Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Астанадағы коалиция мүшелері Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесу өткізді

Астанадағы коалиция мүшелері Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесу өткізді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Бұл әскери бөлім қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, маңызды мемлекеттік нысандарды күзетуге және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті сақтауға жауап береді. Іс-шараға 1200-ден астам сарбаз бен әскери қызметші қатысты. 

Кездесуге мерзімді әскери қызмет сарбаздары, сержанттар, офицерлер және бөлімнің басшылық құрамы қатысты. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары таныстырылып, оның мемлекеттік басқаруды жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нормалары кеңінен түсіндірілді. Құжатта мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік қағидалары айқындалып, басқару тиімділігін арттыру мен ұлттық құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударылғаны атап өтілді. 

«Жаңа Конституция жобасы қоғамның әділдікке деген сұранысына жауап береді. Құжатта 11 бөлім мен 96 бап қарастырылып, мемлекет адамға қызмет етуі тиіс деген негізгі қағида бекітілген. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентті «Құрылтай» деп атау бастамасы тарихи сабақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл жоба халық үшін жасалған маңызды құжат», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов. 

«Конституция қабылданғаннан бері оған көптеген өзгеріс енгізілілді.. Құжаттың көптеген баптары бірнеше рет қайта қаралғандықтан, қазіргі заман талаптарына жауап беретін Негізгі заңның жаңа редакциясын әзірлеу қажеттілігі туындаған. Жаңа жоба цифрландыруды дамыту, жасанды интеллект институттарын қалыптастыру, сондай-ақ Құрылтай мен Қазақстан халқы кеңесі сияқты жаңа институттарды енгізуді көздейді»,- деп өз пікірін, Астана қаласы мәслихатының депутаты Кендебай Адамбек білдірді. 

Кездесу барысында әскери қызметшілер де Конституциялық өзгерістердің маңызы туралы өз пікірлерін білдірді. Олар елдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заң үстемдігі мен тиімді мемлекеттік басқарудың рөлі ерекше екенін атап өтті. 

«Әскер – ел тыныштығының тірегі. Біз үшін Отанға адал қызмет ету – ең үлкен міндет. Әрбір жауынгер өз борышын абыроймен атқарса, ел қауіпсіздігі де берік болады. Ал референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі», – деп атап өтті кездесуге қатысқан әскери жауынгерлер. 

Кездесу қорытындысында жаңа Конституция жобасы мемлекеттілікті нығайтуға, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны атап өтілді. Бұл өзгерістер Қазақстанның тұрақты дамуына және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берік институционалдық негіз қалыптастырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 15:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары