енгізілуде, сондай-ақ білім алушылардың су шаруашылығы кәсіпорындарында оқу және өндірістік практикадан өтуі қамтамасыз етіліп жатыр. Тек былтыр су саласының 1700-ден астам қызметкері елімізде және шет мемлекеттерде (ҚХР, Нидерланды, АҚШ, РФ, Түркия, Өзбекстан және басқа елдерде) біліктілігін арттырды, - дейді комитет өкілі.

Фото: «ҚазСуШар» мекемесінен

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Сәтбаев арнасынан тұтынушылар жылына 500 млн текше метрге дейін су алады екен. Бұл тарапта Сәтбаев атындағы су арнасы стратегиялық тұрғыдан тек Павлодар аймағы ғана емес, еліміздің бірқатар өңірі үшін аса маңызды екенін, оның жұмысында кінәрат шықса, зардабын отандық үлкен өнеркәсіптер, қалалардағы миллиондаған тұрғындар тартатынын ескеруіміз қажет. Бүгінде су арнасы Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстары мен Астана қаласына тіршілік нәрін жеткізіп тұрған жалғыз су көзі екені, бұған қоса Теміртау металлургиялық комбинаты, Екібастұздағы қос МАЭС, көптеген зауыттар бұған байлаулы тұрғаны назарға алынуы керек. Оның үстіне арнадан Ақмола облысының Қорғалжын көліне, Павлодар облысының Шідерті алқабына жыл сайын су жіберіліп, көлтабандар мен суармалы алқаптарды қамтамасыз етіп тұрғанын білуіміз керек. Ендеше келешекте Ертіс өзеніне түсетін салмақ арта түспесе, кемімейтіні анық. Ендеше Ертіске деген құрметіміз сөзбен ғана емес, іспен өлшенуі керек деп ойлаймыз.

Бұған дейін Қытай Ертісіндегі су қоры, гидрожобалар және экожүйелер туралы жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 15:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары