Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Бас редакторлар клубының дөңгелек үстелінде жаңа Конституция жобасы қолдау тапты

Бас редакторлар клубының дөңгелек үстелінде жаңа Конституция жобасы қолдау тапты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, медиа саласының сарапшылары мен ардагер журналистер қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының төрағасы Бибігүл Жексенбай жүргізді:

«Сөз бостандығы — демократиялық мемлекеттің негізгі құндылығы. Жаңа Конституцияда ол бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігімен бірге нақты кепілдендірілуі тиіс.

Сонымен қатар, сөз бостандығы мен азаматтардың ар-намысы, жеке деректерінің қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдік конституциялық деңгейде айқындалуы қажет. Ал жауапкершілік құқықтық, әділ әрі теңгерімді болып, журналистік зерттеу мен қоғамдық сынға кедергі келтірмеуі тиіс.»

Дөңгелек үстел барысында 2026 жылғы конституциялық реформаның негізгі бағыттары, сөз бостандығының қазіргі мазмұны, ақпарат таратудағы жауапкершілік, жала мен ар-намыс мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі жаңа қауіп-қатерлерге құқықтық жауап беру қажеттігін атап өтті.

Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.С. Башимов, «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасы Е. Бұрахан, «Хабар» агенттігі» АҚ төрағасы К.Б. Ойшыбаев, «Qazcontent» АҚ төрағасы А. Задабек және басқа да сала өкілдері баяндама жасап, медиа кеңістіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жарыссөз барысында Алматы қаласы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарынан онлайн форматта қатысқан журналистер мен медиа басшылар өз қалаларынан қосылып, жаңа Конституция жобасына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, Алматы қаласынан медиа майталмандары мен  басшылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жиналды. Өз пікірлерін ұсынды.

Талқылау кезінде сөз бостандығының демократиялық қоғамдағы негізгі құндылықтардың бірі екені, сонымен қатар ақпарат таратудағы жауапкершілік, жалған ақпараттың алдын алу және азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке деректерін қорғау арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтау қажеттігі атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелдің резолюциясы қабылданды. Құжатта конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша медиа қауымдастықтың ұстанымы мен ұсыныстары жүйеленіп, сөз бостандығын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін және ақпарат алу мен тарату құқығын Конституцияда берік бекіту қажеттігі атап өтілді.

Резолюцияда сөз бостандығы мен ақпарат таратудағы жауапкершілік, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделі арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтау конституциялық деңгейде нақты айқындалуы тиіс екені көрсетілді. Қатысушылар жалған ақпарат пен жала жабу үшін көзделетін жауапкершілік нормалары әділ, нақты және теңгерімді болуы, сонымен қатар журналистік зерттеу жүргізуге және қоғамдық маңызы бар сын айтуға кедергі келтірмеуі қажет деген ортақ пікірге келді.

Сондай-ақ резолюцияда ақпарат таратудағы жауапкершілік, жеке өмірге қол сұқпаушылық және адамның қадір-қасиетін сақтау қазіргі ақпараттық және цифрлық дәуірдің басты конституциялық құндылықтарының бірі ретінде танылып, бұл бағыттағы нормаларды халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді ескере отырып нақтылау ұсынылды.

Құжатта бұқаралық ақпарат құралдарының конституциялық реформаны кәсіби, теңгерімді және жауапкершілікпен жариялау арқылы қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтудағы ерекше рөлі атап өтілді. Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасын одан әрі қоғамдық және сараптамалық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.   

Қабылданған резолюция Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының 2026 жылғы 9 ақпанда өткен дөңгелек үстелінің қорытынды ұстанымын білдіреді және уәкілетті мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптарға ұсыныс сипатында жолданатын болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Ақпан 2026 19:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see153

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see151

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see144

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see130

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see127

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see125

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see123

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see121

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see120

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see120

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see120

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see120

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see119

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see118

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see117

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see117

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see117

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see116

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары