Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Әлеуметтік саясат: масылдықты емес, мүмкіндікті қолдау

Әлеуметтік саясат: масылдықты емес, мүмкіндікті қолдау

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Осы мақсатта 2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібін өзгерту, көмекті азаматтардың нақты қажеттілігіне қарай саралау мәселесі күн тәртібіне шықты. Жаңа жүйе әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ете ала ма? Мемлекеттік қолдау кімге және қалай бағытталуы керек? Осы және өзге де мәселелер жөнінде Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ләззат Қожахметовамен әңгімелестік.

– Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі азамат­тарды әлеуметтік жағдайына қарай санаттарға бөліп, қолдау шараларын саралау мақсатында жұмыс істеп жатыр. Сіздің ойыңызша, халықты са­наттарға бөлу тәсілінің тиімділігі қан­дай? Көмекке нақты мұқтаж аза­мат­тардың жаңа жүйенің назарынан тыс қалмауы үшін тағы қандай тетік­тер қажет?

– Әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту – уақыт талабы. Өйткені әлеуметтік мемлекеттің міндеті – көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға жетуін қамтамасыз ету. 

Президент Жолдауында әлеу­меттік саясатты қайта қарау қажет­тігін баса айтты. Яғни әлеуметтік көмек әділ әрі нақты бағытталуы қажет. Себебі өмірлік жағдайы әртүрлі отбасыларға бір өлшеммен қарау әрдайым әділдік болып са­налмайды. 

2027 жылдан бастап респуб­ликалық бюджеттен төленетін 36 түрлі жәрдемақының 14 түріне мұқ­таждық өлшемі енгізіледі. Қалған 22 төлем бұрынғы тәртіппен таға­йын­дала береді. Яғни барлық әлеу­меттік төлем тоқтатылады немесе барлық азамат жаңа талапқа көшеді деген түсінік дұрыс емес.

Жаңа жүйе «Отбасының ци­фр­лық картасы» арқылы жұмыс іс­тейді. Отбасының әл-ауқаты ма­териалдық жағдайы және әлеу­мет­тік тұрақтылығы бойынша баға­ланады. Материалдық жағдайды анықтау үшін алты бағыттағы 59 көрсеткіш қолданылады. Оған от­басының табысы, жұмыспен қам­тылуы, мүлкі, көлігі, кәсіпкерлік қыз­меті, ауыл шаруашылығы және несие міндеттемелері кіреді. Ал әлеуметтік тұрақтылықты баға­лағанда отбасы мүшелерінің жасы, балалар мен қарттардың болуы, мүгедектік және созылмалы ауруы бар адамдар ескеріледі.

Осы көрсеткіштердің жиынты­ғы бойынша отбасылар бес санатқа бөлінеді. А санаты – әл-ауқаты жо­ғары, В – ауқатты, С – жағдайы қана­ғаттанарлық, D – экономика­лық тұрғыдан осал, Е – экономика­лық және әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайдағы отбасылар.

Қазақстанда 6,2 млн үй шаруа­шылығы бар. Оның ішінде А сана­тына 329 мыңға жуық отбасы не­месе жалпы үй шаруашылық­тары­ның 5,4 пайызы, В санатына 1 ми­л­лионнан астам отбасы немесе 15,1 пайызы жатады. С санатын шамамен 3,3 миллион отбасы құрайды. D санатына 1,4 миллионға жуық, Е санатына 128 мыңдай от­басы жатады.

Отбасының санаты бір ғана көрсеткішпен анықталмайды. Мәселен, үйдің немесе көліктің болуы автоматты түрде ауқатты екенін білдірмейді. Бағалау кезінде отбасының нақты табысы, шығы­ны, әлеуметтік жүктемесі және өмір сүру жағдайы кешенді түрде қарас­тырылады. Уақытша тіркеуде тұр­ған азаматтардың табысы отбасы­ның ортақ табысына қосылмайды. Егер тұрақты тіркеуде тұрса қосы­лады.

Тағы бір маңызды мәселе – мүгедектігі бар азаматтар мен асы­раушысынан айырылған балалар­дың әлеуметтік құқықтары қорғал­ған. III топтағы мүгедектігі бар адам­дар мен асыраушысынан айы­рыл­ған балалардың жәрдемақысы олар өз еркімен бас тартса ғана тоқтайды. Сонымен қатар 36 республикалық жәрдемақыдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен де әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның түрлері мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Мысалы, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға біржолғы көмек, ем­делуге арналған төлемдер, өрт, су тас­қыны сияқты төтенше жағдай­лардан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, арда­герлерге, мүгедектігі бар адам­дарға, аз қамтылған және басқа да әлеуметтік осал санаттарға атаулы күндерге орай қаржылық төлемдер қарастыратын өңірлер бар. Кейбір жерлерде тұрғын үй-коммуналдық шығындарды өтеуге арналған қаражат та беріледі. Яғни рес­пуб­лика­лық бюджеттен берілетін жәрдемақылардан бөлек, жергілікті бюд­жеттен тағайындалатын жәр­дем­ақылар да бар.

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәсілдерін және осы бағыттағы ақпараттық жүйелердің жұмысын алдын ала мұқият тексеру қажеттігін атап өтті. Әсіресе жаңа жобаларды алдымен пилоттық режимде сынақтан өткізіп, нәтижесі мен тиімділігі дәлелден­геннен кейін ғана кеңінен енгізуді тапсырды. Осы орайда Үкімет қандай нақты қадамдарға басымдық беруі керек деп ойлайсыз? Сіз де­путат ретінде бұл реформаны жетіл­діруге қатысты қандай ұсыныстар айтар едіңіз?

– Президенттің бұл тапсырмасы өте орынды. Өйткені әлеуметтік сая­сат – жай ғана ақпараттық жүйе­ні іске қосу емес. Оның артында миллиондаған азаматтың тұрмысы, баланың қажеттілігі, отбасының күнделікті бюджеті тұр. Сондықтан жаңа алгоритмнің кемшіліктері от­басылардың әлеуметтік көмектен қағылуына әкелуі мүмкін.

Президент бірінші кезекте жаңа жүйені пилоттық режимде жан-жақты сы­нақтан өткізу қажетін айтты. Бұл жұмыс тек ірі қалаларда емес, ауылдық елді мекендерде де жүргізілуі керек. Өйткені ауылдағы отбасының табыс көзі, тұрмыстық шығыны мен мүліктік жағдайы қаладағы отбасымен бірдей емес. Пилоттық кезеңде көпбалалы, толық емес, жалғыз асыраушысы бар, мүгедектігі бар адам тұратын және табысы тұрақсыз отбасы­лардың жағдайы жеке зерттелуі қажет.

Екіншіден, «Отбасының цифр­лық картасына» енгізілетін мәлі­меттердің дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Жүйе мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ықпалдастырылғанымен, бастапқы дерек қате болса, алгоритм де қате шешім қабылдайды. Мысалы, бір мекенжайда тіркелген адамдардың барлығы бір отбасы мүшесі болмауы мүмкін. Азаматтың атына тіркелген мүлік оның нақты пайдалануында болмауы да ықтимал. Сондықтан деректерді тексеру, түзету және азаматтың нақты жағдайын растау тетігі қолжетімді болуы керек.

Үшіншіден, азаматтарға өз отбасының қай санатқа жатқызыл­ғанын және оның қандай көрсет­кіштер негізінде анықталғанын түсіндіру қажет. «Жүйе солай анық­тады» деген жауап жеткіліксіз. Адам өзінің табысы, мүлкі немесе басқа қандай деректері есепке алынғанын ашық көруге тиіс.

Төртіншіден, әлеуметтік санат­пен келіспеген азаматтарға шағым­данудың тиімді жолын қарастыру керек. Қажет болған жағдайда аудандық және қалалық деңгейде арнайы комиссиялар құрылып, оның құрамына әлеуметтік қорғау ор­гандарының өкілдерімен қатар заңгерлер енгізілгені дұрыс.

Бесіншіден, әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешім қабылданар ал­дында азаматқа алдын ала хабар беріліп, мәліметтерді тексеруге және түсініктеме ұсынуға мүмкіндік жасалуы керек. Егер жүйе қате ақ­паратқа сүйеніп шешім қабылдаса, отбасы бірнеше ай бойы қаражатсыз қалмауға тиіс. Қате анықталған жағ­дайда төлемді қалпына келтіру тәртібі де жедел әрі түсінікті болуы қажет.

Депутат ретінде мен Үкіметке бірнеше нақты ұсыныс айтар едім. Біріншісі – жаңа әдістеменің бар­лық өлшемдері мен есептеу тәртібін қоғамға ашық жариялау. Әр азамат өзінің отбасы қандай негізде белгілі бір санатқа жатқызылғанын түсіне алуы керек. Екіншісі – әлеуметтік осал топтарға қатысты ерекше кепіл­діктерді заңнамалық деңгейде нақтылау. Мүгедектігі бар азамат­тардың, асыраушысынан айырыл­ған балалардың, көпбалалы және жалғыз асыраушысы бар отбасы­лардың мүддесі бірінші кезекте қорғалуға тиіс.

Үшіншісі – пилоттық жобаның қорытындысын тәуелсіз бағалау. Қанша отбасы тексерілді, қаншасы басқа санатқа ауысты, қанша адам­ның төлемі тоқтатылды, қанша ша­ғым түсті және олардың қан­шасы қанағаттандырылды – осы деректер қоғамға ашық ұсынылуы керек. Төртіншісі – азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалау кезін­де тек ресми табыс пен мүлікке емес, нақты тұрмыстық шығын­дарға, асырауындағы адамдар са­ны­на және отбасының ерекше жағ­дайларына назар аудару. Бесін­шісі – әлеуметтік көмекті жұмыс­пен қамту шараларымен байланыс­тыру. Бірақ бұл ретте азаматты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі нақты болуы керек. Ауылда немесе шағын елді мекенде жұмыс орны болмаса, жәрдемақы мерзімін қыс­қарту адамның жұмысқа орна­ласуына көмектеспейді. Сондықтан әр өңірдің еңбек нарығына сай оқы­ту, қайта даярлау, кәсіптік бағ­дар беру және тұрақты жұмыс орындарын құру қатар жүруі қажет.

Президенттің Жолдаудағы тап­сырмасының негізгі мәні де осында деп ойлаймын, алдымен жүйенің тиімділігін дәлелдеу, содан кейін ғана оны кең көлемде енгізу керек. Әлеуметтік салада асығыс шешім қабылдауға болмайды. Өйткені ре­фор­маның нәтижесі мұқтаж азамат­­тардың құқығы қаншалықты қорғалғанымен өлшенеді.

– Сіздіңше, әлеуметтік көмектен еңбекке ынталандыруға көшу үшін жұмыссыз азаматтарды қайта даяр­лау, кәсіптік дағдыларын дамыту, ша­ғын кәсіпкерлікті қолдау шара­лары қаншалықты маңызды? Мем­лекет азаматтың әлеуметтік көмек алушы емес, экономиканың белсенді мүшесіне айналуына қалай ықпал ете алады?

– Әлеуметтік мемлекеттің шы­найы көрсеткіші – қанша адам жәрдемақы алып отырғаны емес, қанша отбасының кедейліктен шыққаны, қанша азаматтың тұрақ­ты жұмысы мен лайықты табысы бар екені, балалардың сапалы білім мен медициналық көмекке қанша­лықты қол жеткізгені.

Жалақы өскенімен, азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызмет пен тұрғын үй бағасы одан жылдам өссе, оның тұрмыс сапасы жақсар­майды. Сондықтан табыстың өсуі бағаның өсуінен жоғары болуы керек.

Президент Жолдауында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтерілсін деді. Бұл өзгеріс 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді. Оның ішінде 370 мыңнан астам бюджет саласының қызметкері бар. Бұл – маңызды қадам. Бірақ жалақыны көтерумен қатар, оның сатып алу қабілетін сақтау қажет. Ол үшін инфляцияны төмендету, ішкі өн­дірісті дамыту, азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бағытын­дағы шаралар күшеюге тиіс.

Әлеуметтік қолдау жәрдемақы түрінде емес, өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік беруі керек. Ол үшін сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, қайта даярлау, шағын кәсіп ашуға қолдау көрсету және тұрақты жұмыс орындарын құру маңызды. Әсіресе ауылдық жерлерге басым­дық беру қажет. Ауылдағы азаматқа тек жәрдемақы емес, өнім өндіруге, оны өңдеуге және нарыққа шы­ғаруға мүмкіндік керек. Ол үшін өнімді сақтайтын және өңдейтін кә­сіпорындар ашу қажет. Әлеу­меттік көмектің нәтижесін алушы­лар санының азаюымен ғана баға­лауға болмайды. Сол көмекті алған отбасылардың қаншасы тұрақты жұмысқа орналасты, қаншасы өз кәсібін ашты, қаншасы кедейлік деңгейінен шықты – негізгі өлшем осы болуы керек.

Баспана – отбасының тұрақты­лығы мен қауіпсіздігінің негізі. Сондықтан тұрғын үй саясаты азаматтың атында пәтердің бар-жоғын анықтаумен шектелмеуі керек. Оның көлемі, отбасы мү­шелерінің саны, тұрғын үйдің жағ­дайы және нақты қажеттілік ес­керілуі қажет. Мысалы, көпбалалы отбасының атына шағын пәтер тіркелгенімен, ол барлық баланың қалыпты өмір сүруіне жеткіліксіз болуы мүмкін. Сол сияқты баспа­насы бар, бірақ ипотекалық міндет­темесі ауыр отбасының да қаржы­лық жағдайы күрделі болуы ықти­мал. Халықтың әл-ауқаты тек бү­гінгі табыспен өлшенбейді. Оның болашағы – дені сау, сапалы білім алған ұрпақтың қалып­тасуында.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 06:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары