Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Әлімжеттік әлекке салды

Әлімжеттік әлекке салды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жыл басында Бас прокурор Берік Асылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мақ­сатында прокуратура қабылдап жатқан кешенді шараларды сөз еткен болатын. 2023 жылдан бастап Бас прокуратураның бастамасымен еліміздің барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғауға, зор­лық-зомбылық фактілерін анықтауға және уақытылы көмек көрсетуге бағыт­талған екі жоба – URPAQ пен «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жүзеге асырылып келеді. Сондай-ақ қысқа уақыт ішінде оқушылар мен мұғалімдер тара­пы­нан бұзақылық пен буллинг тура­лы 1809 хабарлама түскен. Тексеру нәти­же­лері бойынша 2023-2024 жылдары 192 адам әкімшілік жауапкершілікке тар­ты­лып, 1617 адаммен профилактикалық әң­гі­мелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бас прокуратураның құқықтық ста­тистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін елде әкімшілік құқық бұзушылық туралы код­екс­тің «кәмелетке толмағанды жәбірлеу» бойынша 184 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Ал 2025 жылдың 6 айында мұндай 202 құқықбұзушылық анықталған. Демек, салыстырмалы түрде кейінгі уа­қытта қылмыс өскен.

Мұндай жасөспірімдер арасындағы қатыгездік көбейгендігіне белгілі заңгер Мейірман Шекеев алаңдаушылықпен қарайды. Оның сөзінше, әлімжеттік жа­сап әлсіз баланы ұрып-соғу, ақша бопса­лау, күш көрсету  қалыпты жағдайға ай­нала бастаған. Мектепте көзге көрінбейтін оқушылар арасында «система» деген жүйе бар көрінеді. Ол өзі қарастырған Семей­дегі жасөспірімдер арасындағы қылмыс­тың жай-күйін мысалдап, Тараздағы мек­теп оқушысын жоғары сыныптың балалары ұрып жазым еткендігі қоғамды алаңсыз қалдырмауы керегін айтады. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушы­лықтың 127-бабына буллинг бабы енгені аз, мұны қылмыстық құқықбұзушылық деп өзгертіп, заң қатаңдатуды ұсынды.

– Әлімжеттік фактілері көбейіп ба­рады. Мектептерде жоғары сынып төменгі сыныптағыларға күш көрсететін болған. Мұны өздері «система» деп атайды. Жа­қында Таразда Мирас деген баланы өзінен бір сынып жоғары оқитын балалар дүкен алдында ұрып-соғып мерт қылды. Дәл осындай іс менде Семейде де болды. Яғни, әлімжеттікке қатысты 106-бап бой­ынша іс қозғалып, айыпкер 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Заң бойынша аса ауыр қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап көзделген. Ал жалпы қыл­мыс­тық жауапкершілік 16 жастан қарас­ты­рылған. Білуімше, әр мектепте полиция инспекторы бар, бірақ ол бәрін бақылап жүре алмайды. Әскерде қайғылы жағдай­лар бола берген соң, ең аяғында әжет­ханаға дейін бейнебақылау орнатты ғой. Сон­дықтан баланың бос уақытында қос­ымша үйірмелер ұйымдастырылып, білім ошақтарына да камералар орнатылу ке­рек. Сонымен қатар әкімшілік құқықбұзу­шылықтың 127-бабына буллинг бабы ен­гізілді. Мұнда жауапкершілік оның ата-анасына ғана жүктеледі. Ал шетелде буллинг қылмыстық жауапкершілікпен тең. Сондықтан жауапкершілікті қатаң­датсақ екен, – дейді заңгер.

Былтыр Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ш.Қодаманов ауылында бір үйдің жалғыз баласы 10 сынып оқу­шы­сын жүрек тұсынан ұрып, жазым қылды. Кінәлілер 6,5 жыл ғана арқалаған. Жуырда Жамбыл облыстық полиция деп­артаменті Шу ауданы Көкқайнар ауыл­ын­да 10 мен 11-сынып оқушылары фут­бол ойынынан соң дауласып, төбелес сал­дарынан 10-сынып оқушысы жантә­сілім еткенін мәлімдеді. Бұл басы ашыл­ған, біз білетін қылмыстың бір парасы ғана, ал ашылмаған әлі зерделенбегені қаншама?! 

Қазақстанның Еңбек Ері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Аягүл Ми­разова мәселені ұлттық саясат деңгейінде қарап, түйткілмен тыңғылықты айналысу қажет деген ой-пайымды алға тартады. 

– Әлімжеттікке мектеп те, ата-ана да, бала да кінәлі деп бөлуге болмайды. Бұл қоғам болып күресетін дерт. Мұғалімдер баласының сөзін сөйлеген ата-анадан қай­мығып баға қояды, оқушы тәрбие туралы айтпайтын болды. Ал ата-анасы балаға материалдық жағдай жасасам бол­ды деп түсінеді. Баланың жүрегінде басқа нәрсе жатқан болуы мүмкін. Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдерде балаға ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіреді, сыйластық пен құрметке үйретеді. Сон­дай-ақ қазіргі кей балалар телефоннан не­бір қатыгездікті үйреніп, өз өмірлерін қиып та жатыр. Сондықтан бала тәрбие­сіне мемлекет деңгейінде көңіл бөліп, арнайы шешім қабылдау қажет. Өйткені қазақ қоғамына саналы ұрпақ керек, – дейді ұлағатты ұстаз.

Үкімет дереккөздеріне зер салсақ, 2025 жылдың жаңа оқу жылынан бастап әрбір мектеп пен колледжге учаскелік инспектор мен жедел уәкіл бекітіліпті. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 2026 жылдың қаңтарынан бастап барлық мектепте 500 балаға 1 психолог болуға тиіс деп мәселе көтерген болатын. Оқу-ағарту министрлігі №224 бұйрыққа өзгерістер енгізіп, оқушылар саны 2 мыңнан асатын мектептерге әр қосымша 500 оқушыға бір психолог енгізуді ұсынып отыр. Бұл норманы қазір жергілікті атқарушы органдар талқылап жатыр. Осыл­ай­ша, мектептердегі тәртіп қада­ғалаушы инспектор, моральдық қысым көруді бөлісетін психолог мәселесі бір­тіндеп шешілетін сияқты. Көпшілік бұл іс аяғына дейін жетеді деп сеніп отыр.

Балалар мен жасөспірімдер ара­сын­дағы буллинг мәселесін шешу­де тұтас қоғам болып күресу керек деген пайымды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагог-психологы, PhD доктор Айгүл Ахметова қоштайды. Ол таяудағы Аустралияда 16 жасқа дейінгілерге әлеуметтік желіні шек­тегендігін мысалға келтіріп, мектеп­тегі әлеуметтік педагог, психологтардың ай­лық жалақысы мардымсыздығынан сала­да салғырттық пайда болып, толық емес отба­сы­лар көбейгендігі, отқа май құйған­мен тең деп сараптайды.

– Өзінің ортасын мектепте, үйде тап­паған жеткіншектер көшенің тәрбиесіне еліктейді. Соның салдарынан компьютер және түнгі клубтарды жағалап, әлеуметтік желіден нешетүрлінің бәрін көріп отыр. Бізде матриархалды отбасылар көбейіп, кейбір әйелдер баланы өздері тәрбиелеуге көшті. Мектептегі психологтар, әлеу­мет­тік педагогтар  жалақысы небәрі 100-150 теңге көлемінде болғандықтан, олар құ­жат толтырып қана отыр. Бұрынғыдай ұрпағына қазақи тағылым ата-әжелер институты да әлсіреді. Бірақ буллингтен шығудың жолы бар. Аустралияда 16 жасқа дейінгі жасөрендерге ғаламторды шектеді. Бұл жақсы бастама. Отбасында ер-аза­мат­тың табысына қарамай беделін көтеріп, әлеуметтік желіні шектеп, қазақтың «ұят болады» сөзінің моральдық ұғымын арттырып, үлкендер өзіміз жас ұрпаққа үлгі болсақ, мектепте де, әскерде де әлім­жеттік тыйылар еді, – деді психолог.  

Әлімжеттік мәселесі мемлекеттік дең­гей­де қаралып, заң шығарушы орган мін­бері­нен зерделеніп, Мәжіліс «Құқық бұзу­шылықтыктардың алдын алу туралы» заң қабылдапты. Қазақ қоғамын күйзелт­кен буллингтің алдын алу шаралары жөн­ін­де, адамның жүріс-тұрысына қарсы әрекеттерге барудың құқықтық салдарын көрсететін бейнероликтерді балалардың өздері жасау керек деген ой төңірегінде, әлімжеттік, бопсалау, күш көрсетуді дәр­іп­тейтін ақпараттар легін азайтпаса, бала­лардың да, бұқараның да құлағы, көзі үйре­ніп, қалыпты жағдайға айналып кетуі мүмкін деп Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ ой бөлісті.

– Мәжіліс «Құқық бұзушылықтық­тар­дың алдын алу туралы» заң қабылдады. Заңда алдын алушылықпен айналысатын субъектілердің құзыры кеңейтілді. Қо­ғам­дық тәртіптің күйі, құқықбұзушы­лық­тың себеп салдары туралы Ұлттық баян­дама жасалатын болады. Жастар арасын­дағы әлімжеттікті, күш көрсетуді азайту үшін жастармен алдын алуға бағытталған жұмыс жасау керек. Мектеп оқушылары өздері әлеуметтік жоба жасап үйрену керек. Адам­ның жүріс-тұрысына қарсы әре­кет­терге барудың құқықтық салдарын көрсе­тетін бейнероликтерді балалар жасауға тиіс. Олар өз түсінігімен, өз тіл­дері­мен балалардың ортасына әсер ете алады. Әлімжеттіктің, бопсалау, күш көр­сетуді дәріптейтін ақпараттар легін азайту керек. Бір облыста, ауданда іс болса, соны жаппай барлық ақпарат құралдары жа­рия­лай бастайды. Ондай ақпараттарға бала­лардың құлағы үйреніп, қалыпты жағдай сияқты немесе батырлық, ерлік сияқты қабыл­дайтын деңгейге жеткізіп жатыр. Мысалы, Талғар туралы көптеген ақпарат легі, енді сол ауданның балалары жү­ректі, мысты, бір­лікшіл сияқты ойды қалыптастырады, – деп түйді депутат.

Тоқетері, Оқу-ағарту министрлігі 1 қыр­күйектен бастап еліміздің барлық мек­теп пен колледждерінде отандық «Дос­бол­LIKE» антибуллингтік бағдар­ла­масы іске қосылатынын мәлімдеді. Бағ­дарламаның апробациясы еліміздің 9 өңір­індегі 50 мектепте жүргізіліп, бул­линг­тің алдын алу жүйелері құрылды. Апробация нәтижесінде ең тиімді тәжіри­белер Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жам­был облыстарының мектептерінде байқалды. Демек, әлімжеттік мәселесін ше­шуде ілгерілеу бар деген сөз.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see126

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see123

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see122

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see121

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see120

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see119

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see118

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see117

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see117

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see117

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see117

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see117

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see116

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see115

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see115

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see115

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see114

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары