Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Алматыда үздік отандық брендтер анықталды

Алматыда үздік отандық брендтер анықталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматыда кәсіпкерлік, батыл шешімдер мен идеяларды нақты брендке айналдыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба – KazBrand реалити-байқауының финалы өтті. Жобаны Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы (ОАФҚ) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰҚП) және «Respublica» партиясының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz atameken.kz сайтына сілтеме жасап.

Фотолар: atameken.kz

Байқау көпшіліктің ерекше қызығушылығын оятты: жалпы 1100 адам тіркеліп, олардың 330-ы алдын ала іріктеуден өтті, 80 қатысушы анкета тапсырды, ал финалға 33 үздік кәсіпкер жолдама алды. Олар – еліміздің түрлі өңірлерінен келіп, франчайзинг арқылы өз бизнесін кеңейтуді мақсат еткен кәсіпкерлер.

ОАФҚ төрайымы Гүлбану Майғарина қатысушыларды құттықтап, конкурстың франчайзинг пен жалпы кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтті:

«KazBrand – жай ғана байқау емес. Бұл – идеясына сенетін, жаңа дүние жасайтын және бизнестің ережесін қайта жазатын адамдардың жолы. Бүгін мұнда қазақстандық бизнестің болашағын құратын – батыл, жүйелі, танымал болуға ұмтылған жандар жиналды» деді Г.Майғарина.

Ол бүгінде Қазақстанда 2,3 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектілері бар екенін, ал 30 мыңға жуық компанияның франшиза бойынша жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

Г.Майғаринаның айтуынша, франчайзинг – кәсіпкерлерге жылдам әрі сенімді түрде дамуға мүмкіндік беретін тиімді жол.

«Байқаудың 4 жеңімпазына құны 7 миллион теңгеден басталатын франшиза пакеті, 1 жылдық сүйемелдеу, даму стратегиясы, франшизаны сатудағы көмек, маркетингтік және заңгерлік қолдау ұсынылады», деді ол.

Қазылар құрамына белгілі кәсіпкерлер, салалық сарапшылар, депутаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Ал қазылар алқасына «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов төрағалық етті.

Жоба серіктестері де байқауды қолдап, KazBrand жаңа ұлттық брендтердің бастау алатын алаңына айналатынына сенім білдірді.

«KazBrand реалити-байқауының финалы – Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтардың нақты көрінісі: кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және ұлттық брендтердің өсуі. Ең мықтылар жеңіске жетсін!», деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

«Respublica» партиясынан Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов жоба туралы пікірін білдірді.

«KazBrand сияқты ауқымды жобаны жасау және өткізу – үлкен жауапкершілік. Мұның артында қыруар еңбек, отандық кәсіпкерлерге деген сенім және әрбір азаматқа өзін көрсетуге мүмкіндік беру ниеті тұр. Мұндай бастамалар – еркін ойлайтын, жауапкершілігі жоғары әрі жасампаз жаңа отандық бизнестің қалыптасуына жол ашады», деді депутат.

Финалистер өз жобаларын өндіріс, ритейл, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану бағыттары бойынша таныстырды. Әр кәсіпкер өз бизнес-моделін ұсынып, қазылар сұрақтарына жауап берді және кәсіби бағаларын алды.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздардың есімдері белгілі болды:

Тасқын Мырза, MYRZA BRAND (Өндіріс санаты);

Qorzhyn (Ритейл);

Әділет Серікұлы, SHOQ WEST (Қоғамдық тамақтану);

Екатерина Герасимова, «Детские сады Зайка» (Қызмет көрсету).

Олар толық дайын франшиза әзірлеу қызметін және KazBrand командасының бір жылдық сүйемелдеуін жеңіп алды. Ал арнайы номинациялардың лауреаттары Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығына тегін мүше болу мүмкіндігіне ие болды.

Арнайы номинация иегерлері: «Үздік идея» – Евгений Воронин (MagicStick электроэпиляция студиясы); «Үздік өнім» – Бағлан Анкауов (Arlan Design компаниясы); «Үздік презентация» – Рада Аубакирова (Qasietti шығармашылық орталығы) және Әлихан Рахмет (PIZZA 500 TENGE).

Жабылу рәсімінде Гүлбану Майғарина қатысушылар мен серіктестерге алғысын білдірді:

«KazBrand – шынайы ынтасымен жасалған брендтер дүниеге келетін бірегей алаң. Өз идеясына сенетін, әрдайым алға ұмтылатын және айналасына шабыт сыйлайтын әр адамға рахмет айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз Қазақстанды жарқын әрі қуатты етеді. Серіктестерімізге алғыс білдіремін! Баршаңызға табыс, жаңа жетістік және сәттілік тілеймін!», деді ол.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар KazBrand реалити-байқауын еліміздегі үздік бизнес-идеялармен танысуға, тәжірибе бөлісуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бірегей платформа ретінде бағалады. Байқаудың финалы елдегі кәсіпкерліктің дамуына деген сенім, жасампаздық және жаңашылдық рухын біріктірген маңызды оқиға болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 03:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары