Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Аудит нәтижесі: өңірлік ӘКК де 33,6 млрд теңге бюджет қаржысы негізсіз жұмсалғаны анықталды

Аудит нәтижесі: өңірлік ӘКК де 33,6 млрд теңге бюджет қаржысы негізсіз жұмсалғаны анықталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Тексеру ӘКК құрылымдарында проблемалар мен кемшіліктер жинақталғанын көрсетті. Мұндай жағдай олардың жұмысын тұтас үйлестіру мен регламенттеудің, Ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті реттеудің болмауына байланысты қалыптасып отыр, — делінген хабарламада.

Мәселен, ӘКК мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланбаған. Олардың даму жоспарлары номиналды сипатқа ие және сыртқы бағалауға жатпайды, ал қызметі әкімдіктердің тиімділігін бағалауға әсер етпейді.

Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы ҚР ҰЭМ уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ӘКК жұмысында тәртіп орнатуға тиіс екенін атап өтті.

— ӘКК нақты немен айналысуы керек екенін анықтап, бірыңғай тәсіл әзірлеу қажет. Оларды даму институттары дей аламыз ба? Өңірлердегі әлеуметтік рөлі қандай? Инвестиция тартуда қандай рөл атқарады? Қандай құралдарды қолдануы керек? Қарыз беруде қандай қағидаларды ұстанады? Бірыңғай ұстаным қалыптастыру қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Ол қазір ӘКК өздері қажет деп санайтын барлық мәселемен айналыса алатынын атап өтті.

— Өңірлерде өздері дұрыс деп тапқанның барлығын жасап жатыр. Көп жағдайда бұл тіпті Кәсіпкерлік кодексіне де қайшы келеді, — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес соңғы 5 жылда ӘКК-ге барлығы 528 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты берілген, оның ішінде 288 млрд теңгеден астамы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге арналған. Алайда өңірлердің дамуына әсер ететін инвестициялық жобаларды іске асырудың орнына іс жүзінде ӘКК өздеріне түсетін қаражатты банктегі депозиттерге орналастырады.

Сонымен қатар мемлекеттік қаржыландырудың өсуіне қарамастан, ӘКК жүйелі түрде шығынмен жұмыс істейді. Тексерілген ӘКК бойынша жинақталған шығын 2020 жылмен салыстырғанда 2025 жылдың басында 7 есе өсіп, 209 млрд теңгеден асып түсті.

Дивидендтер төлеу тұрақсыз сипатқа ие. Мысалы, 2024 жылға ӘКК-ден түскен жалпы сома 0,5 млрд теңгеден аз, бұл 2023 жыл қорытындысымен салыстырғанда 4 есе аз.

Аудиторлар ӘКК жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы таза коммерциялық жобаларға жиі қатысатынын атап өтті.

Мәселен, «Ертіс» ӘКК инвестициялық жобалар деген атаумен 16,6 млрд теңгеге коммерциялық тұрғын үй құрылысын іске асырып жатыр, мұнда аудит барысында 3,3 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды.

«Aqjaiyq» ӘКК-ге инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері берілген, нәтижесінде олар игерілмеген не басқа коммерциялық мақсаттарға қайта бағдарланған.

«Ақтөбе» ӘКК соңғы 3 жылда жалғыз жеке компанияның өндірісін кеңейту үшін несие берген. Тұтастай алғанда, ол мемлекеттен жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеге қарыз және субсидия алған. Ал несиені мақұлдау бойынша Жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына осы фирмаға қатысы бар тұлға қосылған, несие бұзушылықтармен әрі кепіл алмастан берілген.

«Семей» ӘКК-де жобалар қаражатты тез игеру үшін тиісті бағалаусыз және талдаусыз іріктеледі.

Тұрақтандыру қорларын тексеру барысында өнімдердің тиісінше сақталмайтыны, ассортименттің шектеулі екені, сондай-ақ тұрақтандыру қорлары сұранысы төмен тауарлардан тұратыны анықталды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өңірлік тұрақтандыру қорларын басқарудағы, сауда-сатып алу қызметіндегі және кәсіпкерлерді «айналым схемасы» бойынша кредиттеудегі тиімсіздігі оларды азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал ете алмайтындай етеді.

Мемлекеттік аудит барысында:

138 млрд теңге қаржыға қатысты құқық бұзушылық болған;

14,5 млрд теңге тиімсіз жоспарланған;

33,6 млрд теңге бюджет қаражаты мен активтердің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

14 факт бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына беру жоспарланған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 11:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see138

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see136

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see135

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see132

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see126

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see124

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see116

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see115

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see113

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see112

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see108

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see108

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see108

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see107

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see107

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see106

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары