Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты видео

Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500 ге жуық спортшы қатысып жатыр

Қостанай облысында полицей талмасы ұстап, есінен танған қызды құтқарды

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы бала өлімі үшін жол құрылыс ұйымының бас инженері сотталды

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

Әйелімді шәкіртіме үйлендірдім: заңға қайшы пікір айтқан сопыға айыппұл салынды

Непалдың бұрынғы премьер министрі наразылықтарды аяусыз басып жаншыды деген айыппен қамауға алынды

Қазақстанға шаңды дауыл, найзағай мен жаңбыр жылжып келеді 28 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде әріптесін өлтірген теміржолшы сотталды

Қорғаныс министрлігі курсанттары бағдарлама жасақтау олимпиадасында көш бастады

Күштеп сүймек болған : Алматыда ер адам автобустың ішінде бейәдеп қылық көрсеткен (ВИДЕО)

Қостанайда жасалған қуатты комбайн

Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты

Астанада Ресей оқу орындарының көрмесі өтіп жатыр

Ливанда Израиль соққысынан үш журналист қаза тапты

Ата заң түпнұсқасы тұңғыш рет мемлекеттік тілде дайындалды

Ата заң түпнұсқасы тұңғыш рет мемлекеттік тілде дайындалды

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кеше Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда жаңа Ата заң жобасын дайындау барысында келіп түскен ұсыныстар негізінде енгізілген жаңа нормалар талқыға салынды. Жаңа Конституцияның пысықталған нұсқасы республикалық референдумға шығару үшін Президентке жіберілді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жүйелі ұсыныстар енгізілді

Отырыста баяндама жасаған Мемле­кеттік кеңесші – Конституциялық комис­сия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин заңгерлер мен тіл мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жаңа Ата заң мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айнал­ғанын айтты. Жарты жыл бойы қоғам­дық талқылаулар негізінде дайын­далған жаңа Конституция мәтіні екі апта бұрын жарияланған соң, азаматтардан 10 мыңға жуық ұсыныс келіп түскенін тілге тиек еткен ол бұдан кейін де жобаға қосымша өзгерістер енгізілгенін жеткізді.

«Қойылған сұрақтарға, айтылған сын-пікірлерге комиссия мүшелері тарапынан бірден жауап я түсініктеме беріліп отырды. Осылайша, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты негізінде қоғаммен кері байланыс орнатылып, азаматтардың ұсыныс-пікірі мүмкіндігінше ескерілді», деді Е.Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, барлық жүйелі ұсыныс Конституция мәтінінен көрініс тапқан. Сондық­тан әр өңірден, түрлі саладан жиналған 130 адамнан тұратын комиссияның ашықтығы негізінде, мыңдаған азаматтың мазмұн­ды ұсыныс-пікірлерін ескере отырып әзірленген жаңа Конституция жобасын «Халықтық Конституция» деп айтуға толық негіз бар.

«Осылайша, біз мемлекет пен қоғам тұтастығының, бірлігінің жаңа үлгісін көрсеттік. Болашақта жаңа Конституция азаматтардың қолдауымен референ­думда қабылданып жатса, бұл тек құқықтық құжат емес, жалпыұлттық идея мен құнды­лықтар тұрғысынан қоғамдық бірліктің іргетасына айналарына сенім білдіргім келеді», деді ол.

Мемлекеттік кеңесші жаңа Консти­туция тұңғыш рет қазақ тілінде – мемле­кет­тік тілде әзірленіп, мемлекеттік, елдік, ұлт­тық мүдде тұрғысынан жазылғанын еске салды.

«Конституция нормаларының мәні нақтыланып, түрлі шешімдерге негіз болатын кемшіліктер жойылды. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ өте маңызды әрі күрделі жұмыстардың бір бөлігі ғана. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жаңа Ата заңның мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды», деп сөзін түйіндеді Е.Қарин. 

Тұрғын үйге қол сұқпау кепілдігі

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов ұсыныс­тар негізінде жаңа Ата заң жобасына енгізілген қосымша нормалар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, негіз­гі бағыттың бірі – тұрғын үйге қол сұғыл­маушылық кепілдігін күшейту. Ол 28-бап­тың 1-тармағында тұрғын үйден айыруға ғана емес, соттың шешімінсіз одан шығаруға да жол бер­мейтін толықтыру көзделгенін атап өтті. Тұрғын үйге баса-көктеп кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағ­дайда және көзделген тәртiппен жол берiледi.

Талдау қорытындылары бойынша жаңа Конституцияның күшіне ену және 1995 жылғы Конституцияның қол­даны­сын тоқтату мерзімдерін регла­мент­тейтін нормалар қосымша көздел­ген. Жекеле­г­ен ережелер бір палаталы Құрылтайға көшу мен оның сайлауын өткізу мәселеле­рін реттейді. Спикер нормалардың басқа бөлігі лауазымды тұлғаларды тағайындау мен жаңа мемлекеттік органдарды қалып­тастыруға қатысты екенін атап өтті.

«Конституциялық кеңес пен Консти­ту­циялық соттың бұрын қабыл­данған нормативтік қаулылары Ата заңға қай­шы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақ­тайтынын атап өткім келеді», деді Б.Нұрмұханов.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасы сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат екенін, сондай-ақ республикалық референдумға шығаруға толық дайын екенін атап өтті.

«Бірлесе және үйлесімді атқарылған жұмыстың арқасында қажетті құқықтық нормалар мен тұжырымдарды таба алдық. Олар жуырда азаматтарымыздың өмірін оң бағытта өзгертіп, мемлекетіміз бен қоғамның жаңа келбетін қалып­тастыруға ықпал етеді», деді депутат.

Оның айтуынша, жаңа Ата заң жобасы еліміздің тарихи даму жолын жан-жақты ескеріп, мемлекеттіліктің сабақтастығын айқындайды.

«Тарихшы әрі мұрағатшы ретінде мұндай ұстаным мен үшін айрықша құнды. Біз жаңа тағдырдың, ортақ бола­шақтың Конституциясын жасадық деп шынайы сеніммен айта аламын», деді А.Сарым.

Ал Мәжіліс депутаты Азат Перуашев жобадағы кәсіпкерлік құқығын қорғау, меншік нысандарының алуан түрлілігі мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ банк және коммерциялық құпияны қорғау туралы ережелер жаңа Конституциядағы өзге де жаңашыл нормалармен бірге кәсіп­кер­лердің заңды құқықтарын қор­ғауға, инвес­ти­циялық ахуалды жақсарту мен жеке биз­нестің дамуына оң әсер ететініне тоқталды.

«Елімізге жай ғана инвестиция емес, ең озық технологияларды әке­луге мүмкіндік беретін «жедел дамитын қала­ларға» ерекше мәртебе беру мүмкіндігін аса маңызды деп санаймыз. Өйткені жаңа өнімдер, тауар­лар мен қызмет түрлері пайда болғанда, оларды реттеу тетіктері әрдайым үлгере бермейді», деп атап өтті ол. 

Қоғам сұранысына жауап береді

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партия­сының төрағасы Серік Егізбаев бұл құ­жаттың елдегі өзекті қоғамдық сұра­ныс­­тарға толық жауап беретінін, азамат­тардың талап-тілегі ескерілгенін айтты.

«Талқылау барысында азаматтардан келіп түскен мыңдаған ұсыныс ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін, мемлекеттік басқарудың бағыт-бағдарын айқындайтын жаңа Конституциямызды халықтың шешіміне ұсынғалы отырмыз», деді ол.

С.Егізбаевтың айтуынша, құжаттың негізінде адам мен адами құндылықтар, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жатыр. Бұған қоса спикер «Ауыл» партиясының тарапынан респуб­лика өңірлерінде Конституция жобасын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін жеткізді.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожа­назаров өз сөзінде жаңа Конституция еліміздің әрі қарай дамуы үшін стра­тегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Құжаттың мазмұнына тоқталған ол егемендіктің иесі әрі биліктің бірден-бір бастауы халық екенін, мемлекеттің тұрақ­тылығы келісім мен ынтымаққа негіз­делетінін айтты. Оның пікірінше, бола­шақ даму бағыттары мен цифр­лық трансформацияға ерекше көңіл бө­лін­ген. Сонымен қатар ол басқару құры­­лымындағы өзгерістерге де тоқталды.

«Бір палаталы Парламент – Құрылтай қалыптастырылады, оның бақылау функциялары күшейтіледі. Партиялардың маңызы артып, олардың қоғам алдын­дағы саяси жауапкершілігі артады. Бұл қадамдар институционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған», деді депутат.

Ал Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов жаңа жобаның өңірлерде кеңінен қолдау тапқанын жеткізді.

«Жоба алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейінде мемлекет­тік дамудың іргелі бағдары ретінде «Әділетті Қазақстан» құндылығын бел­гіледі. Бұл Қазақстан Халық партиясы толық қолдайтын әлеуметтік әділдікті білдіреді. Әділетті Қазақстан – «Заң мен тәртіп» қағидатын сөзсіз ұстанатын ел; тең мүмкіндіктер елі, кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтар елі», деді ол.

Сондай-ақ депутат тарихи сабақтас­тық пен ұлттық құндылықтарға назар аударды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның преамбуласында қоғам­­дық бейбітші­лік пен орнықты даму­­дың жалғыз қолай­лы жолы ретінде этносаралық және конфессияаралық келісімге айтарлықтай көңіл бөлінген. 

Орнықты дамуды қалыптастырады

Жаңа Конституция жобасы мем­лекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахым­жанов мәлімдеді. Ол Конституция жобасы ең алдымен әділдікке, теңдікке, құқықтарды қорғау мен мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арт­тыруға бағытталғанын атап өтті.

«Қоғамдық бірлестіктердің қызмет ету еркіндігін бекіту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу аясын кеңейту нағыз азаматтық қоғамды дамытуға жол ашады. Мұндай қоғамда кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл топтар еңбек адамдарының, жастардың және әлеуметтік осал санаттағы азамат­тардың мүдделерін еркін қорғай алады. Бұл тең мүмкіндіктер мен мемле­кеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидат­тарымен тікелей байланысты», деді ЖСДП төрағасы.

Сондай-ақ отырыста баяндама жаса­ған Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев жаңа жоба біртұтас, теңдестірілген және жете пысықталған құжат екенін айтты.

«Қоғамдық және парламенттік жұ­мыс­та адамдар мемлекеттен түсінікті ережелер, бәріне бірдей қарым-қатынас пен ертеңгі күнге деген сенімділікті күтеді. Бұл үміт Ата заңда қандай құндылықтар мен қағидаттар бекітілгеніне тікелей байланысты. Ұсынылған түзетулердің мәні – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жаңа Конституцияның жобасы дәл осы логи­каға құрылған. Ол адам құқықтары кепіл­діктерінің біртұтас жүйесін қалып­тастырады және декларациялармен шектелмей, оларды қорғаудың нақты тетіктерін жасайды», деп атап өтті ол.

Саясаттанушы Марат Шибұтовтың айтуынша, конституциялық дамудың тарихи эволюциясын және қоғам мен әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, Ата заңды жаңарту – дұрыс қадам. Ол Қазақ КСР-де алғашқы Конституция 1937 жылы Одақтық Конституциядан кейін қабылданып, 40 жыл қызмет еткенін, содан кейін келесі Конституция 1978 жылы қабылданып, 1993 жылға дейін 15 жыл жұмыс істегенін еске салды.

«1993 жылғы Конституция бір жарым жыл ғана қызмет етті де, оның орнын 1995 жылғы Конституция басты. Әлеуметтік желілерде оны оқымай-ақ мақтап жататындар бар, бірақ Тәуелсіз Қазақстанда ол 1978 жылғы Конституциядан да аз жұмыс істегенін және ауқымды саяси дағдарысқа әкелгенін естен шығар­мауымыз қажет. 1995 жылғы Консти­туция – 30 жылдан аса уақыт бойы қолданыста. Бұл – 90 жылдағы барлық Ата заң арасындағы екінші ең ұзақ мерзім. Сондықтан оның ауысуы – қа­лыпты жағдай», деді М.Шибұтов. 

Республикалық референдумға шығарылады

Отырыс соңында сөз алған Конститу­циялық сот төрағасы – Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қоры­тындысын шығарды. Комис­сия мүшелері мен азаматтардың пікір­лерін ескере оты­рып, ол Ата заңды респуб­ликалық рефе­рендумға шығаруды ұсын­ды. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Э.Әзімова азаматтық және заң қауым­дастықтарының өкілдері, ғалымдар, құқықтанушылар, лингвистер, қоғамдық ұйымдардың мүшелеріне және Ата заңның тағдырына бейжай қарамай, өз ұсыныстарын білдірген мыңдаған азаматқа алғыс білдірді.

«Біз әрбір уәжді жан-жақты саралап, халық­аралық тәжірибе мен ұлт­тық мүддені өзара сабақтастыра отырып, сал­мақты шешімдер қабылдауға ұмтылдық», деді ол.

Конституциялық комиссияның миссиясы басынан бастап айқын болғанын, ол азаматтардың көпшілігінің еркін көр­сететін, құқықтар мен міндеттердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, мемле­кеттілікті нығайтып, адам құқықтары­ның кепілдіктерін қорғауға бағытталған үйлесімді, салмақты Ата заң моделін әзір­леу екенін атап өтті Э.Әзімова.

«Бірнеше отырыс барысында талқы­ланған мәтін түбегейлі жетілдіріліп, түскен ұсыныстар ескерілді. Азаматтар, заң­герлік және азаматтық қауымдастықтар, сараптамалық алаң­дардан түскен баста­малардың басым бөлігі жан-жақты талданды. Көптеген бап тікелей жобада көрініс тапса, басқалары мәтіндік нұсқада және концептуалдық шешімдерге әсер етті», деді комиссия төрағасы.

Э.Әзімованың айтуынша, Еуразия кеңістігінде мұндай жұмыс алғаш рет толық ашық режімде жүргізілді. Сон­дай-ақ ол Конституция нормативтік құқық­тық актілердің бүкіл жүйесі үшін үлгі екенін еске салды: ол бағыт-бағдарды анықтайды, базалық қағидаттарды, адам мен азаматтың басты құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттілік және ұлттық мүдделердің негіздерін бекітеді.

«Конституцияны шамадан тыс жүк­теуге болмайды. Қалған мәселелерді Парламент пен мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен құқықтық актілер арқылы реттеу көз­делген. Көп­теген идея алдағы заң шығару жұмы­сының негізіне айналып, консти­ту­ция­лық баптарды нығайтып, әрі қарай дамы­туға ықпал етеді», деп атап өтті Э.Әзімова.

Оның айтуынша, комиссия мүше­лерінің басым көпшілігі жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруды қолдады.

Э.Әзімова республикалық референ­думды өткізу әрбір азаматқа өзінің консти­ту­циялық құқығын іске асырып, жаңа Конс­титуция жобасы бойынша пікір білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жаңа Ата заң әділдік, тұрақтылық пен қоғамдық сенімнің берік негізіне айналуға тиіс. Ол мемлекеттілікті нығай­тып, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, еліміздің дамуының сенімді бағытын айқындайды», деп отырыс­ты қорытындылады комиссия төрағасы.

Соңғы жаңалықтар

Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс

Сараптама • Бүгін, 08:15

Міндет мінсіз орындалса игі

Саясат • Бүгін, 08:10

Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады

Саясат • Бүгін, 08:05

Газ саласын реттейтін құжат талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:00

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Теннис • Кеше

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Спорт • Кеше

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Спорт • Кеше

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты

Олимпиада • Кеше

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді

Ата заң • Кеше

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

27 Наурыз 2026 18:31see116

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

28 Наурыз 2026 09:48see113

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

28 Наурыз 2026 14:20see112

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

28 Наурыз 2026 09:23see112

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

28 Наурыз 2026 20:53see111

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты видео

27 Наурыз 2026 22:03see110

Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500 ге жуық спортшы қатысып жатыр

28 Наурыз 2026 20:55see109

Қостанай облысында полицей талмасы ұстап, есінен танған қызды құтқарды

27 Наурыз 2026 21:44see108

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы бала өлімі үшін жол құрылыс ұйымының бас инженері сотталды

29 Наурыз 2026 11:06see108

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

28 Наурыз 2026 09:31see108

Әйелімді шәкіртіме үйлендірдім: заңға қайшы пікір айтқан сопыға айыппұл салынды

29 Наурыз 2026 12:16see107

Непалдың бұрынғы премьер министрі наразылықтарды аяусыз басып жаншыды деген айыппен қамауға алынды

28 Наурыз 2026 11:41see106

Қазақстанға шаңды дауыл, найзағай мен жаңбыр жылжып келеді 28 наурызға арналған ауа райы болжамы

27 Наурыз 2026 18:33see106

Ақтөбеде әріптесін өлтірген теміржолшы сотталды

27 Наурыз 2026 23:23see105

Қорғаныс министрлігі курсанттары бағдарлама жасақтау олимпиадасында көш бастады

28 Наурыз 2026 15:20see105

Күштеп сүймек болған : Алматыда ер адам автобустың ішінде бейәдеп қылық көрсеткен (ВИДЕО)

28 Наурыз 2026 18:01see105

Қостанайда жасалған қуатты комбайн

28 Наурыз 2026 09:24see104

Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты

27 Наурыз 2026 18:32see104

Астанада Ресей оқу орындарының көрмесі өтіп жатыр

28 Наурыз 2026 13:27see104

Ливанда Израиль соққысынан үш журналист қаза тапты

29 Наурыз 2026 02:59see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары