Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Алматыда ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесіне бақылау күшейтіледі

Алматыда ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесіне бақылау күшейтіледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы қаласының мәслихатында коммуналдық инфрақұрылым, тұрғын үй инспекциясы, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобильділік жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Онда ҚР заңнамасындағы ауыр жүк автокөліктерінің талаптарды сақтау мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отырыста жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері қала бойынша жүк көліктерінің қозғалысын реттеу бойынша қабылданып жатқан шаралар мен ұсыныстар туралы баяндады. Мәліметтерге сәйкес, рұқсат етілген массасы 3,5 тоннадан асатын көліктердің қозғалысын шектеу көлік құралдарынан шығатын зиянды заттардың жалпы көлемін 6%-ға, ал кейбір қауіпті компоненттер бойынша 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Осындай тәжірибе Мәскеу, Санкт-Петербург, Казань, Лондон, Будапешт және Бейжің қалаларында сәтті іске асырылып келеді.

Профильдік комиссияның төрағасы, мәслихат депутаты Садир Хамраев жолдардағы шамадан тыс жүктеме мәселесі бұрыннан бар екенін және оны жүйелі шешу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қаланың қауіпсіздігі мен жолдардың сақталуы басты басымдық, алайда жүктеме нормалары жиі бұзылады, соның салдарынан жол жабыны мерзімінен бұрын тозады.

«Бүгін біз жұмыс тобын құрып, жол полициясы, көлік бақылау және жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасымен бірлескен жұмысты күшейту туралы шешім қабылдадық. БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтер ұйымдастырылып, заң талаптарын бұзатын жүргізушілер мен компаниялар анықталады», – деді депутат.

Сондай-ақ ол Алматыда жүк көліктерінің салмағын өлшейтін тек бір ғана жылжымалы станция жұмыс істейтінін айтып, көлік бақылау органдарын заманауи өлшеу құралдарымен қосымша жабдықтау қажет екенін жеткізді.

Мәслихат депутаты Руслан Идрисов қала жолдарының техникалық нормаларын сақтау маңыздылығын атап өтті.

«Қаладағы асфальт жабындысы бір оське 8 тонна жүктемеге есептелген. Біз осы норманы сақтауымыз керек. Кейбір жүк көліктері нормадан артық, 18 тоннаға дейін тасымалдайды, бұл жолдың тез бұзылуына әкеледі. Сондықтан жолдарға арнайы салмақ өлшейтін датчиктер орнатып, жүктемені автоматты түрде бақылау қажет»,-деді Руслан Идрисов.

Алматы қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев қазіргі уақытта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу тек үш магистральда, Әл-Фараби, Достық және Назарбаев даңғылдарында бар екенін хабарлады. Ол заңнамаға өзгерістер енгізіп, мұндай аймақтарды кеңейту қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасы, көлік бақылау және полиция арасында өзара іс-қимылды үйлестіретін жұмыс тобы құрылатын болды. Сонымен қатар депутаттар жолдардың жүктемесін өлшеуге арналған қосымша құралдармен жабдықтау және Алматы қаласында жүк көліктерінің қозғалысын оңтайландыру тұжырымдамасын әзірлеу бастамасын көтерді.

Бұдан былай заң талаптарының сақталуын бақылау және шамадан тыс жүктеменің алдын алу мәселелері тұрақты түрде ведомствоаралық өзара жұмыстың бір бөлігіне айналады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 11:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары