Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

2027 жылы АЕК өсуі қандай танымал құқық бұзушылықтар үшін көбірек төлеуге тура келеді

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

Жанарға түскен салмақ

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

Балалар қауіпсіздігі: мектептердің 93,5% ы полицияның тікелей бақылауында

Бір минут өмірді сақтап қалуы мүмкін атыраулық өрт сөндіруші қиын жұмыстың екінші жағын көрсетті

Сирек металдар сыры

Жаңбыр, қар, найзағай және шаңды дауыл: 1 қыркүйекте ауа райы жайсыз болады

Әлемнің газетке көзқарасы ерекше

Әлемнің газетке көзқарасы ерекше

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Интернеттің кең таралуымен газет, журнал­дар­­дың тиражы төмен­­­дей бас­тады. Тіпті газет­тің қағаз түрі енді шықпай­­ды де­ген болжам да айты­­лып жүр. Бірақ классика­­лық газет-журнал құрдым­ға кетсе, білімсіз ұрпақ қалыптасатынын түсін­ген әлем елдері дәстүрлі БАҚ-ты «құтқаруға» кірісті. Баспа индустрия­сының ел дамуына қоса­­тын маңызын терең түсіне­­­тін елдің үкіметтері мер­зім­ді басылымдар секто­рына жыл сайын қомақ­ты қаражат бөліп, түр­лі деңгейде қолдау көрсе­тіп жатыр. Мәселен, мер­зім­ді басылымдарға мем­ле­кеттік қолдау қа­жет­тілігін Еуропа Кеңесі өт­кен ғасырдың 70-жылдары-ақ мақұлдаған.

Ертеңін ойлаған ел баспасөзін қолдайды

Еуропа мен АҚШ-тағы мем­ле­кеттік БАҚ-ты қолдау бағдар­ламаларын зерттеп, баға­лау жүргізген «International Publishing Distribution Associa­tion» (IPDA – Баспа өнімдерін таратушылардың халықаралық қауымдастығы) аталған елдерде га­зетті қолдауға тікелей қар­жылық инвестиция тартылып, гранттар ұйымдастырылатынын айтады. Сондай-ақ шағын немесе жабылу алдында тұрған газеттерге мақсатты бағдарламалар қарастырылған. Салықтық, ке­ден­­дік жеңілдіктер жасалып, пош­та, телеграф арқы­лы тарату ынталандырылып оты­ра­ды. Мысалы, Испа­ния­да БАҚ өнеркәсібіне 4 пайыз тө­мендетілген салық мөл­шерле­месі қолданылады. Бұл шаралар мерзімді басылымдарға жазы­лушылардың базасын сақ­тауға, бағасын реттеуге (олардың өсуін тежеуге, кейбір жағдайда тіпті аздап төмендетуге), сондай-ақ мем­лекеттік субсидия арқылы жет­кізу мен сатылымдағы шы­ғын­­дарды өтеуге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, әлемдік қаржы дағдарысы басталып, интернет­тің дамуы қарқын алған кезде IPDA газеттерді сақтап қалудың тәжірибелерін зерттеуге ден қойды. Ресми сайттарында ұйым­­ның баспасөз қызметі зерттеу нә­тижелерін жариялап отырады. Ұйымның мәлі­метінше, Еу­ропа мемлекеттері аталған баспасөзді қолдау шараларын осыдан шамамен 15 жыл бұрын қолға алған. Өйткені әлемдік қаржы дағдарысы Еуро­паның медиа нарығына әсер етпей қоймады, көптеген басылым жабылып, жазылым азайған.

IPDA мәліметінше, Швеция­да бұқаралық ақпарат құрал­дарына мемлекеттік субсидия алудың бірнеше тетігі қолда­нылады. Мысалы, күнделікті шығатын газеттерді қамтитын баспасөзді тарату ұйымдарына жеткізу шығындарын мемлекет субсидиялайды. Швеция сондай-ақ жаңа басылымдарға субсидия мен жеңілдетілген несиелер беріп, төмендетілген пошта тарифтері мен барлық газетті қосылған құн салығынан босатқан. Ал мемлекеттің мен­ші­гіндегі, қаржылық дағдарыс­қа ұшы­раған газеттерге жарна­ма­лық табыс салығын пайдаланады.

Ал Ұлыбританияда баспа БАҚ-тарына арналған ҚҚС мөлшер­лемесі нөл пайыз­ды құрайды, жазылымды жеткізетін пошта төлемдері азайтылған. Бри­тан үкіметінің жан басына шақ­қан­дағы баспа басылымдарына субсидиялары – әлемдегі ең жоғары субсидияның бірі.

Данияда да баспасөзді қол­дау мақсатында ҚҚС-ны алып тастау, пошта тарифтерін төмен­дету, жеңілдетілген несиелер секілді шаралар қарастырылған. Тікелей субсидиялар өндірісті жаңғыртуға, сондай-ақ қиын қаржылық жағдайдағы газеттерге немесе, керісінше, жаңа жобаларға іріктеп бөлінеді.

Нидерландта студенттер белгілі бір іскерлік журналға 5 жыл­ға тегін жазыла алады. Аустрия да барлық күнделікті басы­лымдар жазылушылары­на пошта тарифтерін төмендеткен. Дәл осы мерзімді басылымдар барлығына бірдей қолданыла­тын тікелей субсидияларға құқылы.

Италиядағы баспа БАҚ-тары төрт ірі жеке баспа хол­дингтерінің бақылауында. Мемлекет кейбір газеттер мен интернет-БАҚ-тарға жылына 10 млн еуро құрайтын қаражат бөліп, қол­дап отыр. Мемлекеттік қаржы­лай қолдауға (гранттарға) жеке, қоғамдық, коммерциялық емес баспалар мен осыған ұқсас ұйым­дар өтініш бере алады.

Жазылымды ұйымдастырудың жөні бөлек

Жазылым – газет, журналдарды таратудың маңызды ар­на­­ла­рының бірі. Көптеген елде тіпті негізгі тарату же­лісі. «Distripress» мәліметіне сүйен­­сек, Канада мен Америка Құ­­рама Штаттарында жалпы басы­­лым таралымының 88 па­йыздан ас­тамы жазылым арқылы сатыла­ды, ал Финляндияда бұл көрсеткіш – 86, Германияда – 48, Францияда 49 пайызды құрайды. Татарстан журналис­тер одағының мәліметінше, Ресей нарығындағы жазылым айналымы – орта есеппен 33 пайыз.

Көптеген елде қазір жазы­лым үлесі өсті. Мәселен, Еуропа­дағы жазылу бағасы бөлшек сауда ба­ғасынан айтарлықтай төмен, сондай-ақ жазылымдарды кез келген уақытта, кез кел­ген шы­ғарылым санына («те­гін жа­зылым» деп аталатын) жа­зы­луға болады. Студенттер, зей­нет­кер­лерге, сондай-ақ жаңа жа­зылу­шыларға арнайы жеңілдік бар.

IPDA мәліметіне жүгінсек, дамыған және дамушы елдердегі тәжірибе көрсеткендей, жаппай жазылу ұлттық пошта операторы логистикалық функция­ларды орындаған жағдайда ғана мүмкін болады, ал жазылу науқанын басқару қызметтерінің негізгі бөлігі коммерциялық жазылу агенттіктеріне тиесілі. Біраз елде жазылым агенттігінің функцияларын жетекші дистрибьюторлар, ірі баспа хол­дингтері немесе тәуелсіз компаниялар орындайды. Пошта қызметі жазылым көшірмеле­рін жеткізуге жауапты. Нақты­рақ айтсақ, Еуропада жазылу басылымдарын жеткізудің екі үл­­гі­сі бар: курьерлер және пош­та.

Франциядағы баспа БАҚ жа­зылымдарына мемлекет бел­сенді түрде қолдау көрсетеді. Бұл француз БАҚ айналымының шамамен 49 пайызын құрайды. Жазылым тапсырысын тікелей баспагерлер немесе елдің барлық провинцияларында орналасқан шағын жазылу агенттіктері жинайды. 2009 жылдан бері Франция президентінің бастамасымен жастарды күнделікті газет оқуға шақыратын арнайы бағдарлама жүзеге асырылады. Баспагерлермен серіктестікте жүзеге асырылатын бұл бастама 18 жастан асқан жастарға жыл сайынғы газетке тегін жазылуды ұсынады.

Жазылым жүйесі АҚШ-та жақсы дамыған, баспа өнімде­рінің шамамен 90 пайызы жазылу арқылы, 10 пайызы бөлшек саудада таратылады. Онда баспагерлер жазылымдарды өздері өңдейді немесе жазылымдарды жинайтын мамандандырылған компаниялардың тапсырыс­тарын қабылдайды. АҚШ пош­та қызметі логистикалық қыз­мет ретінде ғана қызмет етеді. Аме­рикалық баспагерлер жазы­лу жарияланымдарын жеткі­зуге арналған барлық пошта­лық шығынды өздерінің жарнама­лық кірістерінен өтейді. АҚШ Конгресі бұл жүйені сақтап қалуды қолдап отыр. Жалпы, АҚШ-та пошта қызметіне жазы­лу қызметтері тиімсіз, бірақ заң шы­ғарушылар пошта тариф­терінің өсуін шектеп отырады.

Ал Қытайда 77 мыңнан аса пошта бөлімшесі бар, оның 59 мыңнан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Осылайша, пошталық жеткізу желісі бүкіл елді қамтиды. «Сауда орындарына арналған мерзімді басылымдарды пошта бөлімшесі мен газет-журнал таратушы компаниялар сұрыптайды. Сондай-ақ пошта бөлімшесі басып шығарылған газеттерді тікелей баспаханалардан жинап алып, таратады», делінген IPDA баяндамасында.

Елімізде де газеттер пошта арқылы таратылады. Алайда жыл сайын қызмет ақысы өсіп отыра­тын «Қазпоштаның» тарату қызметі, өкінішке қарай, өз деңгейінде болмай тұр. Сол себепті газеттің жазылуын ұйым­дастыру, тарату ісінде озық ел­дердің тәжірибесінен үйрен­ген абзал. «Газетті ешкім оқы­майды» деген құрғақ сылтаудан гөрі  мемлекеттік мүдде тара­пынан ойластырып, кітап оқи­тын ұлт боламыз десек, әуелі бас­пасөз саласындағы қордалан­ған мәселені билік пен қоғам бірігіп шешімін тапқан жөн. Өрке­ниетті елдердің тәжірибесі осыған үндейді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see158

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see156

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see151

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31 Тамыз 2026 11:59see148

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

31 Тамыз 2026 14:20see139

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

31 Тамыз 2026 09:06see138

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

31 Тамыз 2026 15:40see136

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

31 Тамыз 2026 16:19see135

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

31 Тамыз 2026 14:58see133

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

31 Тамыз 2026 18:30see132

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

31 Тамыз 2026 12:01see129

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

01 Қыркүйек 2026 05:22see122

2027 жылы АЕК өсуі қандай танымал құқық бұзушылықтар үшін көбірек төлеуге тура келеді

31 Тамыз 2026 20:31see122

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

01 Қыркүйек 2026 01:24see118

Жанарға түскен салмақ

01 Қыркүйек 2026 04:36see113

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

01 Қыркүйек 2026 03:31see113

Балалар қауіпсіздігі: мектептердің 93,5% ы полицияның тікелей бақылауында

31 Тамыз 2026 09:46see112

Бір минут өмірді сақтап қалуы мүмкін атыраулық өрт сөндіруші қиын жұмыстың екінші жағын көрсетті

31 Тамыз 2026 15:24see111

Сирек металдар сыры

01 Қыркүйек 2026 06:48see106

Жаңбыр, қар, найзағай және шаңды дауыл: 1 қыркүйекте ауа райы жайсыз болады

31 Тамыз 2026 18:33see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары