Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Әлеуметтік көмек майшелпек емес

Әлеуметтік көмек майшелпек емес

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ата заңымызда атап көрсетілгендей, еліміздің ең қымбат қазынасы – адамдарды әлеуметтік қорғауға баса назар аударылып келеді. Мәселен, 2010 жылы 221,8 мың аз қамтылған отбасыға 35 млрд теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілген болса, биыл осындай 242 мың отбасыға 132 млрд теңге бөлінді. Алайда АӘК алушылардың арасында мемлекет қамқорлығын майшелпек көріп, масылдық пиғылдан арылмақ түгіл, әлеуметтік алаяқтыққа ұрынып жүргендер де бар. Бұған қоса, әлеуметтік жеңілдік алу жолында некелерін заң жүзінде бұзып, іс жүзінде бұрынғыша бірге тұрып жатқан жалған ажырасушылар да аз емес.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл­ғы «Жасанды интел­­­лект дә­уі­ріндегі Қазақстан: өзекті мәселе­­­лер және оны түбегейлі цифр­лық өзгеріс­тер арқылы шешу» атты Жолдауында өңірлердің әлеумет­тік міндеттемеле­рін қаржыландыру мәселесін қайта қа­рау, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру қажеттігін айта келіп: «Мемлекеттің көз алдындағыдан басқаны көрмей, бәріне көне беретін әлеуметтік саясаты жүзден астам түрлі жеңілдіктің пайда болуына әкеп соқтырды. Осы жеңілдіктерді әперемін деп «көмек қолын» созатын жылпостар да көбейді. Мемлекет өзінің негізгі міндеттерін орындаудан бас тартпайды. Бірақ әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу деген сөз. Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқан еді.

Соның салдарынан, ажы­рас­қан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бо­йынша әлемде «көш бастаған» елдер­дің қатарына қосылдық. Мұндай ­мысалдар аз емес. Осылайша, біз өзі­міз жалқаулық пен масыл­дыққа ­жол беріп отырмыз. Отбасы мүшелері­нің барлығы дерлік нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Тура­сын айтсақ, әлеу­мет­тік салада оң­тай­лы ше­шім қабылдаудың орнына, Үкі­мет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеу­меттік алаяқтыққа жол беріп келді», деді.

Шынында да, әлеуметтік салада Мемлекет басшысы сынаған келеңсіздіктер тыйылмай тұр. Жуырда Түркістан облысының прокуратурасы АӘК тағайындаудағы заңсыздықтарды әшкере­легенін жария етті. Оңтүс­тік өңірдегі Сарыағаш ауданы­ның – 11, Келес ауданының – 6, Мақтаарал ауданының 2 тұрғыны нақты табыс­тарын жасыру арқылы 4,2 млн теңге мемлекет қаржысын заңсыз иемденген. Бұған қоса, Келес ауданының 13 тұрғыны АӘК алуға берген өтініштерінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырып, жиынтық табысты төмендету арқылы кедейшілік шегінен аспай, 2,2 млн теңгені қалталарына басуға тырысқан. Сондай-ақ прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың АӘК-ті тағайындау заңды­лығына тал­­дау жүргізудің нәтижесінде кей аза­мат­­тардың жалған деректер ұсын­­ғандығын анықтады. Атап айтқанда, 2022–2023 жылдары Жетісай ауданы­ның 17 тұрғыны өздерінің нақты тұрғы­лық­ты мекенжайларын жасырып, бір аз қамтылған отбасының үйін көрсет­кен. Мұндай фактілер Жетісай (65), Сай­рам (3), Сарыағаш (1) аудандарында да әшкереленген. Осы заң бұзушылық салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 17 млн теңге залал келтірілген. Жол берілген заң бұзу­шылықтарға қатысты уәкілетті органға прокурор­лық қадағалау актісі енгізіл­ген.

Биыл АӘК тағайындау рәсім­дерінің ашықтығы мен объек­тивтілігін арттыру мақсатында өтініш берушілердің қаржылық жағдайын тексеру үдерісін цифр­ландыруға мүмкіндік беретін FSM Social мобильді қосымшасы енгізілді. Ол адам факторының әсерін барынша азайтуға, қабыл­данған шешімдердің негізділігі мен жеделдігін арттыруға, тексе­ріс жүргізу кезінде уәкі­летті органдардың жұмы­сын жеңілдетуге мүмкіндік берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігі аталған қосымшаның көмегімен биылғы бірінші тоқсанда АӘК алушыларды тексеру актіле­ріне қашықтан мониторинг жүргізді. Оның барысында өтініш берушілердің өздері көрсеткен тұрғылықты мекенжайлары мен нақты тұрып жатқан орындарын салыстыруға ерекше назар аударылды. Нәтижесін­де, сәйкессіздіктер барлығы мәлім болды. Тиісті деректер АӘК тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялардың қызме­тіне кешенді тексеру жүргізу­ге Алматы, Түркістан облыстары­ның, Абай облысы Абай ауданының, Шымкент қаласының әкімдіктеріне жі­берілді. Қазірдің өзінде заң бұза отырып, толтырылған 9 тексеру актісі құ­қық қорғау органдарына тапсырылды. Бұл АӘК тағайындауда жергілікті атқару­шы органдарда сыбайлас жемқор­лық тәуекелі барлығын да аңғартады.

Мемлекет басшысы айт­қандай, «толық емес отбасы» санатын ойлап тауып, оған әлеуметтік жеңілдік берудің аяғы елімізде жалған ажырасудың көбеюіне әке­ліп соқты. Мұны Ұлт­тық статистика бюросының мы­на мәлі­мет­терінен бай­қау­ға болады: 2010 жылы 146 443 неке тіркеліп, 41 617 неке бұ­зылған, яғни жұбайлардың 28,4%-ы ажырасқан. 2024 жылы 123 626 неке тіркеліп, 40 569 неке бұзылған, яғни ерлі-зайыптылардың 32,8%-ы ажырасып кеткен.

– Өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездес­кенімізде жергілікті әкімдер жалған ажырасу көбейіп кеткенін қаперімізге салды. Шыны керек, өтірік ажырасқандардың көздегені – оңай жолмен пайда табу. Мәселен, 2015 жылы ресми ажырасып, әлеуметтік осал топтың қатарына еніп, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларда 2017, 2020 жылдары ортақ балалар дүниеге келіп, әкелерінің тегін алған. Тіпті ағайын-туысы да, көрші-қолаңы да олардың ешқашан ажыраспағанын айтады. Кейбір отбасылар саналы түрде құжат негізінде ажырасқанымен, бір үйде тұрып, бала тәрбиесімен бірге айналысып жатыр. Мұндай қадамға барған отбасылар мемлекеттен субсидия мен жеңілдік алуға барын салады. Олар тағ­дыр тауқыметін тартқан талай отбасының алдын орап, кезегін кешіктіріп, обалдарына қалып жүр. Мәселенің мәні осында. Олардың арасында мемлекеттік қызметте, бизнес­те жүрген жағдайы бар отбасылар да кездеседі. Яғни тегін келетін үйдің кезегіне тетігін тауып тұрып алған. Тіпті зәулім үйлерде тұрып, атаулы әлеуметтік көмекті алудан да бас тартпай отырғандар қаншама?! Өтірікке құрылған неке отбасылық құндылықты да құл­дыратып жіберетіні анық. Бұл да үлкен мәселе, – дейді Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы.

Түйіндей айтсақ, қоғамы­мызда бе­лең алған масылдық пиғылдан ары­лу үшін, ең алдымен, әлеуметтік алаяқ­тықпен күресті күшей­ту қажет. Бұл ретте қолданыс­тағы заңнаманы қатайтпай болмайды. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте «жалған неке» ұғымы болғанымен, «жалған ажырасу» ұғы­мы қарас­ты­рылмаған. Сондық­тан осы келеңсіз құбылыспен күресу де оңай емес. Демек Үкімет пен Мәжіліс әлеуметтік алаяқтықты жоюға бағытталған заңнамалық пәрменді шараларды кешік­тірмей әзірлеп, кеңінен талқылап бекітсе, құба-құп. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see151

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see149

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see144

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see142

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see125

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see125

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see122

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see121

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see119

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see118

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see117

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see115

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see115

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see115

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see115

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see115

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see114

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары