Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

Алматыда майор cағызға қақалып қалған қызды құтқарып қалды

Күннің суытуы мен жаңбыр: 1 қыркүйекте Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

Ақтөбеде жол жөндеуші мердігер мен әкімдік арасында дау туды

Ақтөбеде жол жөндеуші мердігер мен әкімдік арасында дау туды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қиыршық тас орнына — шлак

Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптарда жол құрылысы кезең-кезеңімен жоспарланады. Бәрін бірдей қамту мүмкін болмай, қазір жолға ең болмағанда қиыршық тас төсеуге өтініш беріліп жатыр. Қиыршық тас карьерлерден тасымалданбайды, ферроқорытпа зауытынан алынады. Табиғат жанашырлары төселіп жатқан тастың адам денсаулығына зияны болуы мүмкін екенін айтып, экологтарға ескерткенімен, жергілікті әкімдік арнайы рұқсат құжаты алынғанын айтты.

— Қиыршық тасты Астана және Алматы аудандарының әкімдіктері алып жатыр. Тас биыл жол салынбайтын тұрғын алап көшелеріне төселді. Зауыт арнайы сараптамадан өткізген сәйкестік сертификатын ұсынып отыр. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген. Сәйкестікті растау жөніндегі орган — «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Қож (шлак — ред.) қазіргі кезде тұрғындар жиі шағым түсіретін сазды жолдарға төселді.

Мердігер мен тапсырыс берушілер арасындағы дау

Ақтөбе қаласы мен жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысында, жөндеу жұмысында бірқатар сын-ескертпе бар. Кейбір іс сотқа түсті. Былтыр қалада 9 мердігерді жосықсыз деп тану үшін тапсырыс беруші шағым түсірді. Тоқтамыс хан, Станционная, Телефонная көшелерінде мердігер өз ісіне салғырт қарап, жұмысты уақытылы аяқтай алмады.

— Заречный-2, Есет батыр тұрғын алабындағы 1 А, 1 мекенжайы да бар. Мұғалжар ауданы Есет Көтібарұлы ауылына барар жол аяқталғанымен, жол жабындысында кемшіліктер анықталды. Мердігерді сотқа берді. Жолды кепілдік мерзімі аясында жасайды. Әйтеке би, Шалқар аудандарында да кемшіліктер болды. Бегімбет пен Қотыртас аумағы арасындағы жолды жаңа мердігер салады, — деді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаев.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Ақтөбе облыстық филиалы биыл 208 нысанды тексеруге алды. Жол сапасын тексеру кезінде 2 мыңнан астам сынаманы тексеруден өткізіп, 400-ге жуығы талапқа сәйкес келмей шықты.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Жол-құрылысы материалына бәрі кіреді. Бұрынғыдай нығыздық коэффициенті, асфальт-бетон, жол негізінің құрамы талапқа сәйкес келмеді. Облыста 31 асфальт-бетон зауыты болса, оның 5-і сәйкес келмей тұр, — деді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының директоры Тельман Малаев.

Оның айтуынша, талапқа сай келмесе мердігер қайта салуға міндетті. Былтыр Ақтөбе қаласы Кеңес Нокин даңғылында 3,6 шақырым қабылданбай, биыл қайта жөндеуге кірісті.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Қараша айының бірінен бастап жол құрылысы тоқтайды. Қазіргі кезде 15 күн қалды. Әрі қарай жауын-шашын болады. Егер күн ашық, ауа температурасы +5С жылы болса, құрылысқа рұқсат бар. Сонымен бірге жұмыс барысында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 14 хат жіберілді. Мердігер жұмысының қателігі, техникалық қадағалаудың дұрыс жүргізілмеуі туралы айтылды. Қадағалау болмаған соң сапа нашар. Басқармадан 8 хатқа жауап келді. Мердігерге, техникалық қадағалаушыларға айыппұл салынған. Мұндай жұмыс тек облыс орталығында емес, аудандарда да атқарылып жатыр. Негізі көп мәселе осы аудан, ауылдардан анықталады. Мұнда баратын мердігерлердің техникасы жеткіліксіз, құрылыс материалы да талапқа сай болмайды кейде. Бәрін техникалық қадағалаушыдан сұрау керек, — деді Тельман Малаев.

Ұлттық сапа орталығы ішінара қарауға міндетті. Ал жол құрылысын техникалық қадағалаушылар толық бақылап отыруы тиіс. Алайда өңірде әлі күнге дейін олардың жұмысы ақсап тұр.

Сонымен бірге Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы полициямен бірге көктем мен күзде бақылау жүргізеді. Егер ой-шұңқыры анықталса, кепілдік аясында жөндеу міндеттеледі.

Облыс жолдарына 65 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысы бойынша жол құрылысы мен жөндеуге 65 млрд теңге бөлінді. Республикалық, облыстық, қалалық және аудан бюджеттен қатар қаржы қарастырылды. Барлығы 533 шақырымдық жол жабындысы төселуі тиіс. Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаевтың айтуынша, 9 айда 520 шақырым жолдың негізі төселді және 350 шақырымға асфальт жабындысы төселді. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

— Облыстық жолдар ішінде Ақтөбе қаласы Ғазиза Жұбанова көшесіндегі қайта жаңғырту жобасы ауқымды. Жоба құны — 5 млрд теңге. Қазіргі кезде қаржы бөлінген. Сәңкібай батыр мен Тәуілсіздік көшесі аралығы ашылды. Енді Тәуелсіздік пен Мәңгілік ел көшесі арасы қолданысқа беріледі. Кейін Мәңгілік ел мен Алаш даңғылы аралығы қамтылады. Жыл соңына дейін көлік қозғалысына жол ашылады. Жоба келер жылы бітеді. Сонымен бірге Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск бағытындағы жолдың 30 шақырымында құрылыс аяқталды. Жол 2024 жылы пайдалануға берілген. Биыл белгілерді орнату жұмысы толық аяқталды. Шұбарқұдық-Қобда-Ойыл-Соль-Илецк жолының Қобда мен Ойыл арасында орташа жөндеу жұмысы басталды. Ойылдан Қобда ауданына қарай 40 шақырым жөнделіп жатыр. Жоба ауыспалы. Сол жұмыс аяқталған соң әрі қарай өзгесіне жоба дайындалады. Жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асады, — деді Есет Аманбаев.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

2024 жылдың қорытындысы бойынша жолдың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткіші 78%. Биыл жобалар іске асырылғанда бұл көрсеткішті 82% жетеді. Ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізу үшін биыл 50-ден астам жоба қолға алынған. Оған 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Алайда жол салынып жатқанымен, бір жағынан ой-шұңқыры көбейіп келеді. Оның бір себебі — жүк көліктері жүргізушілерінің тасымалдау талабын сақтамауы.

— Соңғы кезде жолдарды үлкен жүк көліктері бұзып жатыр. Төртінші, үшінші санаттағы жолдар мұндай ауыр жүк көліктеріне арналмаған. Салмағы 15-20 тонналық көліктерге жүруге болады, кейбірі 40 тоннаға дейін барады. Бұл дұрыс емес. Сол себепті Үкімет басшысы арнайы өлшеу станцияларын орнатуды тапсырды. Биыл облыстық жолдан бес нүкте таңдалды. Қазір конкурс өтіп жатыр. Ауыспалы жоба келер жылы толық іске асырылып, қосылады. Автоматты өлшеу станцияларында көлік инспекциясы жұмыс істейді. Егер салмағы рұқсат етілген талаптан ауыр болса, айыппұл салынады. Бәрі бейнебақылау камерасына түсіріледі. Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск, Шұбарқұдық-Ойыл-Соль-Илецкте, Пакровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі бар бағыты таңдалды. Бұл жерлерде карьерлер орналасқан. Мұнай мен мұнай өнімдері, кен, құрылыс материалдары тасымалданатын бағыттар. Айласын асырмас үшін сай-салаға, көпірдің жанына станция орнатылады. Көлік иелері айналып өте алмайды, — деді Есет Аманбаев.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе қаласына 22 млрд теңге

Қала тұрғындары әлі де жол азабын тартып келеді. Әсіресе көктемде көшелердегі ой-шұңқыр анық сезіледі.

— Биыл 22 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Оның ішінде 11 млрд теңгесі қалалық, 9 млрд теңгесі облыстық, 2 млрд теңгесі республикалық бюджет. Бірінші қала сыртындағы тұрғын алаптарға назар аударылды. Бауырластар 1, 2, 3, Ақжар-2, Ясное тұрғын алабы мен «Келешек мектептері» жобасы кезінде салынған мектептерге барар жолдарға асфальт төсеу, абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр, — деді Есет Аманбаев.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 41 жоба іске асырылып жатыр. Кірпішті көпірін салу, реконструкциялау жобасы келер жылы қайта жалғасса, тағы 15 жоба бойынша жол құрылысы атқарылып жатыр. Кейбірін тапсырыс беруші қабылдап үлгерді. Кейбір тұрғын алапта 15-20 көшені түгел қамту жоспарланып отыр. Сонымен бірге «Келешек мектептер» жобасы аясында салынып жатқан мектептерге апарар жол биыл түгел аяқталуы тиіс. Барлығы 9 жоба.

— Ақтөбе қаласы Жаңақоныс-4, Бауырластар-4, төменгі Қурайлы тұрғын алаптарына кіреберіс автомобиль жолы қабылданып жатыр. Ал Жаңақоныс-3 тұрғын алабынан мектепке дейінгі жол келер жылы қайта жалғасады. Қалада Заречный-1 тұрғын алабы Телефонная көшесі, Оңтүстік-батыс-1, 2 тұрғын алаптарындағы жөндеу жұмысы ауыспалы нысандарға кіреді. Ақтөбе қаласының 8 көшесі де күрделі жөндеуден өтеді. Олар: Диірменді, Суворов, Балқытушылар, Крымский, Павлов, Радистер, Металлургтер, Жұмысшылар көшелері. Биыл жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Енді тек қаражат бөлінуі қалып тұр. Орташа жөндеу жұмыстарына да ондаған көше енді, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы облыс бойынша соңғы үш жылда жолға 110 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мың шақырымнан астам автомобиль жолы жөнделді.

Тасқыннан кейін қалпына келтіру

2024 жылғы тасқында өңірде жол мен көпірлер бұзылып, қатынас қиындады. Барлығы 51 дерек тіркелді. Сол кезде жолдың бұзылуы немесе шайып кетуі салдарын қалпына келтіру үшін 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қазіргі кезде жолдар жөнделді. Тек Әйтеке би ауданы Әйке ауылындағы көпір, яғни, жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс аяқталуға жақын. Ал Ойыл ауданына кіреберіс көпір құрылысы келер жылға дейін жалғасады.

— Ойылда қазір тіреуді орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы айдың соңы, келесі айдың басында көпірге бетон қойылады. Жыл соңына дейін көпір үстімен көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін жұмыс атқарылады. Келер жылы аяқталады, — деді Есет Аманбаев.

Еске салсақ, Ақтөбеде республикалық маңызы бар жолдарға инертті материалдар тасымалданып жатыр. Биыл қысқа 33,8 мың тонна құм, 7,6 мың тонна тұз дайындалады

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 19:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see160

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see151

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see143

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see142

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see135

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see134

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30 Тамыз 2026 11:02see133

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31 Тамыз 2026 11:59see131

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

30 Тамыз 2026 15:49see129

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

31 Тамыз 2026 14:20see122

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

31 Тамыз 2026 09:06see121

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

31 Тамыз 2026 15:40see121

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

30 Тамыз 2026 18:26see120

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

31 Тамыз 2026 16:19see120

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

30 Тамыз 2026 15:23see118

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

31 Тамыз 2026 14:58see117

Алматыда майор cағызға қақалып қалған қызды құтқарып қалды

30 Тамыз 2026 12:40see115

Күннің суытуы мен жаңбыр: 1 қыркүйекте Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады

30 Тамыз 2026 11:12see115

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

31 Тамыз 2026 18:30see115

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

31 Тамыз 2026 12:01see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары