Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

АҚШ Гренландия мен Дания өкілдерін қабылдайды. LIVE

АҚШ Гренландия мен Дания өкілдерін қабылдайды. LIVE

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бүгін Астана уақытымен сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Вашингтонда АҚШ, Дания және Гренландия өкілдері бас қосып, алып аралдың болашағына қатысты кездесу өткізеді.

Ақ үй тарапынан вице-президент Джэй Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио Дания сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді және Гренландия сыртқы істер министрі Вивиан Моцфельдті қабылдайды. Ақ үйдің маңайы әдеттегідей қарбалас болып жатқан шығар?

Дәл айтасыз, осы апта Иранға қатысты тарифтермен басталып, міне Гренландияның тағдырын шешуі мүмкін жиынға ұласып жатыр. Бейсенбіде Венесуэла өкілдерімен кездесулер болады. Дегенмен, бүгінгі Жер шарының алып аралына қатысты жиынға Дональд Трамп тікелей қатыспайды. Бұл жолы тізгінді вице президент пен мемлекеттік хатшыға берді.

2 ғасырға жуық уақыт бойы АҚШ Гренландияны Даниядан сатып ала алмай келеді. Тарихқа үңілсек, Алясканы Ресей Империясынан саудалап алғаннан кейін Вашингтонның көзі дәл сол Гренландияға түскен еді. Кейін ХХ ғасырдың басындағы соғыстар кезінде әскери базалар салып, Арктикадағы басымдыққа ие болды. 1946 жылы президент Труман алтын күйіндегі 100 млн долларға сатып алғысы келсе де Дания келіспей қойған еді. Содан бері НАТО құрылып, Дания мен АҚШ серіктес ретінде келе жатыр. Алайда Дональд Трамптың билікке келуінен бастап, Ақ үйдің көзқарасы қайта өзгерді. Берсе қолынан, бермесе жолынан дегеннің кебі келді. Дегенмен, Трамптың тегеурініне Гренландияның премьер министрі кеше былай деп ресми  жауап қатты.

Йенс-Фредерик Нильсен, Гренландияның премьер-министрі:

- Гренландия АҚШ-тың меншігі де, басқаруындағы аумақ та болғысы келмейді. Біз АҚШ құрамына кірмейміз. Біз бүгінгі өзіміз білетін, Дания Корольдігінің құрамындағы Гренландия болуды таңдаймыз. Қазір геосаяси дағдарыс кезеңін бастан өткеріп отырмыз. Егер дәл қазір АҚШ пен Данияның бірін таңдауға тура келсе, біз Данияны таңдаймыз. Біз НАТО-ны, Еуропалық одақты таңдаймыз. Бұл алауыздықтың емес, бірлікке келіп, өзіміз қалайтын ортақ болашақты бірге қалыптастыратын уақыт.

Бұл жауап батыстық БАҚ беттерінде аса батыл әрекет деп бағаланды. Журналистер де қарап жатпады. Мичиган штатынан іссапардан  келе жатқан Дональд Трамптан Гренландия премьер министрінің мәлімдемесі  жайлы не ойлайсыз дегенде былай деп жауап берді.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Бұл олардың мәселесі. Мен онымен келіспеймін. Оның кім екенін де білмейді екем. Бірақ бұл жағдай оған үлкен мәселе болғалы тұр.  

Дегенмен, даниялық сарапшылар Трамптың қалауы қауіпсіздік пен сирек минералдардан да бөлек дүние болуы әбден мүмкін дейді. Әсіресе 2026 жылғы Конгрестегі аралық сайлауда республикашылар партиясына ұпай жинау үшін де осындай әрекетке баруы ықтимал дегенді айтуда.

Миккель Рунге Олесен, Дания халықаралық зерттеулер институтының сарапшысы:

- Трамптың мұндай шешіміне MAGA ұстанымы да әсер етуі мүмкін. Яғни Американы бұрынғыдан да ұлы ету, тіпті аумақтық тұрғыда кеңейту идеясы болуы ықтимал. Трамптың АҚШ аумағын кеңейткен президент ретінде тарихта қалғысы келуі де ғажап емес. Копенгаген мен Нуук дәл осы фактордың басты мотивке айналуынан қауіптенеді. Өйткені мұндай жағдайда ымыраға келу аса қиын.  

Ал Дания билігі Дональд Трамптың сөзін байыппен қабылдап, салқынқанды шешім қабылдау керектігін алға тартады. Алайда  Вашингтон қызбалыққа салынса, трансатлантикалық қауіпсіздік ұжымы өз жұмысын тоқтадады дейді.

Метте Фредериксен, Данияның премьер-министрі:

- Егер Америка НАТО-ға мүше кез келген елге қарсы шабуыл жасаса, НАТО-ның біткен жері сол. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері қалыптасқан қауіпсіздік жүйесін толық күйретеді.  

Енді елдестірмек елшіден деген сеніммен үш елдің басты дипломаттары және АҚШ-тың Трамптан кейінгі жоғары лауазымды  саяси тұлғасы біраздан соң бас қосып, аяқ асты тұтанғалы тұрған қырғиқабақ қарым-қатынасқа нүкте қойып, бір мәмілеге келуі мүмкін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 19:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары