Астанада қоқыс үйіндісінен өрт шықты
Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, А.Кенжин көшесінде жиналып тұрған қоқыс пен резеңке-техникалық бұйымдар отқа оранған.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде аумақта ашық жалын мен қою қара түтін байқалған. Қызыл жалынның таралуына жол бермеу үшін өрт сөндірушілер дереу әрекет еткен.
Тілсіз жау сағат 11:00-де толықтай ауыздықталды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді», делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін елорданың Триатлон паркінде балалар алаңында өрт шыққан болатын. Құтқарушылар қызыл жалынды жедел сөндіргенімен, саябақтағы ойын алаңының біршама бөлігі жанып кеткен еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Маусым 2026 13:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















