Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Атырауда Даму Бала екі жылдан бері үйірмелерге жазылу мүмкіндігін шектеп отыр

Атырауда Даму Бала екі жылдан бері үйірмелерге жазылу мүмкіндігін шектеп отыр

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Даму Бала» бағдарламасы бойынша ваучерлер екі жылдан бері қолжетімді еместігі анықталды. Бағдарлама толық көлемде жұмыс істемейді, ал студиялар мен секциялар балалар санының азайғанын және іске қосылатын уақыттың белгісіз екенін айтып отыр.

«Біз бес рет облыс әкімдігіне жүгіндік. Сауал көп, бірақ нақты жауап жоқ. Тегін орындар күтіп жүрген көпбалалы ата-аналар бар», – дейді спорттық және шығармашылық секциялардың қызмет көрсетушілері. Олардың сөзінше, бағдарламаға қаржы қарастырылған, бірақ жүйе жабық, себептері түсіндірілмей отыр.

Ваучер – мемлекеттік бағдарлама арқылы баланың тегін үйірмеге баруына мүмкіндік беретін жолдама. Қызмет көрсетушілердің айтуынша, Атырауда шығармашылық бағыттағы үйірмелер екі жыл, ал спорт бағыттары бір жылдай уақыттан бері жұмыс істемейді. Балалар саны азайып, педагогтар жүктемесіз қалуда, орталықтар шығынға жұмыс істеуге мәжбүр. Ал екінші тарап – ата-аналар заңда қарастырылған үйірмелерге балаларын жаздыра алмай, ұзын-сонар кезекте тұр.

Секция жетекшілері ай сайын «жақын арада іске қосылады» деген уәде еститіндерін, бірақ жағдай өзгермейтінін айтады. Бұрын бала екі үйірмеге қатыса алса, қазір тек біреуіне ғана рұқсат беріліп отыр. Олардың пікірінше, бұл балалардың таңдауын шектеп, даму мүмкіндіктерін азайтады.

Өңірде пайда болған жаңа талаптар қосымша қиындықтар туындатып отыр. Әңгіме аумақтың көлеміне қойылатын жоғары талаптар, санитарлық және антитеррористік нормалар, сондай-ақ салалық құжаттарда жоқ жабдықтар тізімдері туралы болып отыр. Олардың айтуынша, мұндай талаптарды жеке студиялардың орындауы мүмкін емес

Бұған қоса, жеке мектептердегі бәсекелестік те әсер етуде. Бірқатар білім беру мекемелері өз үйірмелерін ашып, балаларды ең алдымен соларға жазылуға шақырады. Соның салдарынан балалар бұрынғы орталықтардан кетіп, секциялар аудиториясынан айырыла бастаған.

Мәселе республикалық деңгейге шықты. Қызмет көрсетушілер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке, Мемлекеттік кеңесшіге, Бас прокуратураға және Қаржы министрлігіне хат жолдады. Олар қазіргі пилоттық жобаны тиімсіз деп тануды, өңірде енгізілген негізсіз талаптарды алып тастауды, бұрынғы жанбасылық қаржыландыру жүйесін қайтаруды, ваучерлерді автоматты түрде таратуды және барлық өңірлер үшін бірыңғай ереже қабылдауды сұрайды.

Биыл Атырауда қызмет көрсетушілер бұрынғы Damubala.kz жүйесінен жаңа Lira платформасына ауыстырылғаны белгілі болды. Олардың айтуынша, бұл платформа толық дайын емес, қолайсыз және айқын емес.

«Мемлекеттік портал мен жүйе үнемі өзгеріп тұрады. Бізбен ештеңе келісілмейді. Келіспесек, қаржыландыруды мүлде тоқтатуы мүмкін дегенді меңзейді», – дейді қызмет көрсетушілер.

Әлеуметтік кәсіпкер және инновация, спорт және шығармашылық оқыту орталығының жетекшісі Айгерім Ракимбаева бір жылдан астам уақыт бойы шамамен жүз елу баланы, соның ішінде ерекше балаларды да тегін оқытып жүргенін айтады. «Бұрын біз “Даму Бала” бағдарламасымен жұмыс істедік. 2025 жылдың маусымынан бастап бізді Lira платформасына ауыстырды. Бізден ешкім сұраған жоқ. Жай ғана “Даму Бала” тендерде жеңілгенін, енді жаңа сайтқа өтуге міндетті екенімізді айтты», – дейді ол.

Оның сөзінше, №204 қаулыдағы пилоттық жүйе деген желеумен мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс жүйесін қайтадан мемлекеттік нысандардың өзіне беріп жатыр. Қызмет жеткізушілер қатарына спорт мектептері, оқушылар үйлері мен шығармашылық орталықтары енгізілген. Ал олар онсыз да жалдау ақысы, жалақы және коммуналдық шығындар бойынша субсидия алады.

«Бұл бәсеке емес. Бұл – теңсіздік. Бізге мектептер секілді кеңістікке, жабдыққа, өртке қарсы және санитарлық нормаларға қатысты талап қойылды. Жеке орталықтардың мұндай талаптарды орындауы мүмкін емес», – дейді ол.

А. Ракимбаева пилоттық жоба қабылданса, жүздеген үйірме жабылып, балалар сабаққа қол жеткізе алмай қалуы мүмкін екенін ескертеді.

Ол қызмет көрсетушілер митингке шықпайтынын, бірақ бірігуді маңызды деп санайтынын айтты: «Егер әрқайсымыз өз үнімізді білдірсек, бізді елейтіні сөзсіз. Бүгін шешіліп жатқан мәселе – тек бизнес емес, балалардың болашағы. Үнсіз қалсақ, ертең бізді жоқ қылуы мүмкін. Біріксек, бізді тыңдайды».

Қызмет көрсетушілер облыстық және республикалық органдардың ресми жауабын күтіп отыр. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме беруге дайын екенін хабарлады. Күтеміз.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 12:29

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 12:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары