Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Кимешекке көмкерілген тарих

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Бір бірін құтқармақ болған: Павлодар облысындағы фермада орын алған Төтенше жағдайға кінәлілер аталды

Бір бірін құтқармақ болған: Павлодар облысындағы фермада орын алған Төтенше жағдайға кінәлілер аталды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Павлодар облысында "Aqtogai Milk" ЖШС-нің алты қызметкерінің өліміне не себеп болғаны анықталды. Кәріз құдығына алғашқы болып сүт фермасында бағбан болып жұмыс істеген 17 жастағы мектеп оқушысы түскені белгілі болды. Осыдан кейін оны құтқару әрекеті басталып, салдарынан тағы бес адам қаза тапты. Комиссия жұмыс берушінің кінәсін 100 пайыз деп таныды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек министрлігі бұл төтенше жағдайға жұмыс беруші 100 пайыз кінәлі екенін анықтады. Тергеу барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында жұмыс істеу кезінде күкіртсутегімен уланғаны белгілі болды.

"Оған көмек көрсетуге ұмтылған басқа жұмысшылар да құдыққа кезекпен түскен. Салдарынан бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкіртсутегінің әсерінен қаза тапты", - деп хабарлады Еңбекмині.

Павлодар облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Қапановтың Tengrinews.kz-ке берген түсіндірмесі бойынша, кәріз құдығына бірінші болып кәсіпорында бағбан болып істеген 17 жастағы мектеп оқушысы түскен.

"Ол бұзылған миксерді жөндеу үшін автоматты түрде жоғары көтеру мақсатында арқан байлауға құдыққа түскен. Яғни, бірінші болып кәмелетке толмаған жұмысшы көз жұмған, содан кейін құтқару операциясы жүргізіліп, адамдар бір-бірін құтқарамын деп қаза тапқан", - деп түсіндірді Қапанов.

Бұл фото оқиға орнында, жұмысшылар түскен құдықтың қасында түсірілген. Фото: Валерий Бугаев

Төтенше жағдай себептерін Үкімет тапсырмасымен құрылған арнайы комиссия тексерді. Жұмысшылар қауіптілігі жоғары жұмыс әдістері бойынша қажетті оқудан өтпегені және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмегені анықталды.

"Сонымен қатар кәріз құдығындағы жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, оның ішінде авариялық жағдай туындап, құтқару жұмыстары жүргізілген кезде қауіпсіздіктің қажетті деңгейі қамтамасыз етілмеген. Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс беруші – "Aqtogai Milk" ЖШС-нің кінә дәрежесі 100 пайыз деп белгіленді", - деп атап өтті Еңбекмині.

Сондай-ақ ведомство арнайы тергеу барысында жауапты лауазымды тұлғалар анықталғанын хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою және болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Оқиғадан кейін Еңбекмині Павлодар облысы мен басқа да өңірлердің жұмыс берушілерін қауіптілігі жоғары жұмыстарды, соның ішінде құдықтарда, резервуарларда және басқа да жабық кеңістіктерде жұмыс істеуді бақылауды күшейтуге шақырды.

"Жұмысшыларды қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге, оларды жұмысты қауіпсіз орындау әдістеріне тиісті деңгейде оқытуға, сондай-ақ авариялық жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындауға ерекше көңіл бөлу қажет. Қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – жұмыс берушінің тікелей міндеті әрі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі шарттарының бір", - деп түйіндеді ведомство.

Сүт фермасындағы адам өліміне әкеп соққан төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Павлодар облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының мәліметінше, тергеу қылмыстық іс бойынша әрбір фигуранттың кінә дәрежесін анықтауы тиіс.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 шілдеде Павлодар облысындағы жергілікті ірі сүт кәсіпорындары бірінің аумағында болған еді.

"Оқиға орнында жедел жәрдем дәрігерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылдары туған алты ер адамның қаза болғанын растады", - деп хабарлаған болатын бұған дейін Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.

Тағы бір зардап шегуші - 38 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылған болатын.

Бұған дейін қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім компанияда ресми түрде бағбан болып жұмыс істегені және жасыл желектерді күтіп-баптағаны, сондықтан оқиға орнында болмауы тиіс екені айтылған болатын. Алайда комиссия мектеп оқушысының сүт фермасында ресми түрде жұмыс істемегенін анықтады.

"Кәсіпорынның қаза тапқан кәмелетке толмаған баламен жазбаша еңбек шарты болмаған", - деп хабарлады Павлодар облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Қапанов Tengrinews.kz-ке.

Павлодар облысында 6 адам қаза болған төтенше жағдайдан кейін депутат қамауға алынды

1 қыркүйекте кәсіпорынның бас директоры Александр Терентьев ("Aqtogai Milk" ЖШС) қамауға алынғаны белгілі болды.

Анықтама: Александр Терентьев қоғамдық-саяси қызметпен айналысады. Бірнеше шақырылымдағы Павлодар облыстық мәслихатының депутаты. Мәслихатта құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны басқарады. Депутаттық жұмысы аясында ауылдық аумақтарды дамыту, абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым, сумен жабдықтау нысандарын жаңғырту, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік жобаларды қолдау мәселелерімен айналысады. Сондай-ақ Александр Терентьев "Стальмонтаж", "Ақтоғай-Агро" және "Aqtogai Milk" компанияларының бас директоры.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see145

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see127

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see122

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see112

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see107

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see107

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары