Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

AMANAT партиясы: Жетісудағы білім сапасы тексеріліп, қоғамдық бақылау нәтижесі талқыланды

AMANAT партиясы: Жетісудағы білім сапасы тексеріліп, қоғамдық бақылау нәтижесі талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Талдықорған қаласында Жетісу облыстық мәслихаты, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы, облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Қожағұлқызы, Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әсет Серікқалиұлы, облыстық Білім басқармасының басшысы Даурен Хабдолданұлы, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы, сондай-ақ басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.

Кеңейтілген жиында Жетісу облысының орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытындылары қаралды. Мониторинг барысында бірқатар түйікілді мәселелер анықталып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен бақылау бағыттары туралы толық ақпарат берді.

– «Жетісу облыстық филиалының партиялық бақылауының бастамасымен, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер палатасы, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйымдар және белсенді азаматтардың қатысуымен облыс бойынша 443 білім беру мекемесіне 162 белсенді тұлғаның қатысуымен кешенді қоғамдық мониторинг жүргізілді», – дейді Арыстанғали Қадырұлы.

Мониторинг барысында анықталған басты мәселелерге:  құжат айналымы, бейнебақылау жүйесі, жол қауіпсіздігі және инфрақұрылым, қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтар, күрделі жөндеу мәселесі, асхана жұмысының ашық еместігі және диет сестра жетіспеуі, бракераж комиссияларының әлсіздігі, ыстық су және жылыту мәселесі.

Арыстанғали Қадырұлының айтуынша, Жетісу облысы бойынша 56 білім беру нысаны 30 жылдан астам күрделі жөндеуден өтпеген. Мектептерде:

- жылу, су және кәріз жүйелері тозған;

- шатыр, терезе және еден сапасы нашар;

- санитарлық тораптар ескірген;

- кей жерлерде электр жүйесі істемейді;

- асхана жағдайы нормаларға сай емес.

«Бұл жағдай білім беру процесінің қауіпсіздігі мен сапасына, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына кері әсер етеді», – деді ол.

Сонымен қатар 300-ден астам бейнекамера істен шыққаны анықталған.

Мәселен, Кербұлақ ауданы бойынша Күреңбел қазақ орта мектебінде 36 бейнекамераның 8 ғана істеп тұр, «Ай-Сана» балабақшасында 39 камераның 6 істемейді. Ақсу ауданында барлығы 1438 бейнекамераның 104 істен шыққан, Қаратал ауданындағы білім беру мекемелерінде 1 148 камераның 10-ы істен шыққан, 25 камера қосылмаған.

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы қоғамдық бақылау механизмдерін күшейтудің маңызын атап өтті.

– «Қоғамдық бақылау арқылы білім беру саласындағы проблемаларды нақты көріп, шешім қабылдауға мүмкіндік туады. Біз өңірде жүргізіліп жатқан реформаларды жалғастырып, білім сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолдаймыз», – дейді Диас Рахметұлы.

Облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Қожағұлқызы да жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі бойынша өз пікірін білдірді.

– «Депутаттық корпус тарапынан қолдау көрсетілетін болады және көтерілген мәселелер бойынша нақты бақылау орнатамыз», – деді ол.

Жиын соңында қатысушылар білім беру саласындағы қоғамдық бақылауды жүйелі түрде жалғастыру, анықталған мәселелерді жедел шешу және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде ортақ шешімдер қабылдады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 15:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары