Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алғыс антологиясы: Мереке мәні неде?

Алғыс антологиясы: Мереке мәні неде?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Әуелде көне түрік тілінде алғыс сөзі «алқыш» деп аталып, бүгінгідей мадақтау, ізгі тілек айту мағынасында жұмсалған. Бірақ ол қарапайым екі аяқты пенделерге айтыла бермеген. Оны ислам дінін қабылдамаған жұрттың фольклорынан анық аңғаруға болады. Мысалы «алқыш» алтайлықтарда құдіретке жүгіну мазмұнын үстесе,  сахаларда әртүрлі рух иелерін ұлықтау, қошеметтеу деген мағынада қолданылады.

Алғыс айту мерекесі Алматы облысында да кең көлемде аталды

Фольклорист ғалым Сейіт Қасқабасов осынау алғыс, қарғыс, арбау, жалбарыну сияқты магиялық қызмет атқарған фольклор үлгілері қоғамның даму барысында түрленіп, бірте-бірте жаңа сипатқа ие болғанын жазады.

Айталық, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндегі исламға қатысты ұғымдардың басым көпшілігі түрікше терминдермен берілген. Онда Алланы «Ие»,  құранды «бітік», пайғамбарды «йалауаш» деп атайды. Қашқари «Йалауашқа алқыш бергіл» тіркесін «Мұхаммедке салауат айт» деген мәнде тарқатады.

Бұл деректерден алғыстың ризашылықты жеткізу формасы ғана емес, оның сакральді мәнге ие тұтас құндылық екенін түсінеміз.

Енді алғыс айту құбылысының әлеуметтік-философиялық қырларына шолу жасап көрелік. Ерте дәуірдің ерен ойшылдары алғыс ұғымына ерекше мәнмен қараған. Сенеканың пікірінше, алғыс – рухты пенделік деңгейден көтеріп, исі адамзатпен біріктіретін құрал. Цицерон «күллі ізгі қарекеттің анасы – алғыс» деп білген. Аристотетель де алғыстың жоғарғы құндылық екенін мойындағынымен, бірақ оның «сен – маған, мен – саған» деген екіұдайлық теориясына  негізделетінін астын сызып айтады. Беруші мен алушының арасында қоғамдық қарым-қатынасты тудыратын көрінбейтін байланыс барын жеткізеді. Бұл ойды ағылшын философы Томас Гоббс те жалғастырып әкетеді. Ол алғысты бейнебір қызмет көрсету үлгісі ретінде түсінген.

Осы орайда қазақ халқының алғыс туралы түсінігі мен жоғарыдағы екі ойшылдың түсінігі арасында едәуір айырмашылық барын аңғарамыз. Асылында алғыс – қызмет көрсету үлгісі емес, оның  нәтижесі. Ол қандай нәтиже? Қолмен ұстап болмайтын, бірақ көңілмен түйсінетін, жанға жарық құятын рухани нәтиже. Ұлттық тәрбиеде алғыстан яки батадан үлкен нәрсе жоқ. Алғысын айтып, батасын берген адамнан дүниелік нәрсе дәме ету – әдепсіздік болып саналған. Халқымыздың «Алтын алма, алғыс» деп келетін мәтелінен алғыстың сакральдік мәнін байқауға болады.

Алғыс айтуға асығайық!

Философ Жан-жак Руссо «Алғыс айту — бұл өтелуі тиіс борыш, бірақ оны ешкім күтуге құқылы емес» дейді. Бүгінгі қоғамға керек сөз. Мұсылман пейіштегі рахатқа қол жеткізу үшін ғана бауырына қол ұшын созбаса, бай-бағландар атымтай жомарт атану үшін ғана жоқ-жітікті жарылқамаса «бір кем дүниенің» кетігі толар ма еді, кім білсін?

Алғыс айту күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді

Түптеп келгенде алғыс айту адамға оның жай ғана бар болғаны үшін ештеңені дәме етпей риясыз ризашылық білдіру. Оған деген айнадай көңіліңді көрсету. Ол үшін тілеулес, дұғадар болу.

Соңғы жаңалықтар

Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?

Оқиға • Бүгін, 10:47

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады

Президент • Бүгін, 10:30

Иран аятолла Хаменеидің қазасын растады: елде 40 күндік аза тұту жарияланды

Әлем • Бүгін, 10:16

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа уәде еткен автокөлігін табыстады

Қоғам • Бүгін, 10:04

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:57

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыс елдерінің көшбасшыларына қолдау жеделхаттарын жолдады

Президент • Бүгін, 09:40

1 наурызда Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Мемлекет басшысы ел азаматтарын Алғыс айту күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:05

Мемлекет басшысы Президент әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады

Президент • Кеше

Тарихи жетістік: Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс жеңіп алды

Спорт • Кеше

«Абайға құрмет»: Семейде Рәміздер алаңының құрылысы басталды

Аймақтар • Кеше

«Елімай» футбол клубына демеуші табылды

Футбол • Кеше

Алматыда IV Орталық Азия Неврологиялық форумы аяқталып келеді

Аймақтар • Кеше

«Созылмалы пәтерлер»: Жамбылда 16 мың адам тіркелген пәтерінде ешқашан тұрмаған

Аймақтар • Кеше

«Тобыл» Суперкубок иегері атанды

Футбол • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары